«Қазақстан темір жолы», «Қазмедиа орталығы»
«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының ғимараты
Қазақстан Республикасындағы қазіргі күнгі осы ең биік зәулім, салыстырмалы түрде алғанда, қысқа мерзімде салынды. Құрылыс жұмысы 2009 жылғы шілде айында аяқталды. Архитектуралық стилі бойынша Көлік және коммуникация министрлігінің қызмет үйімен сабақтас. Мұнда да Еуропа мен Азияның, сондай-ақ Скандинавия елдерінің осы заманғы сәулет өнерінің жетістіктері ескерілген, республиканың, оның ішінде Астананың ауа райына, жер жағдайына сәйкестендірілген. Классикалық үлгі хайтек мәнерімен сәтті ұштастырылғаны айқын аңғарылады. Заңғарлығымен және сыртқы көрінісімен жаңа қаладағы бойшаң ғимараттармен жарасымдылық тапқан, іскерлік орталығына жаңаша мазмұн беріп тұрғандай.
Ғимаратты шаһар ішіндегі ықшам қала деуге де болады. Жер табанынан алғандағы биіктігі 175 метр. 37 және 40 қабатты қос заңғар егіз алыптар секілді осы маңдағы барлық құрылыстардың үстінен қарап тұр. Маңдай алды қақпадан кіріп келгенде өзгеше бітімді құрылыс орамына тап болғандай әсерде қаласың.Қарсы бетте және қос қапталда көп қабатты, негізінде өзара тұтас, қараған көзге дербес ғимараттар жарыса еңселенеді. Ғимаратта жол кестесін реттейтін автоматтандылырған басқару орталығы орналасқан (АкУП) сол арқлы жүк және жолаушылар тасымалы үйлестіріледі. Мамандар негізгі бағыттарда жөңкіліп жатқан темір жол сотавтарының қозғалысын реттейді, вагондар мен локомотивтердің дұрыс бөлінуін және оңтайлы пайдалауын бақылайды. Жолдың сапасын да тәулік бойы анықтай алады. Мұны аз десеңіз, дәл осы жерде республиканың темір жол қызметі ТМД елдерімен, сондай-ақ Балтық жағалауы мемлекеттерімен үйлестіріледі. Қазіргі кезеңге компьютерлік-техникалық, инженерлік мұндай басқару жүйесі бізбен қанаттас жұрттардың көбінде жоқ.
Ғимаратты қызмет пен тұрмыстық талаптар қатар ойластырылған тұтас жүйе деуге толық негіз бар. Осында кафелер мен ресторан, спорт комплексі, түрлі сауда орындары орналасқан. Жерасты қабатында автотұрақ бар.
Ұлттық компания осынай еңселі құрылыс арқылы Астанаға ерекше кескіндегі архитектура ғажабын сыйға тартты.
«Қазмедиа орталығы»
Бұл телерадиоарналардың кеңістікте сапалы және бәсекеге қабілетті өндірісінде ағымдағы және келешектегі барлық талаптарын қанағаттандыруға мүмкіндік туғызатын, мемлекеттік хабарлар тарататын басты технологиялық алаң. Жаңа кешенге «Хабар», «Caspionet», «Қазақстан», «Балапан», «Мир» мемлекетаралық телерадиокомпаниясы», «Первый канал Евразия», «Мәдениет» телеарналары, «Қазақ радиосы», «Шалқар» және «Астана» радиолары орналасады. Сондай-ақ телеорталықта «Білім» және «Хабар-24» тақырыптық арналарының редакциялары жұмыс істейді.
Медиа орталықта бүкіл қаладағы кварталдарды, көшелер мен үйлерді телевизиялық декорациясын жасауға, телевизиялық бағдарламалар мен жаңалықтарды түсіру үшін студияны құрастыруға мүмкіндік беретін телевизиялық сериалдар өндірісі үшін аппараттық-студия орнатылған. Кешенде симфониялық оркестрде орындалатын шығармаларды жазып алуға арналған, киноконцерт кешенімен, халықаралық деңгейдегі іс-шараларды өткізу үшін синхронды аударма жүйесімен жабдықталған үлкен концерт залы орналасқан.
Ал 22-қабатында қаланың панорамалық көрінісін пайдалана отырып, тікелей эфир жүргізетін және бағдарламаларды жазуды ұйымдастыруға қолайлы екі панорамалық студия (SkyStudio) тәулік бойы радиохабарларын тарату және аудиоконтент кешені, спутниктік телепром орналасқан. «Қазмедиа орталығының» барлық технологиялық алаңы әлемдік жетекші өндірушілердің жаңа өнімдерімен жабдықталған. Кешеннің өндірістік базасын бірыңғай заманауи технологияға және айқындығы жоғары (HD) форматқа сай келтірілген.
Дереккөзі: «Астана» кітап-альбомы (классикалық энциклопедия, 2012 ж)