Жаңалықтар

Жас әскери бірлестіктер мен студенттердің бірінші әскери-патриоттық форумы өтті

АСТАНА. 6 мамыр. - Бүгін Астананың әскери-патриоттық ұйымдарының басын қосқан жас әскери бірлестіктер мен студенттерінің бірінші әскери-патриоттық форумы өтті.  «Бүгінгі форумның басты мақсаты жастарды батыл да қайсар, рухани жан дүниесі бай ел жанашырлары етіп тәрбиелеу. ҚР Қарулы күштерінің құрамына әскери дайындығы жоғары азаматтарды қабылдау қажет. Себебі әскер үлкен дайындықты қажет етеді. Сондықтан біз әскерге шақырылатын болашақ сарбаздардың дайындығына бүгіннен бастап-ақ көп көңіл бөлуіміз керек. Алдағы уақытта оқу ордаларында оқу материалды базаны жетілдіру мәселесін қолға алуды жоспарлап отырмыз»,-деді Астана қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары полковник Бахтияр Ережепұлы Пернебеков. Қарулы күштердің 21 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне орайластырылып ұйымдастырылған форумға Астананың 35 колледжі мен 70 жалпы білім беру мектептерінің делегациясы қатысты. Сондай-ақ, жас әскерилер республикалық штабының өкілдері, Қорғаныс министрлігінің қызметкерлері, қоғамдық ұйымдар, «Жасұлан» Республикалық мектебінің оқушылары, «Қазбат» бітімгерлік батальонының және Ауған соғысының ардагерлері бас қосып, жастардың бойында патриоттық рухты тәрбиелеу мәселесін талқылады.  Іс шара барысында қазақстандық әскери-патриоттық тәрбие жұмысының заманауи моделін қалыптастыру бойынша мәселеледің басы ашылып, резолюция қабылданды.   А. Жетпісбаева baq.kz
27.05.2013 03:58 3389

Жас әскери бірлестіктер мен студенттердің бірінші әскери-патриоттық форумы өтті АСТАНА. 6 мамыр. - Бүгін Астананың әскери-патриоттық ұйымдарының басын қосқан жас әскери бірлестіктер мен студенттерінің бірінші әскери-патриоттық форумы өтті. 
«Бүгінгі
форумның басты мақсаты жастарды батыл да қайсар, рухани жан дүниесі бай ел жанашырлары етіп тәрбиелеу. ҚР Қарулы күштерінің құрамына әскери дайындығы жоғары азаматтарды қабылдау қажет. Себебі әскер үлкен дайындықты қажет етеді. Сондықтан біз әскерге шақырылатын болашақ сарбаздардың дайындығына бүгіннен бастап-ақ көп көңіл бөлуіміз керек. Алдағы уақытта оқу ордаларында оқу материалды базаны жетілдіру мәселесін қолға алуды жоспарлап отырмыз»,-деді Астана қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары полковник Бахтияр Ережепұлы Пернебеков.
Қарулы күштердің 21 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне орайластырылып ұйымдастырылған форумға Астананың 35 колледжі мен 70 жалпы білім беру мектептерінің делегациясы қатысты. Сондай-ақ, жас әскерилер республикалық штабының өкілдері, Қорғаныс министрлігінің қызметкерлері, қоғамдық ұйымдар, «Жасұлан» Республикалық мектебінің оқушылары, «Қазбат» бітімгерлік батальонының және Ауған соғысының ардагерлері бас қосып, жастардың бойында патриоттық рухты тәрбиелеу мәселесін талқылады. 
Іс шара барысында қазақстандық әскери-патриоттық тәрбие жұмысының заманауи моделін қалыптастыру бойынша мәселеледің басы ашылып, резолюция қабылданды.
 

А. Жетпісбаева

baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға