Жаңалықтар

Сауда

Ақмола қаласын өз заманының ірі көпесі Кубрин басқарды да, ол өзінің дәулетін еселей түсу үшін жаңа қызмет түрлерін, бүгінгі күннің тілімен айтқанда, шағын бизнесті дамытуға ынталы болды. Қаладағы ірі дүкендердің бәрінің дерлік иесі кубрин еді, оның сауда нүктелері біріне бірі жалғасып, тұтас көшеге айналып кететін. Оларды Ресей мен Еуропаның тауарларымен ұдайы толтырып отыру оңай емес-ті. Соған орай шаһар қожасы ұсақ кәсіпорындар ашты. Сөйтіп XX ғасырдың бас кезінде сабын, май, сыра, тәтті тағам зауыттары кідіріссіз жұмыс істеп тұрды. Жел диірмендер мен ұстаханалар елдің қажетін толық қанағаттандыруға тырысты. Қазыналық шарап қоймасы бірде ортайып, бірде толып отырды. Қалада кәсіпкерліктің дамуына қазақ іскерлері де елеулі үлес қосты. Орыс-татар әлділерімен дәулет жарыстырып, Ақмоланың қазақ ауқатты да сауатты азаматтарының көшін бастаған ағайынды Қосшығұловтар осы өңірде алғаш рет кондитер фабрикасын іске қосты. Әулет басшысы Баймұхамбет Қосшығұлұлы еді. Оның атын шығарған кәсіпорны Ақмолада ашқан кондитер фабрикасы қазіргі Абай даңғылындағы Қызмет көрсету үйі мен "Абай" қонақ үйінің арасындағы жерге орналасты. Бұл тұста дәл осындай кәсіпорын қазақ қалаларында жоқтың қасы еді. Фабрика түрлі тәтті тағамдарды шығарды. Ел ішінде табылмайтын конфет, шоколад, зефир, печенье жұрттың зәру асы болатын, сондықтан тез өтті. Баймұхамбеттің дәулеті дөңгеленіп жүре берді. Баймұхамбет Ақмоладан үш дүкен ашады. Оларға келушілер күн өткен сайын көбейеді. Қала тұрғындарыөлшеп алса, бақалшы саудагерлер арбалап алып қырға апарып сатады. Фабрика уақыт өткен сайын қуатын арттыра түседі. Баймұхамбеттің балалары сауапты істі де ойлаған. Ақмоладағы жалғыз ағаш мешіт өртеніп кеткен соң баласы Бекмұхамбет жеке қаржысына мешітті тастан қайтадын тұрғызады, оның жанынан мектеп-медресе ашады. Фабрика оның ұлы Нұрмұхамбеттің қолына көшкенде ол әкеден қалған дәулетті өсірмесе кемітпейді. 1929 жылы кеңес өкіметі тартып алғанша Ақмола мен оның маңайындағы елді өзінің өнімімен толық қамтамасыз еткен. Қосшығұловтардың үлкені – Шәймерден ресейдің екінші Мемлекеттік думасына Ақмола облысынан депутат болып сайланған. Жұмысын 1907 жылғы 20 ақпанда бастаған осы дума депутаттарының арасында қазақтан Мұхамеджан Тынышбайұлы, Әлихан Бөкейхан, Алпысбай Қалменұлы, Ахмет Бірімжан, Бақтыгерей ҚҰлман, Бақытжан Бейсалыұлы Қаратай, Молда Тайынұлы, Дәуіт Ноян-Тұндұт, Сәлімгерей Жантөре, Темірғали Нұрекен, Тілеулі Аллабергенұлы бар еді. Шаймерден Қосшығұлов думада батылдығымен, терең ойлылығымен көзге түсті. Ресейдің егіншілік пен жерге орналастыру ісінің бас басқарушысы князь Васильчиковтен қазақ даласына орыс шаруаларының ағылуын тоқтатуды талап етеді. Дереккөзі: «Астана» кітап-альбомы (классикалық энциклопедия, 2012 ж)
27.05.2013 04:47 5109

Ақмола қаласын өз заманының ірі көпесі Кубрин басқарды да, ол өзінің дәулетін еселей түсу үшін жаңа қызмет түрлерін, бүгінгі күннің тілімен айтқанда, шағын бизнесті дамытуға ынталы болды. Қаладағы ірі дүкендердің бәрінің дерлік иесі кубрин еді, оның сауда нүктелері біріне бірі жалғасып, тұтас көшеге айналып кететін. Оларды Ресей мен Еуропаның тауарларымен ұдайы толтырып отыру оңай емес-ті. Соған орай шаһар қожасы ұсақ кәсіпорындар ашты. Сөйтіп XX ғасырдың бас кезінде сабын, май, сыра, тәтті тағам зауыттары кідіріссіз жұмыс істеп тұрды. Жел диірмендер мен ұстаханалар елдің қажетін толық қанағаттандыруға тырысты. Қазыналық шарап қоймасы бірде ортайып, бірде толып отырды.

Қалада кәсіпкерліктің дамуына қазақ іскерлері де елеулі үлес қосты. Орыс-татар әлділерімен дәулет жарыстырып, Ақмоланың қазақ ауқатты да сауатты азаматтарының көшін бастаған ағайынды Қосшығұловтар осы өңірде алғаш рет кондитер фабрикасын іске қосты. Әулет басшысы Баймұхамбет Қосшығұлұлы еді.

Оның атын шығарған кәсіпорны Ақмолада ашқан кондитер фабрикасы қазіргі Абай даңғылындағы Қызмет көрсету үйі мен "Абай" қонақ үйінің арасындағы жерге орналасты. Бұл тұста дәл осындай кәсіпорын қазақ қалаларында жоқтың қасы еді. Фабрика түрлі тәтті тағамдарды шығарды. Ел ішінде табылмайтын конфет, шоколад, зефир, печенье жұрттың зәру асы болатын, сондықтан тез өтті. Баймұхамбеттің дәулеті дөңгеленіп жүре берді. Баймұхамбет Ақмоладан үш дүкен ашады. Оларға келушілер күн өткен сайын көбейеді. Қала тұрғындарыөлшеп алса, бақалшы саудагерлер арбалап алып қырға апарып сатады. Фабрика уақыт өткен сайын қуатын арттыра түседі.

Баймұхамбеттің балалары сауапты істі де ойлаған. Ақмоладағы жалғыз ағаш мешіт өртеніп кеткен соң баласы Бекмұхамбет жеке қаржысына мешітті тастан қайтадын тұрғызады, оның жанынан мектеп-медресе ашады. Фабрика оның ұлы Нұрмұхамбеттің қолына көшкенде ол әкеден қалған дәулетті өсірмесе кемітпейді. 1929 жылы кеңес өкіметі тартып алғанша Ақмола мен оның маңайындағы елді өзінің өнімімен толық қамтамасыз еткен.

Қосшығұловтардың үлкені – Шәймерден ресейдің екінші Мемлекеттік думасына Ақмола облысынан депутат болып сайланған. Жұмысын 1907 жылғы 20 ақпанда бастаған осы дума депутаттарының арасында қазақтан Мұхамеджан Тынышбайұлы, Әлихан Бөкейхан, Алпысбай Қалменұлы, Ахмет Бірімжан, Бақтыгерей ҚҰлман, Бақытжан Бейсалыұлы Қаратай, Молда Тайынұлы, Дәуіт Ноян-Тұндұт, Сәлімгерей Жантөре, Темірғали Нұрекен, Тілеулі Аллабергенұлы бар еді.

Шаймерден Қосшығұлов думада батылдығымен, терең ойлылығымен көзге түсті. Ресейдің егіншілік пен жерге орналастыру ісінің бас басқарушысы князь Васильчиковтен қазақ даласына орыс шаруаларының ағылуын тоқтатуды талап етеді.

Дереккөзі: «Астана» кітап-альбомы (классикалық энциклопедия, 2012 ж)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға