Жаңалықтар

Мәдениет

Ақмола статистика комитеті деректер жинаумен шектелген жоқ, ұлттық бұйымдар көрмелерін ұйымдастырды. Ақмола облысы қазақтарының киім-кешегі, щергерлік және тұрмыстық бұйымдары Ресейдің Петербург, Қазан, Нижний Новгород, Москва, Екатеринбург қалаларындағы көрмелерге қойылды. 1876 жылы Омбы, Ақмола және Петропавл қалаларында ауыл шаруашылығы көрмелері болып, ел ат жарыстырды, балуан күрестірді. Қала театрының да қилы тарихы бар. Қазіргі облыстық орыс драма театры орналасқан ғимарат әуелде бір қабатты қыздар семинариясы болатын. Ресми театр 1919 жылғы 3 желтоқсанда құрылыпты. Оның тұрақты сахнасы болмаған, 1923 жылы халық үйіне орналасады. Қазіргі орыс драма театрының шаңырақ көтерген кезі – 1943 жыл. Осы жылы ол орыс – қазақ театры болып кереге керді. Қыздар семинариясының биіктетіліп қайта салынған қазіргі үйіне біржолата жайғасты. 1948 жылы қала басшылары қазақ тобын өзін өзі ақтамады деген сылтаумен жабады. Ұлттық театр арада 42 жыл өткенде көрнекті қоғам қайраткері, жазушы Алдан Смайыл бастаған облыстық «Тіл және мәдениет» қоғамының табандылығымен Ақмолада қайта ашылды. Астанадағы тарихи ғимараттардың санатындағы бүгінгі ардагерлер емханасын көпес Кубрин тұрмысқа шыққан қызы үшін салдырған. Құрылыс біткенде қалада қызылдар төңкерісі болады да, көпестің дүние-мүлкі тәркіленіп, қызы Қарағандының жанындағы Долинка лагеріне айдалады. Қызыл кірпіші Оралдан түйемен тасылған. Кейін Коммунистік партияның Ақмола уездік комитетіне, одан соң облыстық кеңестің атқару комитетіне беріледі. Ұзақ жыл облыстық партия комитетінің емханасы болды. Кубриннің өзіне салған үйі де оған құт болған жоқ, жылдар өте өлкетану мұражайына айналды, бүгінде Украинаның Қазақстандағы елшілігіне бұйырған. Бұзылмай аман жеткен тағы бір сәулет ескерткіші – Астана қалалық әкімшілігінің қарауындағы Сәкен Сейфуллиннің мұражай үйі. Ол 1846 жылы салыныпты. Салдырған көпес казанцев. Ал жапсарлас шаңырақта дәрігер тұрған. Бұл бүгінде мұражайдың әкімшілік кеңсесі. 1917 жылы тұңғыш қазақ газеті «Тіршілік» Сәкен Сейфулиннің ұйымдастыруымен жарық көрді. Қазақ редакциясы «Абай» қонақ үйіне таяу салынған екі қабатты ғимаратта болған. Өкінішке орай ол ғимарат бұзылып кетекн. Ақмолада қазақ тілінде қойылған алғашқы пьесаны да сәкен жазған. Оны ақмолалықтар 1918 жылы 1 мамырда тамашалады. 1920 жылы 1 қазанда драма театры ашылды, ол Халық үйіне орналасты. Бүгінде бұл ғимарат қалалық полицияға берілген. 1928 жылы қуаты 18 квт қалалық электр станциясы іске қосылды. Одан тартылған электр желісінің ұзындығы 8 шақырым ғана еді. 1929 жылдың қарашасында қалаға алғаш поезд келді. 1930 жылы ақмолалықтар алғаш рет аэропланды көрді. Арада алты жыл өткенде телефон жүйесі тартылып, осы оқиғаға байланысты қалада мереке өткізілді. Осы тұңғыштардың қатарында 1958 жылы құрылған Ақмола ауыл шаруашылығы институты да бар. Ол қаладағы алғашқы жоғары оқу орны. Қазір қала бойынша 36 тарихи-мәдени ескерткіш бар. Олардың 16-сы жергілікті дәрежедегі, 2-і республикалық дәрежедегі ғимарат. Республикалық маңызы барлары – әуелде Тың игерушілер мәдениет сарайы, қазір Конгресс-холл аталған сарай, енді бірі – отырар көшесіндегі №31 үй. Бұл үйде кезінде Сәкен Сейфуллин қазақ балаларына сабақ берген.  Дереккөзі: «Астана» кітап-альбомы (классикалық энциклопедия, 2012 ж)
27.05.2013 04:49 3500

Ақмола статистика комитеті деректер жинаумен шектелген жоқ, ұлттық бұйымдар көрмелерін ұйымдастырды. Ақмола облысы қазақтарының киім-кешегі, щергерлік және тұрмыстық бұйымдары Ресейдің Петербург, Қазан, Нижний Новгород, Москва, Екатеринбург қалаларындағы көрмелерге қойылды. 1876 жылы Омбы, Ақмола және Петропавл қалаларында ауыл шаруашылығы көрмелері болып, ел ат жарыстырды, балуан күрестірді.

Қала театрының да қилы тарихы бар. Қазіргі облыстық орыс драма театры орналасқан ғимарат әуелде бір қабатты қыздар семинариясы болатын. Ресми театр 1919 жылғы 3 желтоқсанда құрылыпты. Оның тұрақты сахнасы болмаған, 1923 жылы халық үйіне орналасады. Қазіргі орыс драма театрының шаңырақ көтерген кезі – 1943 жыл. Осы жылы ол орыс – қазақ театры болып кереге керді. Қыздар семинариясының биіктетіліп қайта салынған қазіргі үйіне біржолата жайғасты. 1948 жылы қала басшылары қазақ тобын өзін өзі ақтамады деген сылтаумен жабады. Ұлттық театр арада 42 жыл өткенде көрнекті қоғам қайраткері, жазушы Алдан Смайыл бастаған облыстық «Тіл және мәдениет» қоғамының табандылығымен Ақмолада қайта ашылды.

Астанадағы тарихи ғимараттардың санатындағы бүгінгі ардагерлер емханасын көпес Кубрин тұрмысқа шыққан қызы үшін салдырған. Құрылыс біткенде қалада қызылдар төңкерісі болады да, көпестің дүние-мүлкі тәркіленіп, қызы Қарағандының жанындағы Долинка лагеріне айдалады. Қызыл кірпіші Оралдан түйемен тасылған. Кейін Коммунистік партияның Ақмола уездік комитетіне, одан соң облыстық кеңестің атқару комитетіне беріледі. Ұзақ жыл облыстық партия комитетінің емханасы болды.

Кубриннің өзіне салған үйі де оған құт болған жоқ, жылдар өте өлкетану мұражайына айналды, бүгінде Украинаның Қазақстандағы елшілігіне бұйырған.

Бұзылмай аман жеткен тағы бір сәулет ескерткіші – Астана қалалық әкімшілігінің қарауындағы Сәкен Сейфуллиннің мұражай үйі. Ол 1846 жылы салыныпты. Салдырған көпес казанцев. Ал жапсарлас шаңырақта дәрігер тұрған. Бұл бүгінде мұражайдың әкімшілік кеңсесі.

1917 жылы тұңғыш қазақ газеті «Тіршілік» Сәкен Сейфулиннің ұйымдастыруымен жарық көрді. Қазақ редакциясы «Абай» қонақ үйіне таяу салынған екі қабатты ғимаратта болған. Өкінішке орай ол ғимарат бұзылып кетекн. Ақмолада қазақ тілінде қойылған алғашқы пьесаны да сәкен жазған. Оны ақмолалықтар 1918 жылы 1 мамырда тамашалады. 1920 жылы 1 қазанда драма театры ашылды, ол Халық үйіне орналасты. Бүгінде бұл ғимарат қалалық полицияға берілген.

1928 жылы қуаты 18 квт қалалық электр станциясы іске қосылды. Одан тартылған электр желісінің ұзындығы 8 шақырым ғана еді.

1929 жылдың қарашасында қалаға алғаш поезд келді.

1930 жылы ақмолалықтар алғаш рет аэропланды көрді. Арада алты жыл өткенде телефон жүйесі тартылып, осы оқиғаға байланысты қалада мереке өткізілді.

Осы тұңғыштардың қатарында 1958 жылы құрылған Ақмола ауыл шаруашылығы институты да бар. Ол қаладағы алғашқы жоғары оқу орны.

Қазір қала бойынша 36 тарихи-мәдени ескерткіш бар. Олардың 16-сы жергілікті дәрежедегі, 2-і республикалық дәрежедегі ғимарат. Республикалық маңызы барлары – әуелде Тың игерушілер мәдениет сарайы, қазір Конгресс-холл аталған сарай, енді бірі – отырар көшесіндегі №31 үй. Бұл үйде кезінде Сәкен Сейфуллин қазақ балаларына сабақ берген.

 Дереккөзі: «Астана» кітап-альбомы (классикалық энциклопедия, 2012 ж)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға