Жаңалықтар

Арабтардың Орталық Азияға жорықтары

Соңғы редакциялау: 16 қазан 2012 Арабтардың Орталық Азияға жорықтары — Араб халифатының 8 ғ-да ислам дінін тарату мақсатында Орта Азия мен Қазақстан жеріне жасаған әскери қимылдары. 633 жылдан басталып, бір ғасырдан астам үздіксіз жүргізген жорықтарының нәтижесінде арабтар оңт-те Солт. Африкаға ие болды, батысында Францияның Бурбонне аймағына дейін, шығысында Синд (Үнді) өз-не дейінгі жерлерді бағындырып алып империяға айналды. Қылыш пен Құранға қатар сүйенген арабтар солт-ке де ұмтылып, Палестина, Сирия, Ирак, Иран, Ауғанстанды жаулап алып, 705 ж. Мауераннахр жеріне басып кірді. Атақты араб қолбасшысы Құтайба ибн Муслим 710 — 712 ж. Бұхара мен Самарқанды, 714 ж. Шаш (Ташкент) пен Фарабты алды. 751 ж. Талас аңғарында, Таразға жақын Атлах қ-ның түбінде арабтар мен түркештер арасында зор шайқас болып өтті. Арабтар қарлұқтармен одақтасып, түркеш әскерін талқандады. Арабтардың әскери жеңістері Батыс түрік, соңынан Түркеш қағандықтарының ыдырауын тездеткен фактор болды. 770 ж. Қарлұқ қағандығы арабтардан жеңіліс тауып, Мұхаммед пайғамбарға бас иді. Араб жорықтарының солт-ке қарай одан әрі өрістеуіне жауынгер түркі тайпалары қуатты тосқауыл болды. Арабтар шабуылын тоқтатып, қорғанысқа көшті. Талас шайқасы мен Мұқанна (ақ киімділер) қарсылық қозғалысы (776 — 780) басылғаннан кейін арабтардың Орталық Азияға ықпалы негізінен бейбіт сипат алды. Арабтардың Орта Азия халықтарын ислам дініне енгізуі негізінен 8-10 ғ-лар аумағында жүргізілсе, Қазақстан жерінің мұсылман дініне ену үрдісі көп уақытқа созылды. Арабтар үстемдігі халифат құрамына енген Оңт. Қазақстан мен Жетісудың жекелеген аймақтарында ғана орнады. Сондықтан исламдану оңт. аймақтарда айқын қарқын алғанымен, Қазақстанның қалған бөлігінде өте баяу жүрді. 10 ғ-да араб жиһанкезі Ибн Хаукал: “Тараздан әрі қарай бірде-бір мұсылманды көрмегенін” жазды. Көшпелі тайпалар, әсіресе, кейін қазақ жұртын құрағандар, соғыс даласында жеңілгенімен, өздерінің төл діни-нанымдарын, Тәңірге сенімін, күнге, отқа, пұтқа табынушылығын, ғұрып-салттарын сақтап қалды немесе ислам рәсімдерімен қатар қолданды. Орталық Азияда исламның орнығуы Мұхаммед пайғамбардың 4 серігі — Әбу Бәкір, Омар, Осман, Әли (Әзірет Әлі) сахабаларының әскери жорықтарымен бірге осы аталған 4 әулие-халифалардың тікелей ұрпақтары — қожалардың діни насихат қызметімен де байланысты болды. Уақыт өте қожалар халық құрмет тұтатын тұлғаларға айналды. Діни уағызды шайқылар (шейхтар), кезбе дәруіштер, сопы-пірадарлар да жүргізді. Арабтардың әсерімен жергілікті елдің өз арасынан да діндар адамдар мен дінбасылар (молда, имам, ишан, қазы, қазірет, әулие, тақуа-дуаналар т.б.) көптеп шықты. Арабтар Орталық Азияның экон. өміріне үлкен өзгерістер әкелді. Олардың араласуымен қала мәдениеті өркендеді, халықар. сауда жедел дамыды, Ұлы Жібек жолындағы қатынас жанданды. 8 ғ-дан бастап Орта Азия мен Қазақстанның оңт-нде мұсылмандардың қамал-бекіністері — рибаттар (рабаттар) салынды. Бұл қамалдардың бір бөлігі кейін ірі қалаларға айналды. Қала тұрғындары арасында ислам дінін қабылдағандардың көбеюіне байланысты Аллаға құлшылық ететін арнайы орындар — мешіттер мен ханакалар салына бастады. Мешіттер рухани орталықтар қызметін атқарды. Кейін мешіттер жанынан арабша сауат ашатын медреселер ашылды. Біртіндеп көне түркі жазуының орнын араб жазуы басты. Түркілер лексикасына араб сөздері кеңінен ене бастады. Хиджра жыл санауы енгізілді. Тұрмысқа жаңа діни мейрамдар қосылды. Қайтыс болған адамдарды мұсылманша жерлеу дәстүрі орныға бастады. Қазақ сахарасында Шығыстың “Мың бір түн” сынды классик. туындылары, исламды дәріптейтін Нұх пайғамбар, Құран хиқаялары, діни аңыздар, “Сал-сал”, “Зарқұм”, “Жүсіп-Зілиха” т.б. дастандары кеңінен тарады. Қазақ даласына исламмен ілесіп дүниені жаңаша тануға бағытталған ғылым мен білім келді. Арабтар Қазақстанға шығыстың озық мәдениеті мен өнерін әкелді. Қазақ жерінде Әбу Наср әл-Фараби сынды әлемдік өркениетке өзіндік үлес қосқан ғұламалар өсіп шықты. Ислам басты дінге айналып, оның қағидаларын орындаушылардың қатары көбейді. Мұсылмандардың қасиетті кітабы — Құранды құрметтеуге үйретіп, бір Аллаға бой ұсындырған жаңа дін түркі тілді жұрттардың туысқандық бірлігін нығайта түсті. Кейін ислам діні түркі халықтарын жаппай орыстандыру әрекетіне қалқан болды. Орталық Азияның арабтар арқылы ислам өрісіне тартылуы түркі жұртының әлеум.-экон., саяси және мәдени даму үрдісін жеделдеткен фактор болды. Ж.Сүлеймен    
09.11.2012 04:20 10616

Соңғы редакциялау:

16 қазан 2012

Арабтардың Орталық Азияға жорықтары — Араб халифатының 8 ғ-да ислам дінін тарату мақсатында Орта Азия мен Қазақстан жеріне жасаған әскери қимылдары. 633 жылдан басталып, бір ғасырдан астам үздіксіз жүргізген жорықтарының нәтижесінде арабтар оңт-те Солт. Африкаға ие болды, батысында Францияның Бурбонне аймағына дейін, шығысында Синд (Үнді) өз-не дейінгі жерлерді бағындырып алып империяға айналды. Қылыш пен Құранға қатар сүйенген арабтар солт-ке де ұмтылып, Палестина, Сирия, Ирак, Иран, Ауғанстанды жаулап алып, 705 ж. Мауераннахр жеріне басып кірді. Атақты араб қолбасшысы Құтайба ибн Муслим 710 — 712 ж. Бұхара мен Самарқанды, 714 ж. Шаш (Ташкент) пен Фарабты алды. 751 ж. Талас аңғарында, Таразға жақын Атлах қ-ның түбінде арабтар мен түркештер арасында зор шайқас болып өтті. Арабтар қарлұқтармен одақтасып, түркеш әскерін талқандады. Арабтардың әскери жеңістері Батыс түрік, соңынан Түркеш қағандықтарының ыдырауын тездеткен фактор болды. 770 ж. Қарлұқ қағандығы арабтардан жеңіліс тауып, Мұхаммед пайғамбарға бас иді. Араб жорықтарының солт-ке қарай одан әрі өрістеуіне жауынгер түркі тайпалары қуатты тосқауыл болды. Арабтар шабуылын тоқтатып, қорғанысқа көшті. Талас шайқасы мен Мұқанна (ақ киімділер) қарсылық қозғалысы (776 — 780) басылғаннан кейін арабтардың Орталық Азияға ықпалы негізінен бейбіт сипат алды. Арабтардың Орта Азия халықтарын ислам дініне енгізуі негізінен 8-10 ғ-лар аумағында жүргізілсе, Қазақстан жерінің мұсылман дініне ену үрдісі көп уақытқа созылды. Арабтар үстемдігі халифат құрамына енген Оңт. Қазақстан мен Жетісудың жекелеген аймақтарында ғана орнады. Сондықтан исламдану оңт. аймақтарда айқын қарқын алғанымен, Қазақстанның қалған бөлігінде өте баяу жүрді. 10 ғ-да араб жиһанкезі Ибн Хаукал: “Тараздан әрі қарай бірде-бір мұсылманды көрмегенін” жазды. Көшпелі тайпалар, әсіресе, кейін қазақ жұртын құрағандар, соғыс даласында жеңілгенімен, өздерінің төл діни-нанымдарын, Тәңірге сенімін, күнге, отқа, пұтқа табынушылығын, ғұрып-салттарын сақтап қалды немесе ислам рәсімдерімен қатар қолданды.

Орталық Азияда исламның орнығуы Мұхаммед пайғамбардың 4 серігі — Әбу Бәкір, Омар, Осман, Әли (Әзірет Әлі) сахабаларының әскери жорықтарымен бірге осы аталған 4 әулие-халифалардың тікелей ұрпақтары — қожалардың діни насихат қызметімен де байланысты болды. Уақыт өте қожалар халық құрмет тұтатын тұлғаларға айналды. Діни уағызды шайқылар (шейхтар), кезбе дәруіштер, сопы-пірадарлар да жүргізді. Арабтардың әсерімен жергілікті елдің өз арасынан да діндар адамдар мен дінбасылар (молда, имам, ишан, қазы, қазірет, әулие, тақуа-дуаналар т.б.) көптеп шықты.

Арабтар Орталық Азияның экон. өміріне үлкен өзгерістер әкелді. Олардың араласуымен қала мәдениеті өркендеді, халықар. сауда жедел дамыды, Ұлы Жібек жолындағы қатынас жанданды. 8 ғ-дан бастап Орта Азия мен Қазақстанның оңт-нде мұсылмандардың қамал-бекіністері — рибаттар (рабаттар) салынды. Бұл қамалдардың бір бөлігі кейін ірі қалаларға айналды. Қала тұрғындары арасында ислам дінін қабылдағандардың көбеюіне байланысты Аллаға құлшылық ететін арнайы орындар — мешіттер мен ханакалар салына бастады. Мешіттер рухани орталықтар қызметін атқарды. Кейін мешіттер жанынан арабша сауат ашатын медреселер ашылды. Біртіндеп көне түркі жазуының орнын араб жазуы басты. Түркілер лексикасына араб сөздері кеңінен ене бастады. Хиджра жыл санауы енгізілді. Тұрмысқа жаңа діни мейрамдар қосылды. Қайтыс болған адамдарды мұсылманша жерлеу дәстүрі орныға бастады. Қазақ сахарасында Шығыстың “Мың бір түн” сынды классик. туындылары, исламды дәріптейтін Нұх пайғамбар, Құран хиқаялары, діни аңыздар, “Сал-сал”, “Зарқұм”, “Жүсіп-Зілиха” т.б. дастандары кеңінен тарады. Қазақ даласына исламмен ілесіп дүниені жаңаша тануға бағытталған ғылым мен білім келді. Арабтар Қазақстанға шығыстың озық мәдениеті мен өнерін әкелді. Қазақ жерінде Әбу Наср әл-Фараби сынды әлемдік өркениетке өзіндік үлес қосқан ғұламалар өсіп шықты. Ислам басты дінге айналып, оның қағидаларын орындаушылардың қатары көбейді. Мұсылмандардың қасиетті кітабы — Құранды құрметтеуге үйретіп, бір Аллаға бой ұсындырған жаңа дін түркі тілді жұрттардың туысқандық бірлігін нығайта түсті. Кейін ислам діні түркі халықтарын жаппай орыстандыру әрекетіне қалқан болды. Орталық Азияның арабтар арқылы ислам өрісіне тартылуы түркі жұртының әлеум.-экон., саяси және мәдени даму үрдісін жеделдеткен фактор болды.

Ж.Сүлеймен

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға