Жаңалықтар

Қазақстандық теннисші «Ролан Гарростың» екінші айналымына өтті

Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева Францияның Ашық чемпионатының («Ролан Гаррос») бірінші айналымынан сүрінбей өтті. Бұл туралы Vesti.kz жазып отыр. Біліктілік сыны арқасында бәсекенің негізгі кезеңіне жолдама алған Г. Воскобоева америкалық Грейс Минді 4:6, 6:4, 7:5 есебімен ұтты. Жерлесіміздің келесі қарсыласы италиялық Роберто Винчи мен жарыс қожайыны Стефани Форетц арасындағы матчтың жеңімпазы болады. Сондай-ақ бұған дейін париждік корттарда Қазақстанның тағы бір өкілі -  Юлия Путинцева сәтті өнер көрсеткен болатын. Ол өзінің бастапқы матчында жапондық Аюми Моритадан 6:2, 6:3 есебімен басым түскен болатын. ҚазАқпарат.
27.05.2013 03:36 2894

Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева Францияның Ашық чемпионатының («Ролан Гаррос») бірінші айналымынан сүрінбей өтті.

Бұл туралы Vesti.kz жазып отыр.

Біліктілік сыны арқасында бәсекенің негізгі кезеңіне жолдама алған Г. Воскобоева америкалық Грейс Минді 4:6, 6:4, 7:5 есебімен ұтты. Жерлесіміздің келесі қарсыласы италиялық Роберто Винчи мен жарыс қожайыны Стефани Форетц арасындағы матчтың жеңімпазы болады.

Сондай-ақ бұған дейін париждік корттарда Қазақстанның тағы бір өкілі -  Юлия Путинцева сәтті өнер көрсеткен болатын. Ол өзінің бастапқы матчында жапондық Аюми Моритадан 6:2, 6:3 есебімен басым түскен болатын.

ҚазАқпарат.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға