Бейбітшілік және келісім сарайы
2003 жылы Елбасы Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Бірінші съезінде көтерген бастамасының жарқын көрінісі ретінде Бейбітшілік және келісім сарайы салынды. Сыртқы пішініне қарап жергілікті халық «Пирамида» деп атап кеткен Бейбітшілік және келісім сарайы – ұлтаралық және конфессияаралық тұрақтылықтың, халықтар достығының өзіндік нышаны тәрізді. 2006 жылы қыркүйек аында шаңырақ көтерген бұл сарай шындығында да Египеттің даңқты пирамидаларына ұқсайды.
Сарайдың сәулет жобасына халықаралық байқау жарияланды. Байқауға мейлінше қатаң талап қойылды, соған сәйкес ұсынылған жобалардың талайы талғамнан шықпай қалды. Төрт турдан соң ғыны жеңімпаз анықталды. Есімдері әлемге танылған көптеген сәулет шеберлерінің арасынан ағылшын Норман Фостер үздік шықты.
Британия сулетшісі ұсынған идея әрі тосын, әрі таныс еді, ол пирамида үлгісін таңдаған. Бұл идеяны қостағандар «мәңгілік» ұғымына мән берді. Египет пирамидаларының мәңгілік нышанына айналғанын әлем мойындады. Ендеше осы құдіретті тоғыстыру ұтқырлық та, көрегендік те.
Фостердің пирамидасы осындай терең астарлы бола отырып, қазіргі заманғы кескінін табуға тиісті. Сәулетші мұны жете ескерген.
Пирамиданың керегесі берік, салмақ түскенде майыспайтын, жуан металл трубаларынан керілген. Олар биіктей келе тот баспайтын бұрандалармен бектілген де, алдын ала ойластырылған жоба бойынша кескінді өрнектер құраған.
Зәулімнің ұшар шыңы шынымен көмкерілген, сол жерден төгілетін күн сәулесі пирамиданың барлық кеңістігін нұрландырады. Жарық төменгі техникалық қабатқа да түседі.
Сарайдың ішкі жоспарлау мәнері де өзгеше. Ғимарат төменнен жоғарыға қарай бес қабатқа бөлінген. Бірінші қабатқа көп қырлы, 1500 орынды зал орныққан. Мұнда алуан түрлі басқосулар: халықаралық деңгейдегі съездер мен конференциялар шақыруға, ойын-сауық, сахналық думандар, опера-балет қойылымдарын ұйымдастыруға болады. Залдың акустикасы айрықша, осында отырыпкөне грек амфитеатрларында тұрғандай сезінесің.
Бесінші қабатта, пирамиданың биігінде әлемнің төрт құбыласын білдіретін төрт көтерген ақшаңқан дөңгелек күмбезшенің астында 200 орынды көркем зал көз тартады. Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің кейінгі форумдары осы жерде Республика Президентінің қатысуымен өтті.
Астана тағы да адамзатқа ағынан жарылды, дүниені бейбітшілік пен келісімге шақырды.
Дереккөзі: «Астана» кітап-альбомы (классикалық энциклопедия, 2012 ж)