Жаңалықтар

Шерхан Мұртаза-2

Тәуелсіздіктің жолы - қатты, дәмі - тәтті. Тәуелсіздік туралы Жап-жас, балаң мемлекетіміздің тәуелсіздігіне сырттан зеңбірекпен төніп тұрған қауіп, құдайға шүкір, дәл қазір жоқ. Мемлекетімізге, зарығып жеткен тәуелсіздігімізге төніп тұрған орасаң қауіп - жемқорлық парақорлық, ұрлық-қарлық! Қоғам, мемлекет, заман туралы Асфальтта туып, тас бесікте өскендер қазақтың аса қымбат жәдігерлерін тұншықтырып жатыр. Тәуелсіздік туралы Темекі тартқан әйелді сүйгенің - темекінің күліп салған күлдеуішті сүйгенмен бірдей. Әйел, ана туралы Теледидар - құдіретті күш. Ол да баяғы ертектегі дәу пері сияқты:кімнің «сиқырлы сақинасы» бар - соның құлақкесті құлы. «Адамдарды жаппай мәңгүрт ет» десе - мәңгүрт ете салады. «Жаппай иманды ет» десе - иманды ете алады. Ертеңің не болады? Әлі жеткен теледидарды билеп-төстеп, жас өскінді ұлттық қасиеттен жырақ, тілі жұтаң, мінезі жат, санасы саңылаусыз мәңгүрт қылып өсіре бере ме? Қоғам, мемлекет, заман туралы Заң - ең алдымен, иманды болуы керек. Заң туралы Жаңаның тамыры - көне. Көне мен жаңа туралы Уақыт - елеуіш: кез-келген іс-әрекетті, оқиғаны - мән-мағынасына қарай елеп-екшеп отырады. Қоғам, мемлекет, заман туралы Жер-ананың әкпе-бауыры - орман. Шыбық шаншы, тал тік! Табиғат туралы Астана - қазақтың бөлінбес бірлігінің, мәңгілік тұтастығының символы болуы шарт. Астана туралы Қазақ елі - жаралы теңбіл барыс сияқты. Ылдидан қарғып шыққан жылғы қан сорғалаған ізге толы. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс - 1986 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске жалғасты. Ел, халық туралы Өтірік мақтау - асқа у қосып берумен бірдей. Қастандық туралы Жау жаманы - жарамсақ. Жақсы мен жаман туралы Тарихи кезеңдер қайталанатын сияқты: жоғалғанды шашылғанды жинау міндеті тағы да алдымыздан шығып тұр.  Қоғам, мемлекет, заман туралы Рух азса - намыс тозады. Ар-намыс, ұят туралы Оптимист болған - жақсы, реалист болған - одан да жақсы. Жақсы мен жаман туралы Онсыз да кірленген дүниені кір басқан дүрбімен қарауға болмайды. Қоғам, мемлекет, заман туралы Тойымсыздық психологиясы: жемқорлардың жемсауы толмайды-өйткені, олар қанағат дегеннің не екенін білмейді. Қанағат-рақым туралы Не деген әділетсіздік: тұлпарды тұсап қояды да, «ал, шап» дейді. Аяғы кісендеулі ат шаба ала ма?  Әділетсіздік туралы Конституция «Мемлекеттік тіл - қазақ тілі» дейді. Рахмет. Тіл туралы Мемлекет басшыларынан бастап - жергілікті «әкімбайға» дейін қазақша сөйлемесе, оның несі мемлекеттік тіл?! Басқа-басқа, Конституцияның өтірік айтқаны - өлгені ғой. Не болмаса, Конституция қағидасын орындамай отырғандар оңбаған. Екінің бірі. Бұл - әділетсіздікке негізделген қоғамның нышаны. Қоғам, мемлекет, заман туралы Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы
28.05.2013 06:12 5411

Тәуелсіздіктің жолы - қатты, дәмі - тәтті.

Тәуелсіздік туралы

Жап-жас, балаң мемлекетіміздің тәуелсіздігіне сырттан зеңбірекпен төніп тұрған қауіп, құдайға шүкір, дәл қазір жоқ. Мемлекетімізге, зарығып жеткен тәуелсіздігімізге төніп тұрған орасаң қауіп - жемқорлық парақорлық, ұрлық-қарлық!

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Асфальтта туып, тас бесікте өскендер қазақтың аса қымбат жәдігерлерін тұншықтырып жатыр.

Тәуелсіздік туралы

Темекі тартқан әйелді сүйгенің - темекінің күліп салған күлдеуішті сүйгенмен бірдей.

Әйел, ана туралы

Теледидар - құдіретті күш. Ол да баяғы ертектегі дәу пері сияқты:кімнің «сиқырлы сақинасы» бар - соның құлақкесті құлы. «Адамдарды жаппай мәңгүрт ет» десе - мәңгүрт ете салады. «Жаппай иманды ет» десе - иманды ете алады. Ертеңің не болады? Әлі жеткен теледидарды билеп-төстеп, жас өскінді ұлттық қасиеттен жырақ, тілі жұтаң, мінезі жат, санасы саңылаусыз мәңгүрт қылып өсіре бере ме?

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Заң - ең алдымен, иманды болуы керек.

Заң туралы

Жаңаның тамыры - көне.

Көне мен жаңа туралы

Уақыт - елеуіш: кез-келген іс-әрекетті, оқиғаны - мән-мағынасына қарай елеп-екшеп отырады.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Жер-ананың әкпе-бауыры - орман. Шыбық шаншы, тал тік!

Табиғат туралы

Астана - қазақтың бөлінбес бірлігінің, мәңгілік тұтастығының символы болуы шарт.

Астана туралы

Қазақ елі - жаралы теңбіл барыс сияқты. Ылдидан қарғып шыққан жылғы қан сорғалаған ізге толы. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс - 1986 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске жалғасты.

Ел, халық туралы

Өтірік мақтау - асқа у қосып берумен бірдей.

Қастандық туралы

Жау жаманы - жарамсақ.

Жақсы мен жаман туралы

Тарихи кезеңдер қайталанатын сияқты: жоғалғанды шашылғанды жинау міндеті тағы да алдымыздан шығып тұр. 

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Рух азса - намыс тозады.

Ар-намыс, ұят туралы

Оптимист болған - жақсы, реалист болған - одан да жақсы.

Жақсы мен жаман туралы

Онсыз да кірленген дүниені кір басқан дүрбімен қарауға болмайды.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Тойымсыздық психологиясы: жемқорлардың жемсауы толмайды-өйткені, олар қанағат дегеннің не екенін білмейді.

Қанағат-рақым туралы

Не деген әділетсіздік: тұлпарды тұсап қояды да, «ал, шап» дейді. Аяғы кісендеулі ат шаба ала ма? 

Әділетсіздік туралы

Конституция «Мемлекеттік тіл - қазақ тілі» дейді. Рахмет.

Тіл туралы

Мемлекет басшыларынан бастап - жергілікті «әкімбайға» дейін қазақша сөйлемесе, оның несі мемлекеттік тіл?! Басқа-басқа, Конституцияның өтірік айтқаны - өлгені ғой. Не болмаса, Конституция қағидасын орындамай отырғандар оңбаған. Екінің бірі. Бұл - әділетсіздікке негізделген қоғамның нышаны.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға