Жаңалықтар

V бөлім

Филология ғылымының докторы Ә.Дербiсалиннiң «Дәстүр мен жалғастық» /1976/ монографиясында ақындық дәстүр мен ХХ ғасыр басындағы қазақ поэзиясының арақатынасы қарастырылса, Б.Наурызбаевтың «Қазақ прозасындағы Б.Майлин дәстүрi» /1979/ атты монографиясы да – сөз болып отырған мәселе туралы қазақ әдебиеттану ғылымындағы құнарлы зерттеулердiң бiрi болды. Ш.Елеукеновтiң «От фольклора до романа – эпопеи», «Замандас парасаты», Е.Ғабдировтiң «О национальном и интернациональном в советской литературе» еңбектерi осындай бағыт – бағдарымен ерекшелендi. Аталған еңбектердiң авторлары әдебиеттiң басты теориялық принциптерiне, халықтық дәстүр мен  жаңашылдық, жалғастық және тарихи деректер  мен көркемдiк шындық, психологиялық секiлдi iрi проблемаларына, методологиялық категорияларға тоқталып, талдаулар жасайды. Дәстүр мен әдеби процесс, дәстүрдiң жалғасу заңдылықтары  бұл проблеманың табиғатын болмысын тереңiнен қамту зерттеушi үлкен дайындықты талап етедi. Бiр әдеби кезең мен кейiнгi бiр әдеби кезең, жекелеген суреткерлер арасындағы дәстүрлiк қатынасты, творчестволық әсер және осы сипаттағы ққбылыстарды анықтау бүгiнгi әдебиет үшiн теориялық әрi практикалқ маңызы жоғары проблема болып табылады. Осы саладағы iзденiс, ғылыми тереңдiк «Дәстүр мен жаңашылдық» атты ұжымдық монографияда кең көрiнiс тапқан. Аталған еңбекте қарастырылып отырған мәселенiң iшкi мазмұны, ерекшелiгi және зерттелу аясы, даму арналары мол әдеби материалдар негiзiнде қарастырылды. «Әдебиеттiң халықтығы және дәстүр жалғастығы», «Прозадағы психологизм», «Прозадағы лиризм және тарихи дәстүр», «Повесть және қаһарман», «Образ жасаудағы iзденiстер», «Қазақ романдарындағы замандас бейнесi», «Дәстүр тағылымы – драмада», «Қазақ әдеби сыны жаңа мiндеттер алдында» атты тарауларда әдебиеттiң әр жанры саласында дәстүр дамуы, жаңашылдық секiлдi мәселе әр бағытта ашылып, жаңа тұжырымдар жасалды. Бұл дәуiрдегi әдебиеттану ғылымы мен сыны уақытпен бiрге тыныстап, талап деңгейiнен шығуға үлес қосты. С.Қирабаев «Шындық және шығарма» /1981/, «Талантқа құрмет» /1988/, Тоқбергенов Т. «Қос қағыс» /1974/, «Үш тоғыс» /1977/, «Тоғыз тарау» /1974/, Т.Ахтанов «Көкейкестi» /1980/, Ә.Нүрпейiсов «Жүрегi тола жыр едi» /1978/, З.Қабдолов. «Жебе» /1977/, Р.Бердiбаев «Қазақ тарихи романы» /1979/, «Замана сазы» /1985/ «Тарихи роман» /1997/, Ж.Дәдебаев «Шымырлап бойға жайылған» /1988/, «Өмiр шындығы және көркемдiк шешiм» /1991/, А.Егеубаев «Сыр мен сымбат» /1981/, «Сөз жүйесi» /1985/, Елеукенов Ш. «Қазақ романы және қазiргi дәуiр» /1977/, «Замандас парасаты» /1977/, «Жаңа жолдан» /1989/, «Әдебиет және ұлт тағдыры» /2001/, Ә.Кекiлбаев «Дәуiрмен бетпе – бет» /1972/, М.Мағауин «Ғасырлар бедерi» /1991/, Р.Нұрғалиев «Өнердiң эстетикалық нысанасы» /1979/, «Айдын» /1985/, З.Серiкқалиев «Ақыл таразысы» /1976/ және «Уақыт және қаламгер», «Стиль сыры», «Сөзстан», т.б. жинақтарда жанр сипаты, шығарманың көркемдiк ерекшелiгi, жазылу тарихы, характер, типтендiру т.б. мәселелер сөз болды.
29.05.2013 05:42 3816

Филология ғылымының докторы Ә.Дербiсалиннiң «Дәстүр мен жалғастық» /1976/ монографиясында ақындық дәстүр мен ХХ ғасыр басындағы қазақ поэзиясының арақатынасы қарастырылса, Б.Наурызбаевтың «Қазақ прозасындағы Б.Майлин дәстүрi» /1979/ атты монографиясы да – сөз болып отырған мәселе туралы қазақ әдебиеттану ғылымындағы құнарлы зерттеулердiң бiрi болды. Ш.Елеукеновтiң «От фольклора до романа – эпопеи», «Замандас парасаты», Е.Ғабдировтiң «О национальном и интернациональном в советской литературе» еңбектерi осындай бағыт – бағдарымен ерекшелендi. Аталған еңбектердiң авторлары әдебиеттiң басты теориялық принциптерiне, халықтық дәстүр мен  жаңашылдық, жалғастық және тарихи деректер  мен көркемдiк шындық, психологиялық секiлдi iрi проблемаларына, методологиялық категорияларға тоқталып, талдаулар жасайды. Дәстүр мен әдеби процесс, дәстүрдiң жалғасу заңдылықтары  бұл проблеманың табиғатын болмысын тереңiнен қамту зерттеушi үлкен дайындықты талап етедi. Бiр әдеби кезең мен кейiнгi бiр әдеби кезең, жекелеген суреткерлер арасындағы дәстүрлiк қатынасты, творчестволық әсер және осы сипаттағы ққбылыстарды анықтау бүгiнгi әдебиет үшiн теориялық әрi практикалқ маңызы жоғары проблема болып табылады. Осы саладағы iзденiс, ғылыми тереңдiк «Дәстүр мен жаңашылдық» атты ұжымдық монографияда кең көрiнiс тапқан. Аталған еңбекте қарастырылып отырған мәселенiң iшкi мазмұны, ерекшелiгi және зерттелу аясы, даму арналары мол әдеби материалдар негiзiнде қарастырылды. «Әдебиеттiң халықтығы және дәстүр жалғастығы», «Прозадағы психологизм», «Прозадағы лиризм және тарихи дәстүр», «Повесть және қаһарман», «Образ жасаудағы iзденiстер», «Қазақ романдарындағы замандас бейнесi», «Дәстүр тағылымы – драмада», «Қазақ әдеби сыны жаңа мiндеттер алдында» атты тарауларда әдебиеттiң әр жанры саласында дәстүр дамуы, жаңашылдық секiлдi мәселе әр бағытта ашылып, жаңа тұжырымдар жасалды.

Бұл дәуiрдегi әдебиеттану ғылымы мен сыны уақытпен бiрге тыныстап, талап деңгейiнен шығуға үлес қосты. С.Қирабаев «Шындық және шығарма» /1981/, «Талантқа құрмет» /1988/, Тоқбергенов Т. «Қос қағыс» /1974/, «Үш тоғыс» /1977/, «Тоғыз тарау» /1974/, Т.Ахтанов «Көкейкестi» /1980/, Ә.Нүрпейiсов «Жүрегi тола жыр едi» /1978/, З.Қабдолов. «Жебе» /1977/, Р.Бердiбаев «Қазақ тарихи романы» /1979/, «Замана сазы» /1985/ «Тарихи роман» /1997/, Ж.Дәдебаев «Шымырлап бойға жайылған» /1988/, «Өмiр шындығы және көркемдiк шешiм» /1991/, А.Егеубаев «Сыр мен сымбат» /1981/, «Сөз жүйесi» /1985/, Елеукенов Ш. «Қазақ романы және қазiргi дәуiр» /1977/, «Замандас парасаты» /1977/, «Жаңа жолдан» /1989/, «Әдебиет және ұлт тағдыры» /2001/, Ә.Кекiлбаев «Дәуiрмен бетпе – бет» /1972/, М.Мағауин «Ғасырлар бедерi» /1991/, Р.Нұрғалиев «Өнердiң эстетикалық нысанасы» /1979/, «Айдын» /1985/, З.Серiкқалиев «Ақыл таразысы» /1976/ және «Уақыт және қаламгер», «Стиль сыры», «Сөзстан», т.б. жинақтарда жанр сипаты, шығарманың көркемдiк ерекшелiгi, жазылу тарихы, характер, типтендiру т.б. мәселелер сөз болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға