Заруцкийлер әулеті
АСТАНА қаласы Жалпы еңбек өтілі 126 жыл
Радио қоса қалғанда көп қайталанатын кейбір әуендер құлағымызға жетіп жатады. Соған қарап біз сағатымызды дұрыстап қойғанмен, әлгі дыбысқа мән бере бермейміз. Ал өнертапқыштар әулеті – Заруцкийлер отбасы үшін ол 1965 жылы жанұялық мамандықтың дабылы іспеттес көрінді.
Жай ғана сандарды тізбектейтін болсақ, 42 жылдық еңбек өтілі кезінде әуе толқынында 88 рет көңілді таспа жазылып, 25 рет өнертапқыштық ұсыныс болыпты. Валерий Павловичтің еңбек кітапшасына жазылған бұл мәліметтер нені білдіреді? Яғни бұл еңбекке деген адалдықты, өнертапқыштық қабілетті халық үшін пайдалана білуді, радио саласын жетілдірудегі елеулі үрдісті көрсетеді.
Валерий Павловичтің ұлдары Алексей мен Сергей де әке бағындырған биіктерді еселеуді ұйғарды. Сондықтан олар да түрлі марапаттармен қоса, Қазақтелекомның алғысына бөленді.
Дәл осындай еңбекшілер әулеті ұлттық әлеуметтік саясатымыздың тұрақтылығы мен сындарлылығының кепілі. Бұл жаһандық түйткілдер жағдайында мемлекеттің тұрақты дамуы үшін аса маңызды. Мемлекет басшысы өзінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында өз ісінің осындай қас шеберлері жайында айтып өткен болатын. Еңбек адамы, өнертапқыштар, біздің республикамыздың әрбіз азаматы үшін бой түзейтін үлгі болуы тиіс.
«Тұтынудың бұл идеологиясы бүлдіруші болғанына бүгін бүкіл әлем ерекше көз жеткізіп отыр. Ол әлемнің дамыған елдерінде жаппай әлеуметтік масылдық туындатты және жаһандық дағдарыстың басты себептерінің бірі болып табылады. Тек бүкіл әлемде ғана емес, сондай-ақ тіпті дамыған елдерде жүзеге асырылуы мүмкін болмайтын бұл жалған идеяға сындарлы балама табуға болады. Және мұндай балама Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясы болып табылады», - делінген Елбасы мақаласында.