80 жастағы қарт Эверест шыңын бағындырды
Миура шыңның ұшар басына - 8848 метр биіктігіне дейін шықты. Оны жапониялық үш альпинист мен непалдық алты альпинист бастап жүрді. Миурамен бірге шыңды бағындырғандар арасында оның ұлы да бар, деп хабарлайды «Азаттық».
Миура бұған дейін жүрегіне төрт рет операция жасатқан еді. Ол шыңға шыққан соң ұялы телефон арқылы жанұясына хабарласып, халі жақсы екенін айтты.
Юкихиро Миура 1970 жылы Эверестен шаңғымен түсіп әйгілі болған. Ол 70 және 75 жасында да екі рет Эверест шыңын бағындырған.
Бірақ Миураның бұл рекордын таяуда өзге адам бұзуы ықтимал. Непалдық 81 жастағы альпинист Мин Бахадур Шерхан таяуда Эверест шыңына шығуды жоспарлап отыр. Ол Миураға дейін Эвереске шығып, әлемдегі ең қарт алипинист атанған еді.
ҚазАқпарат.