Жаңалықтар

Астана қаласының әкімшілік орталығы

Архитектуралық жобаның, авторы – сәулетші Төлебай Ерболат. Астананың жаңа әкімшілік орталығы Есіл өзенінің сол жағалауынан ірге көтерді. Өзендей қапталдай Президенттік парк орналасқан. «Ақорда» да осы өңірден бой көтерген. Ғимарат биіктеу жерде орналасқандықтан одан әрі сұлулана, тұлғалана түседі. Резиденцияның батысын ала саяси және мерекелік шаралар, әскери парадтар мен азаматтық шерулер өтетін ҚР-ның негізі әкімшілік алаңы жалғасып жатыр. Президент Әкімшілігінің, Министрлер Кабинетінің, Мәжіліс және Сенаттың биік ғимараттары да осы орталықта орналасқан. Алаңның солтүстігінде Жоғары соттың 4 қабатты ғимараты орын тепкен. Негізгі алаңның оңтүстігінде үш мың орынға арналған концерт залы бар. Бұл концерт залының жобасы халықаралық сәулетшілер байқауының жеңімпазы итальян сәулетшісі Николеттидің қолынан шыққан. Ол қазіргі заман сәулет өнерінің озық үлгісімен жасалған. Алаңның батысын рн бір және он бес қабатты екі тұрғын үй және екі әкімшілік ғимараты орналасқан «Министрліктер Үйі» шеңбері көмкеріп тұр. Мұндағы құрылыс нысандары негізгі алаңға сатылы терраса жасай орналасқан.  Астананың жаңа әкімшілік орталығының кіндігінен тәуелсіздік монументі «Бәйтерек» бой көтерген. Монументтің оңтүстігін ала Қорғаныс министрлігінің, ал солтүстігінде Сыртқы істер министрлігінің ғимараты сән түзей жарасым тапқан. Батысында Ұлттық Кітапхана, ҚР –ның мұражайы бар. Алаңның шығысында түрлі биіктіктегі тұрғын үйлер сап түзейді. Бәйтеректен бастау алатын екі жағы жасыл желекпен көмкерілген «Нұржол» бульвры түрлі-түсті жарық,  әсем хауызбен әрленген «Дөңгелек алаңға» әкеледі. Астана қонақтары мен тұрғындары дөңгелек алаңның терраса тәріздес төменгі қабатында еркін серуендей алады. Террассаның жоғарғы қабатында периметр бойынша қызмет көрсету орындары орналасқан. Төменгі террассалар әсем көгалдандырылып, фонтандармен нақышталған «Дөңгелек алаңның» батысында «ҚазТрансОйл», «ҚазМұнайГаз» компанияларының, «Еуразиялық банктің» 7 және 20 қабатты ғимараттар бой көтерген. 20 қабатты террасалы екі ғимарат өтпе галереямен жалғасады. Алаңның солтүстік – шығысында «Transport Tower» ғимараты орын тепкен. Астана қаласы әкімшілік орталығы алаңдарын бір-бірімен жасыл желекті бульвар жалғастырып жатыр. Әкімшілік орталығын қақ жарып өтетін экспланаданың ұзындығы 2,5 шақырым, ал ені 100 метр, ол 15 гктар жерду алып, шығыстан батысқа созыла орналасқан.        Дереккөзі: «Астана» кітап-альбомы (классикалық энциклопедия, 2012 ж)
27.05.2013 05:07 4801

Архитектуралық жобаның, авторы – сәулетші Төлебай Ерболат. Астананың жаңа әкімшілік орталығы Есіл өзенінің сол жағалауынан ірге көтерді. Өзендей қапталдай Президенттік парк орналасқан. «Ақорда» да осы өңірден бой көтерген. Ғимарат биіктеу жерде орналасқандықтан одан әрі сұлулана, тұлғалана түседі. Резиденцияның батысын ала саяси және мерекелік шаралар, әскери парадтар мен азаматтық шерулер өтетін ҚР-ның негізі әкімшілік алаңы жалғасып жатыр. Президент Әкімшілігінің, Министрлер Кабинетінің, Мәжіліс және Сенаттың биік ғимараттары да осы орталықта орналасқан. Алаңның солтүстігінде Жоғары соттың 4 қабатты ғимараты орын тепкен. Негізгі алаңның оңтүстігінде үш мың орынға арналған концерт залы бар. Бұл концерт залының жобасы халықаралық сәулетшілер байқауының жеңімпазы итальян сәулетшісі Николеттидің қолынан шыққан. Ол қазіргі заман сәулет өнерінің озық үлгісімен жасалған. Алаңның батысын рн бір және он бес қабатты екі тұрғын үй және екі әкімшілік ғимараты орналасқан «Министрліктер Үйі» шеңбері көмкеріп тұр. Мұндағы құрылыс нысандары негізгі алаңға сатылы терраса жасай орналасқан.  Астананың жаңа әкімшілік орталығының кіндігінен тәуелсіздік монументі «Бәйтерек» бой көтерген. Монументтің оңтүстігін ала Қорғаныс министрлігінің, ал солтүстігінде Сыртқы істер министрлігінің ғимараты сән түзей жарасым тапқан. Батысында Ұлттық Кітапхана, ҚР –ның мұражайы бар. Алаңның шығысында түрлі биіктіктегі тұрғын үйлер сап түзейді. Бәйтеректен бастау алатын екі жағы жасыл желекпен көмкерілген «Нұржол» бульвры түрлі-түсті жарық,  әсем хауызбен әрленген «Дөңгелек алаңға» әкеледі. Астана қонақтары мен тұрғындары дөңгелек алаңның терраса тәріздес төменгі қабатында еркін серуендей алады. Террассаның жоғарғы қабатында периметр бойынша қызмет көрсету орындары орналасқан. Төменгі террассалар әсем көгалдандырылып, фонтандармен нақышталған «Дөңгелек алаңның» батысында «ҚазТрансОйл», «ҚазМұнайГаз» компанияларының, «Еуразиялық банктің» 7 және 20 қабатты ғимараттар бой көтерген. 20 қабатты террасалы екі ғимарат өтпе галереямен жалғасады. Алаңның солтүстік – шығысында «Transport Tower» ғимараты орын тепкен. Астана қаласы әкімшілік орталығы алаңдарын бір-бірімен жасыл желекті бульвар жалғастырып жатыр. Әкімшілік орталығын қақ жарып өтетін экспланаданың ұзындығы 2,5 шақырым, ал ені 100 метр, ол 15 гктар жерду алып, шығыстан батысқа созыла орналасқан.

       Дереккөзі: «Астана» кітап-альбомы (классикалық энциклопедия, 2012 ж)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға