Жаңалықтар

Қазақстан Темір Жолы

Соңғы редакциялау: 22 қазан 2012 «ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫ» (“ҚТЖ”) – Қазақстанның ірі темір жол кәсіпорны. Реcп. мемл. т. ж. кәсіпорындары – Алматы, Тың, Бат. Қазақстан т. ж. басқармаларын біріктіру негізінде 1997 ж. 31 қаңтарда респ. мемл. кәсіпорын ретінде құрылды. 2003 жылдан ұлттық компания. Құрылтайшысы және мемл. меншік құқығы субъектілерінің міндеттерін атқарушы – ҚР Көлік және коммуникациялар мин. “ҚТЖ”-ның негізгі міндеттері – ҚР-нда т. ж. арқылы жолаушылар мен жүк тасымалдау. Ол өзінің қызметін ҚР-ның қолданыстағы заңдары мен өзінің жарғысы негізінде, басқарудың экон. әдістері мен тасымалдау процесін бір орталықтан басқаруды ұштастыра отырып жүзеге асырады. Оның қаржы және өндірістік қызметі шаруашылық негізге құрылған. “ҚТЖ” құрамында бөлімшелер құқығындағы құрылымдық бөлімшелерден басқа заңды тұлға мәртебесі берілген мемл. еншілес кәсіпорындар жұмыс істейді. “ҚТЖ”-на қарасты т. ж. торабының негізгі бөлігі (97,5%) Қазақстанның, қалған бөлігі (2,5%) Ресеймен шекаралас аудандардың аумағында орналасқан. Республиканың солт. және орт. облыстарының аумағынан 5732 км жол өтеді, мұның өзі “ҚТЖ”-ның қарамағындағы жолдардың бүкіл пайдалану ұзындығының 42%-ын құрайды. Елдің оңт. және шығыс аудандарында 3992 км (29,3%), батыс аударында 3577 км (26,2%) т. ж. желісі тартылған. 351 ст-да жүк операциялары жүргізіледі. 21 ст-да автоматтандырылған басқару жүйесі бар, 38 ст. сұрыптау құрылғыларымен, 6 ст. жүк және пойыз құжаттарын жөнелтетін пневматик. поштамен жарақтандырылған. Локомотив шаруашылығының техникасымен жарақтануын мақсат-міндеттеріне, тартым тұрпатына қарай топтастырылған локомотив деполары, сондай-ақ, тех. күтім жасайтын, локомотивтерді экипаждайтын, жуатын бекеттер қамтамасыз етеді. 2000 ж. “ҚТЖ”-нда 18 жөндеу, 28 айналымдық локомотив депосы, локомотивтерді жөндейтін 5 ӨК, 41 тех. күтім жасау бекеті, 61 экипаждау бекеті, 3 жуу бекеті болды. Локомотив паркі – 1863 локомотив, соның ішінде 730 тепловоз, 617 электровоз, 516 маневрлік тепловоз. “ҚТЖ”-ның вагон шаруашылығында 16 депо, 4 вагон жөндеу кооперативі, жүк вагондарына күтім жасайтын 90 бекет, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін бақылайтын 56 бекет пен бақылау орны, жолда жүрген вагондардың ақауларын анықтайтын 188 бақылау орны жұмыс істейді. Жүк вагондарының паркі 2001 ж. 1 қаңтарда 85 818 вагон болды. 1997 – 2001 ж. “ҚТЖ” ақпараттық технологиялар мен диспетчерлік орт. жүйесін енгізді. 1997 жылдан бастап 100-ден астам жаңа өндірістік салалық кәсіпорындар құрылды, оларда 13 мыңнан астам адам жұмыс істейді. 2001 ж. жолаушылар айналымы 10 млрд. 383 млн. жолаушы-км, тарифтік жүк айналымы 135 млрд. 652 млн. т-км (108,5%) болды. 2001 ж. жүк тиеу көл. 165,1 млн. т (105,6%). Мемл. үшін маңызы зор өнім түрлерін тасымалдау көлемі ұлғайды: 77,9 млн. т тас көмір (105%), 19,8 млн. т мұнай және мұнай өнімдері (111,6%), 10,2 млн. т түсті кентас (169,2%), 1,3 млн. т-дан астам хим. және минералдық тыңайтқыш, 9,7 млн. т құрылыс жүгі (128,9%), 1,4 млн. т цемент (147,6%) тиелді. Қазіргі таңда “ҚТЖ”-да 130 мыңға жуық адам жұмыс істейді, жылына республикадағы бүкіл жүк айналымының 70%-ын, жолаушылар тасымалының 60%-ын қамтамасыз етеді, республиканың мемл. бюджеті мен жалпы ішкі өнімінің құралуында елеулі рөл атқарады. “ҚТЖ” мүлкінің құны 1999 жылмен салыстырғанда 2000 ж. 920 млн. долл-ға, айналымнан тыс өзге активтері – 118 млн. долл-ға, ағымдағы активтері 220 млн. долл-ға көбейді. “ҚТЖ” өзінің аумағынан өтетін халықар. т.ж дәліздерін дамытуда. ЭСКАТО-ның (БҰҰ-ның Батыс Азияға арналған экон. және әлеум. комиссиясы) жіктемесіне сәйкес олар мыналар: Трансазия т. ж-ның солт. дәлізі, Қазақстан шегінде ол Достық–Петропавл телімін құрайды; Трансазия т. ж-ның орт. дәлізі, Қазақстан шегінде ол Достық–Шеңгелді телімін құрайды; Орта Азия коридоры дәлізі – Озинки–Елек–Шеңгелді телімі; Батыс дәлізі – Ақсарай–Бейнеу–Ақтау айлағы; Солт.-Оңт. дәлізі, Қазақстан аумағында Озинки – Қандыағаш – Мақат – Бейнеу – Маңғышлақ – Өзен – Қазанжық телімі арқылы өтеді; ТРАСЕКА (Еуропа–Кавказ–Азия көлік дәлізі), Қазақстан аумағында Достық–Ақтау айлағы және Достық–Шеңгелді телімі арқылы өтеді.  А. Омаров, М. Көбдіков Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том
09.11.2012 04:24 10748

Соңғы редакциялау:

22 қазан 2012

«ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫ» (“ҚТЖ”) – Қазақстанның ірі темір жол кәсіпорны. Реcп. мемл. т. ж. кәсіпорындары – Алматы, Тың, Бат. Қазақстан т. ж. басқармаларын біріктіру негізінде 1997 ж. 31 қаңтарда респ. мемл. кәсіпорын ретінде құрылды. 2003 жылдан ұлттық компания. Құрылтайшысы және мемл. меншік құқығы субъектілерінің міндеттерін атқарушы – ҚР Көлік және коммуникациялар мин. “ҚТЖ”-ның негізгі міндеттері – ҚР-нда т. ж. арқылы жолаушылар мен жүк тасымалдау. Ол өзінің қызметін ҚР-ның қолданыстағы заңдары мен өзінің жарғысы негізінде, басқарудың экон. әдістері мен тасымалдау процесін бір орталықтан басқаруды ұштастыра отырып жүзеге асырады. Оның қаржы және өндірістік қызметі шаруашылық негізге құрылған. “ҚТЖ” құрамында бөлімшелер құқығындағы құрылымдық бөлімшелерден басқа заңды тұлға мәртебесі берілген мемл. еншілес кәсіпорындар жұмыс істейді.

“ҚТЖ”-на қарасты т. ж. торабының негізгі бөлігі (97,5%) Қазақстанның, қалған бөлігі (2,5%) Ресеймен шекаралас аудандардың аумағында орналасқан. Республиканың солт. және орт. облыстарының аумағынан 5732 км жол өтеді, мұның өзі “ҚТЖ”-ның қарамағындағы жолдардың бүкіл пайдалану ұзындығының 42%-ын құрайды. Елдің оңт. және шығыс аудандарында 3992 км (29,3%), батыс аударында 3577 км (26,2%) т. ж. желісі тартылған. 351 ст-да жүк операциялары жүргізіледі. 21 ст-да автоматтандырылған басқару жүйесі бар, 38 ст. сұрыптау құрылғыларымен, 6 ст. жүк және пойыз құжаттарын жөнелтетін пневматик. поштамен жарақтандырылған. Локомотив шаруашылығының техникасымен жарақтануын мақсат-міндеттеріне, тартым тұрпатына қарай топтастырылған локомотив деполары, сондай-ақ, тех. күтім жасайтын, локомотивтерді экипаждайтын, жуатын бекеттер қамтамасыз етеді. 2000 ж. “ҚТЖ”-нда 18 жөндеу, 28 айналымдық локомотив депосы, локомотивтерді жөндейтін 5 ӨК, 41 тех. күтім жасау бекеті, 61 экипаждау бекеті, 3 жуу бекеті болды. Локомотив паркі – 1863 локомотив, соның ішінде 730 тепловоз, 617 электровоз, 516 маневрлік тепловоз. “ҚТЖ”-ның вагон шаруашылығында 16 депо, 4 вагон жөндеу кооперативі, жүк вагондарына күтім жасайтын 90 бекет, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін бақылайтын 56 бекет пен бақылау орны, жолда жүрген вагондардың ақауларын анықтайтын 188 бақылау орны жұмыс істейді. Жүк вагондарының паркі 2001 ж. 1 қаңтарда 85 818 вагон болды.

1997 – 2001 ж. “ҚТЖ” ақпараттық технологиялар мен диспетчерлік орт. жүйесін енгізді. 1997 жылдан бастап 100-ден астам жаңа өндірістік салалық кәсіпорындар құрылды, оларда 13 мыңнан астам адам жұмыс істейді. 2001 ж. жолаушылар айналымы 10 млрд. 383 млн. жолаушы-км, тарифтік жүк айналымы 135 млрд. 652 млн. т-км (108,5%) болды. 2001 ж. жүк тиеу көл. 165,1 млн. т (105,6%). Мемл. үшін маңызы зор өнім түрлерін тасымалдау көлемі ұлғайды: 77,9 млн. т тас көмір (105%), 19,8 млн. т мұнай және мұнай өнімдері (111,6%), 10,2 млн. т түсті кентас (169,2%), 1,3 млн. т-дан астам хим. және минералдық тыңайтқыш, 9,7 млн. т құрылыс жүгі (128,9%), 1,4 млн. т цемент (147,6%) тиелді. Қазіргі таңда “ҚТЖ”-да 130 мыңға жуық адам жұмыс істейді, жылына республикадағы бүкіл жүк айналымының 70%-ын, жолаушылар тасымалының 60%-ын қамтамасыз етеді, республиканың мемл. бюджеті мен жалпы ішкі өнімінің құралуында елеулі рөл атқарады. “ҚТЖ” мүлкінің құны 1999 жылмен салыстырғанда 2000 ж. 920 млн. долл-ға, айналымнан тыс өзге активтері – 118 млн. долл-ға, ағымдағы активтері 220 млн. долл-ға көбейді. “ҚТЖ” өзінің аумағынан өтетін халықар. т.ж дәліздерін дамытуда. ЭСКАТО-ның (БҰҰ-ның Батыс Азияға арналған экон. және әлеум. комиссиясы) жіктемесіне сәйкес олар мыналар: Трансазия т. ж-ның солт. дәлізі, Қазақстан шегінде ол Достық–Петропавл телімін құрайды; Трансазия т. ж-ның орт. дәлізі, Қазақстан шегінде ол Достық–Шеңгелді телімін құрайды; Орта Азия коридоры дәлізі – Озинки–Елек–Шеңгелді телімі; Батыс дәлізі – Ақсарай–Бейнеу–Ақтау айлағы; Солт.-Оңт. дәлізі, Қазақстан аумағында Озинки – Қандыағаш – Мақат – Бейнеу – Маңғышлақ – Өзен – Қазанжық телімі арқылы өтеді; ТРАСЕКА (Еуропа–Кавказ–Азия көлік дәлізі), Қазақстан аумағында Достық–Ақтау айлағы және Достық–Шеңгелді телімі арқылы өтеді.

 А. Омаров, М. Көбдіков

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға