Жаңалықтар

Елордалық түлектер үшін мерекелік концерт өтті (ФОТО)

Бүгін Астананың үш алаңында 2013 жылғы мектеп түлектері үшін мерекелік концерт өтті. Оларға Бірыңғай ұлттық тестілеу алдында ән айтып, би билеп, мектептің соңғы күнін тойлауға мүмкіндік берілді, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі. ҚР Қаржы министрлігі алдындағы алаң мен Ғашықтар саябағында мектеп түлектері мен оқушылары үшін мерекелік концерт ұйымдастырылды.  Жастар концертті тамашалап қана қоймай, өздері де оған белсенді түрде қатысты. Бұдан бөлек, бүгін елорда түлектері үшін көптеген мерекелік шаралар әзірленді. Кешкі сағат 18.00-де жаңа Оқушылар сарайында халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздарына арналған «Триумф» балы өтеді. Естеріңізге сала кетейік, бүгін елорданың 3 500-ден астам мектеп түлегіне соңғы қоңырау соғылды.             BNews.kz
25.05.2013 09:49 3560

Бүгін Астананың үш алаңында 2013 жылғы мектеп түлектері үшін мерекелік концерт өтті. Оларға Бірыңғай ұлттық тестілеу алдында ән айтып, би билеп, мектептің соңғы күнін тойлауға мүмкіндік берілді, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.
ҚР Қаржы министрлігі алдындағы алаң мен Ғашықтар саябағында мектеп түлектері мен оқушылары үшін мерекелік концерт ұйымдастырылды. 
Жастар концертті тамашалап қана қоймай, өздері де оған белсенді түрде қатысты. Бұдан бөлек, бүгін елорда түлектері үшін көптеген мерекелік шаралар әзірленді. Кешкі сағат 18.00-де жаңа Оқушылар сарайында халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздарына арналған «Триумф» балы өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін елорданың 3 500-ден астам мектеп түлегіне соңғы қоңырау соғылды.

Елордалық түлектер үшін мерекелік концерт өтті (ФОТО)   Елордалық түлектер үшін мерекелік концерт өтті (ФОТО)   Елордалық түлектер үшін мерекелік концерт өтті (ФОТО)

Елордалық түлектер үшін мерекелік концерт өтті (ФОТО)   Елордалық түлектер үшін мерекелік концерт өтті (ФОТО)   Елордалық түлектер үшін мерекелік концерт өтті (ФОТО)

BNews.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға