Жаңалықтар

Еуропа қазақтарының кіші құрылтайы Елбасы құттықтауымен ашылды

Кеше Парижде өткен Еуропа қазақтарының кіші құрылтайының шымылдығын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хаты ашты. Құттықтау хатында Елбасы Еуропадағы қандастарымызды Кіші құрылтайдың өтуімен құттықтай келіп, оның Париж қаласында өтуінің маңыздылығына тоқталған. «Кіші құрылтайдың әлемдік мәдениет үлгілерін тоғыстырған Парижде өтуінің маңызы зор. Шетелдердегі қазақтардың өз атамекенін қастерлей білетіндігі осыдан көрінеді. Сіздер жырақта жүрсеңіздер де ана тілімізді ардақтап, салт-дәстүріміз бен мәдениетімізді дамытуға үлес қосып келесіздер. Қазақ елі өзінің шет елдердегі қандастарына ерекше ілтипатпен қарайды. Еуропа мемлекеттері мен Қазақстан арасына алтын көпір орнатуға мүдделіміз. Сіздер де бұл маңызды іске белсене атсалысуыңыз қажет» делінген құттықтау хатта. Қазақ елінің дамуына Еуропадағы қазақ ағайындардың да қосар үлесінің зор екенін қадап айтқан Президент «Мен былтыр «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауымды жарияладым. Жолдаудың алға қойған басты мақсаты – таяу жылдары Қазақстанды әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосу. Бұл ауқымды міндетті жүзеге асыруға біздің әлеуетіміз толық жетеді. Осы игі істен Еуропа қазақтары да шет қалмауға тиіс»,-деген сенімін алыстағы ағайынға артты.
29.05.2013 06:42 3856

Еуропа қазақтарының кіші құрылтайы Елбасы құттықтауымен ашылдыКеше Парижде өткен Еуропа қазақтарының кіші құрылтайының шымылдығын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хаты ашты.
Құттықтау хатында Елбасы Еуропадағы қандастарымызды Кіші құрылтайдың өтуімен құттықтай келіп, оның Париж қаласында өтуінің маңыздылығына тоқталған.
«Кіші құрылтайдың әлемдік мәдениет үлгілерін тоғыстырған Парижде өтуінің маңызы зор. Шетелдердегі қазақтардың өз атамекенін қастерлей білетіндігі осыдан көрінеді. Сіздер жырақта жүрсеңіздер де ана тілімізді ардақтап, салт-дәстүріміз бен мәдениетімізді дамытуға үлес қосып келесіздер. Қазақ елі өзінің шет елдердегі қандастарына ерекше ілтипатпен қарайды. Еуропа мемлекеттері мен Қазақстан арасына алтын көпір орнатуға мүдделіміз. Сіздер де бұл маңызды іске белсене атсалысуыңыз қажет» делінген құттықтау хатта.
Қазақ елінің дамуына Еуропадағы қазақ ағайындардың да қосар үлесінің зор екенін қадап айтқан Президент «Мен былтыр «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауымды жарияладым. Жолдаудың алға қойған басты мақсаты – таяу жылдары Қазақстанды әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосу. Бұл ауқымды міндетті жүзеге асыруға біздің әлеуетіміз толық жетеді. Осы игі істен Еуропа қазақтары да шет қалмауға тиіс»,-деген сенімін алыстағы ағайынға артты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға