Жаңалықтар

«Қазақстан Барысының» билеті сатылымға шықты!

Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі 2011 жылы тұңғыш рет ұйымдастырылып, қазақ күресінің жанкүйерлері алғашқы жылдың ақтық финалын Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінен тегін тамашалаған болатын. Сол жылы бірінші рет ұйымдастырылса да, кешкі сағат 16:00-де басталған бәсекені түнгі сағат 12:00-ге дейін жиналған жұртшылық тапжылмай отырып тамашалаған еді. Көрерменнің көптігі соншалық, спорт кешенінің ішінде ине шаншар жер қалмаған. Халықтың үштен бірі тізе бүгер орын жоқ, тікесінен тік тұрып, балуандарға қолдау жасады. Ұлттық күресімізді ұлттық идеяға айналдыруға бағытталған «Қазақстан Барысы» жобасы халық жүрегінен ойып тұрып орын аларына сол алғашқы жылы көз жеткізген едік. Сондықтан болар, «Қазақстан Барысының» ұйымдастырушылары жыл өткен сайын, көрермен қауымның саны кеңімесе, кемімейтінін ескере отырып, «Қазақстан Барысы» белдесулерінің финалын қазіргі заман талабына сай, заманауи спорт кешенінде өткізуді қолға алып, өткен жылдан бастап республикалық «Сарыарқа» велотрегінде өткізуді жөн деп тауып, 2012 жылдың «Барысын» 10 мыңға жуық көрермен сиятын «Велотрек» спорт кешенінде анықтаған болатын. Сондай-ақ, өткен жылдан бастап, «Қазақстан Барысы» ұйымдастырушылары сатылымға билеттер шығарды. Сонымен бәсі биік бәсекені былтыр қолында билеті бар жанкүйерлер ғана  залдан тікелей көре алды. Міне, сол дәстүр бойынша быйыл да қазақ күресінен өтетін «Қазақстан Барысы» турнирінің ақтық белдесулерін тікелей залдан тамашалаймын деген жанкүйерлер спорт кешеніне тек билетпен ғана кіре алады. Өткен аптада «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қорының баспасөз орталығы 30 маусым күні Астананың 15 жылдық мерей тойына орай өткізілгелі отырған «Қазақстан Барысы»-2013 турнирінің ақтық белдесулерінің билеттері сатылымға шыққанын қабарлады. Билеттердің бағасы 1000, 2000, 3000 теңгелерді құрайды. Билеттерді Астана қаласындағы төменде көрсетілген мекен-жайлардан таба аласыз. Айтпақшы, Сіздің сатып алған билетіңіз бойынша жүлде ойнатады. Бас жүлде – автокөлік!   Билеттерді сату орындары:  «Меломан» дүкендер желісі Атауы Мекен-жайы Телефон Жұмыс уақыты Республика даңғылы Республика даңғ., 17/1 +7 (7172) 32-65-79 (тапсырыс қабылдау қызметі) Тәулік бойы, үзіліссіз және демалыс күндерінсіз «Арсенал» сауда және ойын-сауық кешені Алтынсарин көшесі, 4 +7 (7172) 38-41-06 (137) сағат 10:00-22:00, үзіліссіз және демалыс күндерінсіз «Asia Park» сауда және ойын-сауық орталығы Кабанбай батыр даңғылы, 21, 3-ші қабат, бутик С-38 +7 (7172) 97-86-63 сағат 10:00-22:00, үзіліссіз және демалыс күндерінсіз «Mega Center Astana» сауда және ойын-сауық орталығы Қорғалжын тас жолы және Тұран даңғылы қиылысы, 1, 2-ші қабат, бутик В5 +7 (7172) 79-14-91. Тапсырыс қабылдау қызметі: 79-09-70, 8-702-210-86-49 сағат 10:00-22:00, үзіліссіз және демалыс күндерінсіз  «Керуен» сауда және ойын-сауық орталығы Достык көшесі, 9. 1-ші қабат, бутик 1-20 +7 (7172) 79-53-61 сағат 10:00-22:00, үзіліссіз және демалыс күндерінсіз «Хан Шатыр» сауда және ойын-сауық орталығы Туран даңғылы, 37 +7 (701) 252-40-54 сағат 10:00-22:00, үзіліссіз және демалыс күндерінсіз Кенесары көшесі Кенесары көшесі, Желтоксан көшесі бұрышы +7 (7172) 32-38-44 Тәулік бойы, үзіліссіз және демалыс күндерінсіз    «Қазақстан» орталық концерт залы Атауы Мекен-жайы Телефон Жұмыс уақыты «Қазақстан» ОКЗ Орынбор көшесі, 10/1 +7 (7172) 70-52-56 сағат 10:00-19:00, үзіліссіз және демалыс күндерінсіз «Керуен» сауда және ойын-сауық орталығы  Достык көшесі, 9, 1 қабат, орталық кіреберіс, ресепшн +7 (7172) 62-71-35 сағат 10:00-21:30, үзіліссіз және демалыс күндерінсіз «Сарыарқа» сауда және ойын-сауық орталығы Тұран  даңғылы, 24, 1 қабат, орталық кіреберіс +7 (7172) 62-71-36 сағат 10:00-21:30, үзіліссіз және демалыс күндерінсіз «Mega Center Astana» сауда және ойын-сауық орталығы Қорғалжын тас жолы, 1, орталық кіреберіс, эскалатор жанында +7 (7172) 46-67-13 сағат 10:00-21:30, үзіліссіз және демалыс күндерінсіз «Жастар» сарайы Республика даңғылы, 28 +7 (7172) 62-71-36, 8-777-650-1414 сағат 10:00-19.00, үзіліссіз және демалыс күндерінсіз Конгресс-Холл Кенесары көшесі, 32 +7 (7172) 62-71-14 сағат 10:00-21:30, үзіліссіз және демалыс күндерінсіз   MY TOWN Атауы Мекен-жайы Телефон Жұмыс уақыты «Рамстор» сауда орталығы Самал ш.а.,11, орталық кіреберіс   сағат 10.00-19.00, үзіліссіз және демалыс күндерінсіз «Керуен» сауда және ойын-сауық орталығы Достык көшесі, 9, 1 қабат, орталық кіреберіс, ресепшн +7 (7172) 62-71-35 сағат 10:00-20.00, үзіліссіз және демалыс күндерінсіз Синетемпоре «ЦУМ» Кенесары көшесі, 1 қабат +7 (7172) 62-71-36 сағат 10:00-22.00, үзіліссіз және демалыс күндерінсіз  «MY TOWN» журналының редакциясы Жеңіс даңғылы, 36/4, 1 кеңсе +7 (7172) 31-85-34 сағат 09:00-19.00, үзіліссіз және демалыс күндерінсіз  «MY TOWN» рестораны Республика даңғылы, 33а +7 (7172) 32-02-52 сағат 10:00-20.00, үзіліссіз және демалыс күндерінсіз     Күнсұлтан ОТАРБАЙ,   «Sport» газеті  
24.05.2013 11:20 3631

Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі 2011 жылы тұңғыш рет ұйымдастырылып, қазақ күресінің жанкүйерлері алғашқы жылдың ақтық финалын Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінен тегін тамашалаған болатын.

Сол жылы бірінші рет ұйымдастырылса да, кешкі сағат 16:00-де басталған бәсекені түнгі сағат 12:00-ге дейін жиналған жұртшылық тапжылмай отырып тамашалаған еді. Көрерменнің көптігі соншалық, спорт кешенінің ішінде ине шаншар жер қалмаған. Халықтың үштен бірі тізе бүгер орын жоқ, тікесінен тік тұрып, балуандарға қолдау жасады.

Ұлттық күресімізді ұлттық идеяға айналдыруға бағытталған «Қазақстан Барысы» жобасы халық жүрегінен ойып тұрып орын аларына сол алғашқы жылы көз жеткізген едік.

Сондықтан болар, «Қазақстан Барысының» ұйымдастырушылары жыл өткен сайын, көрермен қауымның саны кеңімесе, кемімейтінін ескере отырып, «Қазақстан Барысы» белдесулерінің финалын қазіргі заман талабына сай, заманауи спорт кешенінде өткізуді қолға алып, өткен жылдан бастап республикалық «Сарыарқа» велотрегінде өткізуді жөн деп тауып, 2012 жылдың «Барысын» 10 мыңға жуық көрермен сиятын «Велотрек» спорт кешенінде анықтаған болатын.

Сондай-ақ, өткен жылдан бастап, «Қазақстан Барысы» ұйымдастырушылары сатылымға билеттер шығарды. Сонымен бәсі биік бәсекені былтыр қолында билеті бар жанкүйерлер ғана  залдан тікелей көре алды.

Міне, сол дәстүр бойынша быйыл да қазақ күресінен өтетін «Қазақстан Барысы» турнирінің ақтық белдесулерін тікелей залдан тамашалаймын деген жанкүйерлер спорт кешеніне тек билетпен ғана кіре алады.

Өткен аптада «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қорының баспасөз орталығы 30 маусым күні Астананың 15 жылдық мерей тойына орай өткізілгелі отырған «Қазақстан Барысы»-2013 турнирінің ақтық белдесулерінің билеттері сатылымға шыққанын қабарлады.

Билеттердің бағасы 1000, 2000, 3000 теңгелерді құрайды. Билеттерді Астана қаласындағы төменде көрсетілген мекен-жайлардан таба аласыз. Айтпақшы, Сіздің сатып алған билетіңіз бойынша жүлде ойнатады. Бас жүлде – автокөлік!

 

Билеттерді сату орындары:

 «Меломан» дүкендер желісі

Атауы

Мекен-жайы

Телефон

Жұмыс уақыты

Республика даңғылы

Республика даңғ., 17/1

+7 (7172) 32-65-79 (тапсырыс қабылдау қызметі)

Тәулік бойы, үзіліссіз және демалыс күндерінсіз

«Арсенал» сауда және ойын-сауық кешені

Алтынсарин көшесі, 4

+7 (7172) 38-41-06 (137)

сағат 10:00-22:00, үзіліссіз және демалыс күндерінсіз

«Asia Park» сауда және ойын-сауық орталығы

Кабанбай батыр даңғылы, 21, 3-ші қабат, бутик С-38

+7 (7172) 97-86-63

сағат 10:00-22:00, үзіліссіз және демалыс күндерінсіз

«Mega Center Astana» сауда және ойын-сауық орталығы

Қорғалжын тас жолы және Тұран даңғылы қиылысы, 1, 2-ші қабат, бутик В5

+7 (7172) 79-14-91. Тапсырыс қабылдау қызметі: 79-09-70, 8-702-210-86-49

сағат 10:00-22:00, үзіліссіз және демалыс күндерінсіз

 «Керуен» сауда және ойын-сауық орталығы

Достык көшесі, 9. 1-ші қабат, бутик 1-20

+7 (7172) 79-53-61

сағат 10:00-22:00, үзіліссіз және демалыс күндерінсіз

«Хан Шатыр» сауда және ойын-сауық орталығы

Туран даңғылы, 37

+7 (701) 252-40-54

сағат 10:00-22:00, үзіліссіз және демалыс күндерінсіз

Кенесары көшесі

Кенесары көшесі, Желтоксан көшесі бұрышы

+7 (7172) 32-38-44

Тәулік бойы, үзіліссіз және демалыс күндерінсіз

 

 «Қазақстан» орталық концерт залы

Атауы

Мекен-жайы

Телефон

Жұмыс уақыты

«Қазақстан» ОКЗ

Орынбор көшесі, 10/1

+7 (7172) 70-52-56

сағат 10:00-19:00, үзіліссіз және демалыс күндерінсіз

«Керуен» сауда және ойын-сауық орталығы

 Достык көшесі, 9, 1 қабат, орталық кіреберіс, ресепшн

+7 (7172) 62-71-35

сағат 10:00-21:30, үзіліссіз және демалыс күндерінсіз

«Сарыарқа» сауда және ойын-сауық орталығы

Тұран  даңғылы, 24, 1 қабат, орталық кіреберіс

+7 (7172) 62-71-36

сағат 10:00-21:30, үзіліссіз және демалыс күндерінсіз

«Mega Center Astana» сауда және ойын-сауық орталығы

Қорғалжын тас жолы, 1, орталық кіреберіс, эскалатор жанында

+7 (7172) 46-67-13

сағат 10:00-21:30, үзіліссіз және демалыс күндерінсіз

«Жастар» сарайы

Республика даңғылы, 28

+7 (7172) 62-71-36, 8-777-650-1414

сағат 10:00-19.00, үзіліссіз және демалыс күндерінсіз

Конгресс-Холл

Кенесары көшесі, 32

+7 (7172) 62-71-14

сағат 10:00-21:30, үзіліссіз және демалыс күндерінсіз

 

MY TOWN

Атауы

Мекен-жайы

Телефон

Жұмыс уақыты

«Рамстор» сауда орталығы

Самал ш.а.,11, орталық кіреберіс

 

сағат 10.00-19.00, үзіліссіз және демалыс күндерінсіз

«Керуен» сауда және ойын-сауық орталығы

Достык көшесі, 9, 1 қабат, орталық кіреберіс, ресепшн

+7 (7172) 62-71-35

сағат 10:00-20.00, үзіліссіз және демалыс күндерінсіз

Синетемпоре «ЦУМ»

Кенесары көшесі, 1 қабат

+7 (7172) 62-71-36

сағат 10:00-22.00, үзіліссіз және демалыс күндерінсіз

 «MY TOWN» журналының редакциясы

Жеңіс даңғылы, 36/4, 1 кеңсе

+7 (7172) 31-85-34

сағат 09:00-19.00, үзіліссіз және демалыс күндерінсіз

 «MY TOWN» рестораны

Республика даңғылы, 33а

+7 (7172) 32-02-52

сағат 10:00-20.00, үзіліссіз және демалыс күндерінсіз

 

 

Күнсұлтан ОТАРБАЙ,

 

«Sport» газеті

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға