Ең үздік дизайнер «Сочи-2014» Олимпиадасына екі жолдама алады
28.05.2013 09:24
3904
«Спортшыларды сәнді, әрі ұлттық нақышта киіндіре алатын байқау жеңімпазы Сочиде өтетін Қысқы Олимпиада ойындарына екі жолдама ұтады. Екінші және үшінші орындарға олимпиадалық киім-кешектері бар комплект беріледі»,-деді Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі агенттіктің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.
«Ванкуверде өткен Олимпиадаға Қазақстан ұлттық құрамасының киімдеріне 370 мың теңге жұмсалды. Биыл спорттық комплект 500-600 мың теңгеге тігілгеді деп жоспарлануда. Тек мемлекет қаражатын пайдаланып қоймай, демеушілерді тартуды көздеп отырмыз. Олимпиадаға 150-ге жуық спорттық киім тігіледі»,-деп толықтырды ол.
Baq.kz
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Қытай Қазақ халық дастандары» атты аудио жинақ жарық көрді
Келесі жаңалық
Қар, тұман жел: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?