Жаңалықтар

Бүгін – майонездің ең алғаш әзірленген күні

Осыдан 257 жыл бұрын көпшіліктің сүйікті тұздығы майонез ең алғаш әзірленген болатын.   Деректерге сүйенсек майонез 1756 жылы Маон қаласында алғаш әзірленген екен. Тұздықтың «майонез» болуы да қала атауымен сәйкес екенін французша «mayonnaise» деп аталуынан екенін көруге болады. Сол кезеңде Франция мен Англия арасында соғыс өрті өршіп тұрған еді. Ағылшындар жаулаған аймақтың бірі Ришелье герцогының қарамағында болған. Өсімдік майы, лимон және жұмыртқа ғана қалған ас үйдің аспазы көпшілікке тек қана жұмыртқа қуырып беретін болған. Бірсарынды тағамнан әбден жалыққан Ришелье аспазға жаңа тағам әзірлеуге бұйрық береді. Аспаз сұйық май негізіндегі тұздық жасауды ұйғарыпты. Бұл оқиға 1756 жылдың 28 мамырында болды деп есептелінеді. Тұздық әскердегі ерлерге ұнап, «майонез» аталып кеткен екен.  Бүгінде бұл майонез ас мәзірінде кем болса болмайтын дәмдеуішке айналды. Майонез – жоғары сапалы сұйық май, жұмыртқа сарысы, сірке су, лимон шырыны және тұз, қант, қыша сынды дәмдеуіштерден әзірленеді.  Мамандардың кеңесіне жүгінсек, күніне бір ас қасық майонез адам денсаулығына зиян келтірмейді. Ал, одан артық қолданылған тұздық бауырын зақымдайды екен. Baq.kz
28.05.2013 10:22 3866

Осыдан 257 жыл бұрын көпшіліктің сүйікті тұздығы майонез ең алғаш әзірленген болатын.  

Деректерге сүйенсек майонез 1756 жылы Маон қаласында алғаш әзірленген екен. Тұздықтың «майонез» болуы да қала атауымен сәйкес екенін французша «mayonnaise» деп аталуынан екенін көруге болады.

Сол кезеңде Франция мен Англия арасында соғыс өрті өршіп тұрған еді. Ағылшындар жаулаған аймақтың бірі Ришелье герцогының қарамағында болған. Өсімдік майы, лимон және жұмыртқа ғана қалған ас үйдің аспазы көпшілікке тек қана жұмыртқа қуырып беретін болған. Бірсарынды тағамнан әбден жалыққан Ришелье аспазға жаңа тағам әзірлеуге бұйрық береді. Аспаз сұйық май негізіндегі тұздық жасауды ұйғарыпты. Бұл оқиға 1756 жылдың 28 мамырында болды деп есептелінеді. Тұздық әскердегі ерлерге ұнап, «майонез» аталып кеткен екен. 
Бүгінде бұл майонез ас мәзірінде кем болса болмайтын дәмдеуішке айналды. Майонез – жоғары сапалы сұйық май, жұмыртқа сарысы, сірке су, лимон шырыны және тұз, қант, қыша сынды дәмдеуіштерден әзірленеді. 
Мамандардың кеңесіне жүгінсек, күніне бір ас қасық майонез адам денсаулығына зиян келтірмейді. Ал, одан артық қолданылған тұздық бауырын зақымдайды екен.

Baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға