Жаңалықтар

Мәдени шаралар

Назарбаев оқулары  2012 жылы 27-29 қараша аралығында Елордада «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» тақырыбындағы бірінші Назарбаев оқулары халықаралық флрумы өтті. Тұңғыш Президент күніне рай ұйымдастырылған жиынға әлемнің 51 мемлекетінен келген ғалымдар мен саясат серкелері қатысты. Назарбаев оқулары Ғасыр реформаторы атанған Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы рөлін ашып көрсетуге зор мүмкіндік берді.    Форумның тағы бір мақсаты  - Қазақстанның одан әрі дамуына және оның әлемдік арендағы орнын бекемдей түсуге ықпал ететін ұсынымдар әзірлеу мақсатында жаһандық зияткерлік ресурстарды шоғырландыру. Беделді сарапшылар комиссиясы Назарбаев оқуларының негізгі тақырыптары бойынша 14 пленарлық, 62 панельдік және 409 стендтік баяндаманы іріктеп алды. Халықаралық оқулар жұмысы Қазақстанның сыртқы саяси бастамалары, жаңа экономикалық модель, Қазақстанның инновациялық дамуы, Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы, заманауи мемлекетті құру атты 5 панельдік сессиядан тұрды. Шара шеңберінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған кітап және фотосурет көрмесі ұйымдастырылды.     Әлем таңдаған EXPO – Астана!  2012 жылы 22 қарашада Парижде өткен  EXPO Халықаралық көрмелер бюросы Бас Ассамблеясының 152-сессиясында EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі Астана қаласында өтетін болып шешілді. ХКБ-ға мүше 161 мемлекеттің жасырын дауыс беруі нәтижесінде Астананы 103 ел қолдап шықты. Бұл шешім- Қазақстанның жаоқын болашағын мойындау. Астананың үлкен мүмкіндіктерін, кемел келешегін мойындау. Астанадағы EXPO-2017 Орталық Азия аймағы мен ТМД елдерінде өткізгелі отырған алғашқы Халықаралық көрме. Оғын әлемнің 100-ге тарта елі, 10-ға жуық Халықаралық ұйымдары және 5 миллионнан астам адам қатысады деп күтілуде. Олар үш ай бойы еліміздің экономикалық және әлеуметтік табыстарын, ең үздік техникалық және технологиялық жетістіктерін, терең тамырлы тарихын, дәстүрі мен мәдениетін тамашалайтын болады. Көрмеге қатысушы мемлекеттер де өз павильонын құрып, жаһандық дамудың жаңа үрдістерін қалыптастырады. Елімізді төрткүл халықаралық деңгейдегі кезекті ірі жеңісі. Белестен-белеске жету. Жасампаздық жасасын!  Тұманды Альбион төрінде алаштың атын шығарған ел спортшыларын астаналықтар мен қала қонақтарын халықаралық әуежайдан құшақ жая қарсы алды. Чемпиондар мінген темір тұлпарлар қала көшелерін аралады.  Ыстық ықылас пен зор құрметке бөленген жеңімпаздар Астана даңғылдарын думанға айналдырды. Төрт жылда бір келетін Олимпиадада ел жалауын желбіреткен намысты ұл-қыздарымызды одан әрі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік сарайында салтанатты жағдайда мемлекеттік наградалармен марапаттады. Лондон Олимпиадасында отандық спортшылардың қол жеткізген зор жетістігінің құрметіне арналған рәсім елеміздің айбынды әнұранымен ашылды. Жеңіс туын көкке көтеріп, әлемге қазақтың Әнұранын асқақтатқан жеңімпаздардың барлығын Елбасы шын жүректен құттықтады. - Барша Қазақстан халқы үкілеп шығарып салған таланттарымызға жанкүйер болып, алыс, жауапты сапарға елдің батасын алып аттанған ұл-қыздарымыз үмітімізді ақтады. Қазақстан спортшылары ел тарихында бұрын-соңды болмаған табысқа қол жеткізді. Лондон төрінде қазақтың көк байрағы жеті мәрте желбіреп, әлемнің барша елінің туларынан биік көтерілді. Отанымыздың әнұраны жеті рет Лондон төрінде көкке өрледі. Біздің құрама елеулі ілгерілеушілік жасады. Бейжің Олимпиадасындағы қорытынды бойынша 29 орыннан биыл Лондондағы Олимпиадалық ойындардың медальдік есебінде 12-позицияға көтерілді. Осы арқылы Қазақстан 250 ұлттық құраманың арасында алдыңғы қатарлы спорттық державалардың біріне айналды. Бұл барша халқымыздың үлкен жеңісі. Құрметті олимпиадашылар! Біз сіздердің жеңістеріңізді асыға күттік. Он алты күн бойы жанкүйер болдық. Сіздер барша халықтың үмітін, менің жеке үмітімді ақтадыңыздар. Барша қазақстандықтардың атынан сіздер мен бапкерлеріңізге алғысымды айтамын. Жасасын жасампаздық! Жасасын Қазақстан! – деді Елбасы. Жеңімпаздарға арналған жиында Елбасы тәуелсіздік жылдары ішінде қол жеткен толайым табыстарды саралады. Жазғы және қысқы Олимпиада ойындарының 63 жеңімпазы, оның ішінде 18 Олимпиада чемпионаттарында жүлделі орындарды иеленгенін жеткізді. Олимпиадашылардың  қатары еліміздің әр аймағынан шығып отырғандығын алға тартқан Президент егер еліміздің әр облысы бір Олимпиада жеңімпазын тәрбиелеп шықса, бұл бізге жеткілікті екенін тебіреніспен жеткізді. Елбасы айтқандай, бүгінде Қазақстанда жаңадан түрлі спорт кешендері іске қосылып, спортпен айналысатын қазақстандықтардың саны 3 млн адамнан асқан. Мұндай жеңістерден кейін спортты қолдау саясаты одан әрі жалғаспақ. Лондон төрінде Қазақстанның ұлттық құрамасы жалпы 13 медальді қанжығаға байлады. Қоржынымызда жеті алтын, бір күміс және бес қола жүлде бар. Қазақстан спортшылары командалық есепте он екінші орыннан көрінді. Тәуелсіз Қазақстанның спрот тарихында алтын әріптермен жазылатын Олимпиада талай жастарды жігерлендіріп, талай жүректерге рух берді. Лондон Олимпиадасында көк Туды көкке көтерген жерлестерімізге салтанатты шарада Елбасы өз қолымен мемлекеттік наградалар тапсырды. Бокстан былғары қолғап шебері Серік Сәпиев, велошабандоз Александр Винокуров, ауыр атлет Илья Ильин «Отан» орденін кеуделеріне тақты. Зіл темірші қыздарымыз Светлана Подобедова мен Зүлфия Чиншанло, Майя Манез мен Ольга Рыпакова II дәрежелі «Барыс» орденімен, палуан Даниял Гаджиев, боксшылар Әділбек Ниязымбетов, Иван Дычко, Марина Вольнова, палуан Гузель Манюрова, еркін күрес шебері Ақжүрек Таңатаров «Құрмет» орденімен марапатталды. Ал осы жарыста спортшыларымыздың басы-қасында жүрген ҚР спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Талғат Ермегияев «Парасат» орденіне лайық деп танылды. Жеңімпаздардың құрметіне арналған салтанатты шара соңы мерекелік концертке жалғасты. Сондай-ақ «Бәйтерек» монументі жанында XXX Олимпиада ойындары жеңімпаздарына арналған жалпыжұрттық ән-би кеші ұйымдастырылды. Дереккөзі: «Астана» кітап-альбомы (классикалық энциклопедия, 2012 ж)
27.05.2013 05:14 3966


Назарбаев оқулары

 2012 жылы 27-29 қараша аралығында Елордада «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» тақырыбындағы бірінші Назарбаев оқулары халықаралық флрумы өтті. Тұңғыш Президент күніне рай ұйымдастырылған жиынға әлемнің 51 мемлекетінен келген ғалымдар мен саясат серкелері қатысты.

Назарбаев оқулары Ғасыр реформаторы атанған Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы рөлін ашып көрсетуге зор мүмкіндік берді.   

Форумның тағы бір мақсаты  - Қазақстанның одан әрі дамуына және оның әлемдік арендағы орнын бекемдей түсуге ықпал ететін ұсынымдар әзірлеу мақсатында жаһандық зияткерлік ресурстарды шоғырландыру. Беделді сарапшылар комиссиясы Назарбаев оқуларының негізгі тақырыптары бойынша 14 пленарлық, 62 панельдік және 409 стендтік баяндаманы іріктеп алды. Халықаралық оқулар жұмысы Қазақстанның сыртқы саяси бастамалары, жаңа экономикалық модель, Қазақстанның инновациялық дамуы, Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы, заманауи мемлекетті құру атты 5 панельдік сессиядан тұрды. Шара шеңберінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған кітап және фотосурет көрмесі ұйымдастырылды.    

Әлем таңдаған EXPO – Астана!

 2012 жылы 22 қарашада Парижде өткен  EXPO Халықаралық көрмелер бюросы Бас Ассамблеясының 152-сессиясында EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі Астана қаласында өтетін болып шешілді. ХКБ-ға мүше 161 мемлекеттің жасырын дауыс беруі нәтижесінде Астананы 103 ел қолдап шықты. Бұл шешім- Қазақстанның жаоқын болашағын мойындау. Астананың үлкен мүмкіндіктерін, кемел келешегін мойындау.

Астанадағы EXPO-2017 Орталық Азия аймағы мен ТМД елдерінде өткізгелі отырған алғашқы Халықаралық көрме. Оғын әлемнің 100-ге тарта елі, 10-ға жуық Халықаралық ұйымдары және 5 миллионнан астам адам қатысады деп күтілуде. Олар үш ай бойы еліміздің экономикалық және әлеуметтік табыстарын, ең үздік техникалық және технологиялық жетістіктерін, терең тамырлы тарихын, дәстүрі мен мәдениетін тамашалайтын болады.

Көрмеге қатысушы мемлекеттер де өз павильонын құрып, жаһандық дамудың жаңа үрдістерін қалыптастырады. Елімізді төрткүл халықаралық деңгейдегі кезекті ірі жеңісі. Белестен-белеске жету.

Жасампаздық жасасын!

 Тұманды Альбион төрінде алаштың атын шығарған ел спортшыларын астаналықтар мен қала қонақтарын халықаралық әуежайдан құшақ жая қарсы алды. Чемпиондар мінген темір тұлпарлар қала көшелерін аралады.  Ыстық ықылас пен зор құрметке бөленген жеңімпаздар Астана даңғылдарын думанға айналдырды. Төрт жылда бір келетін Олимпиадада ел жалауын желбіреткен намысты ұл-қыздарымызды одан әрі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік сарайында салтанатты жағдайда мемлекеттік наградалармен марапаттады.

Лондон Олимпиадасында отандық спортшылардың қол жеткізген зор жетістігінің құрметіне арналған рәсім елеміздің айбынды әнұранымен ашылды. Жеңіс туын көкке көтеріп, әлемге қазақтың Әнұранын асқақтатқан жеңімпаздардың барлығын Елбасы шын жүректен құттықтады.

- Барша Қазақстан халқы үкілеп шығарып салған таланттарымызға жанкүйер болып, алыс, жауапты сапарға елдің батасын алып аттанған ұл-қыздарымыз үмітімізді ақтады. Қазақстан спортшылары ел тарихында бұрын-соңды болмаған табысқа қол жеткізді. Лондон төрінде қазақтың көк байрағы жеті мәрте желбіреп, әлемнің барша елінің туларынан биік көтерілді. Отанымыздың әнұраны жеті рет Лондон төрінде көкке өрледі. Біздің құрама елеулі ілгерілеушілік жасады. Бейжің Олимпиадасындағы қорытынды бойынша 29 орыннан биыл Лондондағы Олимпиадалық ойындардың медальдік есебінде 12-позицияға көтерілді. Осы арқылы Қазақстан 250 ұлттық құраманың арасында алдыңғы қатарлы спорттық державалардың біріне айналды. Бұл барша халқымыздың үлкен жеңісі. Құрметті олимпиадашылар! Біз сіздердің жеңістеріңізді асыға күттік. Он алты күн бойы жанкүйер болдық. Сіздер барша халықтың үмітін, менің жеке үмітімді ақтадыңыздар. Барша қазақстандықтардың атынан сіздер мен бапкерлеріңізге алғысымды айтамын. Жасасын жасампаздық! Жасасын Қазақстан! – деді Елбасы.

Жеңімпаздарға арналған жиында Елбасы тәуелсіздік жылдары ішінде қол жеткен толайым табыстарды саралады. Жазғы және қысқы Олимпиада ойындарының 63 жеңімпазы, оның ішінде 18 Олимпиада чемпионаттарында жүлделі орындарды иеленгенін жеткізді. Олимпиадашылардың  қатары еліміздің әр аймағынан шығып отырғандығын алға тартқан Президент егер еліміздің әр облысы бір Олимпиада жеңімпазын тәрбиелеп шықса, бұл бізге жеткілікті екенін тебіреніспен жеткізді.

Елбасы айтқандай, бүгінде Қазақстанда жаңадан түрлі спорт кешендері іске қосылып, спортпен айналысатын қазақстандықтардың саны 3 млн адамнан асқан. Мұндай жеңістерден кейін спортты қолдау саясаты одан әрі жалғаспақ. Лондон төрінде Қазақстанның ұлттық құрамасы жалпы 13 медальді қанжығаға байлады. Қоржынымызда жеті алтын, бір күміс және бес қола жүлде бар. Қазақстан спортшылары командалық есепте он екінші орыннан көрінді. Тәуелсіз Қазақстанның спрот тарихында алтын әріптермен жазылатын Олимпиада талай жастарды жігерлендіріп, талай жүректерге рух берді. Лондон Олимпиадасында көк Туды көкке көтерген жерлестерімізге салтанатты шарада Елбасы өз қолымен мемлекеттік наградалар тапсырды. Бокстан былғары қолғап шебері Серік Сәпиев, велошабандоз Александр Винокуров, ауыр атлет Илья Ильин «Отан» орденін кеуделеріне тақты. Зіл темірші қыздарымыз Светлана Подобедова мен Зүлфия Чиншанло, Майя Манез мен Ольга Рыпакова II дәрежелі «Барыс» орденімен, палуан Даниял Гаджиев, боксшылар Әділбек Ниязымбетов, Иван Дычко, Марина Вольнова, палуан Гузель Манюрова, еркін күрес шебері Ақжүрек Таңатаров «Құрмет» орденімен марапатталды.

Ал осы жарыста спортшыларымыздың басы-қасында жүрген ҚР спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Талғат Ермегияев «Парасат» орденіне лайық деп танылды. Жеңімпаздардың құрметіне арналған салтанатты шара соңы мерекелік концертке жалғасты.

Сондай-ақ «Бәйтерек» монументі жанында XXX Олимпиада ойындары жеңімпаздарына арналған жалпыжұрттық ән-би кеші ұйымдастырылды.

Дереккөзі: «Астана» кітап-альбомы (классикалық энциклопедия, 2012 ж)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға