Әлемде балалардың 25 пайызы тамаққа жарымай отыр
28.05.2013 05:13
2997
Бұл британдық Save the Children қайырымдылық ұйымының зерттеу қорытындысы, деп хабарлайды Би-Би-Си.
Баяндамада атап өтілгендей, асқа жарымай жүрген балалардың мектепте білім алуына кері әсерін тигізуі ықтимал. Жеткілікті мөлшерде тамақтанбау олардың оқу және жазу қабілеттерін тежеуі мүмкін.
Зерттеу авторларының байламынша, тоя тамақтанбау айықпас зардаптарға әкелуі мүмкін: балалардың денінде ой-қабілеттің дамуында ауытқулар болып, әлсіз болып өседі.
Ұйым әлем көшбасшыларын асқа жарымау мәселесін «үлкен сегіздіктің» маусым айындағы саммитінің күн тәртібіне енгізуге үндеуде.
ҚазАқпарат.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Заруцкийлер әулеті
Келесі жаңалық
Астанада екі ауданның әкімі тағайындалды