Жаңалықтар

Назарбаев университеті

Назарбаев университеті өз алдына инновациялық зерттеу қызметін жүргізуге бағытталған қуатты және заманауи ғылыми инфрақұрылымы бар университет. Бірігей білім ордасында үш зерттеу орталығы және Халықаралық инструменталдық орталығы бар. Олар озық ғылыми зерттеулерді өткізу үшін ең жаңа зертханалық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Сондай-ақ мұнда алты факультет – бакалавриат бағдарламасы бойынша – инженерия, жаратылыстану, гуманитарлық ғылымдар мектебі, магистратура және PhD бағдарламасы бойынша мемлекеттік саясат және бизнес мектебі ашылған. Назарбаев университеті елорданың сол жағалауында, қаланың экологиялық таза бөлігінде, 80 гектар алқапта орналасқан. Ғимараттар мен құрылыстың 143 мың шаршы метрді құрайтын аумағына университеттің ғимараты, студенттерге арналған жатақхана, профессор-оқытушылардың құрамы үшін тұрғын үй, қосымша ғимараттар мен басқа да құрылыстар кіреді. Осы университеттің құрылуы қазақстандық жастрадың елден тыс жерлерге асықпай-ақ, әлемдік стандарттарға сай білім алуына мүмкіндік беріп отыр. Мұнда студенттер ақпараттық коммуникация технологиялары, ғарыш, нанотехнология мен компьютерлік инжиниринг мамандықтары бойынша білім алады. Университетте сабақ тек ағылшын тілінде жүргізіледі. АҚШ, Канада, Ресей, Ұлыбритания, Түркия, австралия, Қытай, Сингапур, Армения, Малайзия мен Италиядан келген атақты профессорлар дәріс береді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен ашылған шаңырақта елдің нағыз интелектуалды элитасы тәлім алып жатыр деуге толық негіз бар. Небәрі 17-19 жас шамасындағы өрімдей жастар тек білім алып қана қоймай, қазірден бастап ғылым дамуының бел ортасында жүр. Назарбаев университеті жанындағы өмір туралы ғылыми орталықтың мамандары адам өмірін ұзартатын өнім ойлап тауып, тыңнан түрен салды. Аты «Нәр» деп аталады. Құрамына ағзаны тазартып, қуаттандыратын заттар қосылған сусынды ұзақ өмір сүрудің бір факторы ретінде қарастыруға болады. сусын пробиотикалық консорциум, инулин, алма пектині, коллаген, эластин, табиғи сүт, шұбат сияқты өнімдерден дайындалған. Өнімнің авторлары «Нәрді» ұдайы ішіп отырса, биоөнімнің адам  өмірін 10-15 жылға дейін ұзартуға қауқарлы екенін айтады. Елбасының «интеллектуалды ұлт» қалыптастыру жолындағы алғашқы қадамдарының бірі іспетті болған бұл білім шаңырағы небәрі екі жыл ішінде озық ойлардың ордасына айналып үлгерді. Университетте жалпы саны 1477 студент білім алып жүр. Оның 511-і – Foundation, яғни, дайындық курсында, 510-ы – 1 курста, 456-сы 2 курста оқиды; Университеттегі 100-ге тарта оқытушылар мен ғалымдар - «Болашақ» бағдарламасының түлктері; Бүгінгі күні университет қабырғасында 40-тан астам ғылыми жоба бойынша зерттеулер жүргізуді қолға алған. Олардың жалпы құны шамамен 12 млн теңге болады. Университет кітапханасының қорында 30 мыңнан астам кітап, 1 миллионнан астам ғылыми мақалалар, журналдар, электронды кітаптар бар.   Дереккөзі: «Астана» кітап-альбомы (классикалық энциклопедия, 2012 ж)
27.05.2013 05:25 4042

Назарбаев университеті өз алдына инновациялық зерттеу қызметін жүргізуге бағытталған қуатты және заманауи ғылыми инфрақұрылымы бар университет. Бірігей білім ордасында үш зерттеу орталығы және Халықаралық инструменталдық орталығы бар. Олар озық ғылыми зерттеулерді өткізу үшін ең жаңа зертханалық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Сондай-ақ мұнда алты факультет – бакалавриат бағдарламасы бойынша – инженерия, жаратылыстану, гуманитарлық ғылымдар мектебі, магистратура және PhD бағдарламасы бойынша мемлекеттік саясат және бизнес мектебі ашылған.

Назарбаев университеті елорданың сол жағалауында, қаланың экологиялық таза бөлігінде, 80 гектар алқапта орналасқан. Ғимараттар мен құрылыстың 143 мың шаршы метрді құрайтын аумағына университеттің ғимараты, студенттерге арналған жатақхана, профессор-оқытушылардың құрамы үшін тұрғын үй, қосымша ғимараттар мен басқа да құрылыстар кіреді. Осы университеттің құрылуы қазақстандық жастрадың елден тыс жерлерге асықпай-ақ, әлемдік стандарттарға сай білім алуына мүмкіндік беріп отыр.

Мұнда студенттер ақпараттық коммуникация технологиялары, ғарыш, нанотехнология мен компьютерлік инжиниринг мамандықтары бойынша білім алады. Университетте сабақ тек ағылшын тілінде жүргізіледі. АҚШ, Канада, Ресей, Ұлыбритания, Түркия, австралия, Қытай, Сингапур, Армения, Малайзия мен Италиядан келген атақты профессорлар дәріс береді.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен ашылған шаңырақта елдің нағыз интелектуалды элитасы тәлім алып жатыр деуге толық негіз бар. Небәрі 17-19 жас шамасындағы өрімдей жастар тек білім алып қана қоймай, қазірден бастап ғылым дамуының бел ортасында жүр.

Назарбаев университеті жанындағы өмір туралы ғылыми орталықтың мамандары адам өмірін ұзартатын өнім ойлап тауып, тыңнан түрен салды. Аты «Нәр» деп аталады. Құрамына ағзаны тазартып, қуаттандыратын заттар қосылған сусынды ұзақ өмір сүрудің бір факторы ретінде қарастыруға болады. сусын пробиотикалық консорциум, инулин, алма пектині, коллаген, эластин, табиғи сүт, шұбат сияқты өнімдерден дайындалған. Өнімнің авторлары «Нәрді» ұдайы ішіп отырса, биоөнімнің адам  өмірін 10-15 жылға дейін ұзартуға қауқарлы екенін айтады.

Елбасының «интеллектуалды ұлт» қалыптастыру жолындағы алғашқы қадамдарының бірі іспетті болған бұл білім шаңырағы небәрі екі жыл ішінде озық ойлардың ордасына айналып үлгерді.

Университетте жалпы саны 1477 студент білім алып жүр. Оның 511-і – Foundation, яғни, дайындық курсында, 510-ы – 1 курста, 456-сы 2 курста оқиды;

Университеттегі 100-ге тарта оқытушылар мен ғалымдар - «Болашақ» бағдарламасының түлктері;

Бүгінгі күні университет қабырғасында 40-тан астам ғылыми жоба бойынша зерттеулер жүргізуді қолға алған. Олардың жалпы құны шамамен 12 млн теңге болады.

Университет кітапханасының қорында 30 мыңнан астам кітап, 1 миллионнан астам ғылыми мақалалар, журналдар, электронды кітаптар бар.

  Дереккөзі: «Астана» кітап-альбомы (классикалық энциклопедия, 2012 ж)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға