Жаңалықтар

Шалгиіз Тіленшеұлы

    Тіленшеұлы Шалгиіз (1465-1560) — ұлы жырау, ойшыл. Жайықтың шығыс бетінде дүниеге келген. Үш айлығында анасынан айырылып, нағашы әжесінің қолында тәрбиеленеді. Ер жетіп, атқа қонған кезінде Ноғайлы ханы Темірдің билерінің бірі болады. Бірақ билеушінің ығына жығыла бермеген. Келіспеген тұстарында ашық та қатты айтып, елдікке шақырған. Ақылсыз достан - ақымақ дұшпан артық. Достық туралы Жаманнан туған жақсы бар - адам айтса нанғысыз, Жақсыдан туған жаман бар - бір аяқ асқа алғысыз. Жақсы мен жаман туралы Жақсының өзі өлсе де - сөзі өлмейді. Асыл сөз туралы Жақсының жақсылығы сол болар - жаманменен қосылып сөйлемекке ар етер, жаманның жамандығы сол болар - сөйлесе бетін қара етер. Жақсы мен жаман туралы Тұсында болған мәртті қорлама - табылмайды керекте. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Бар күшіңді сынамай - балуандармен күреспе. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Жоғары қарап оқ атпа - жақын түсер қасыңа. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Жақсы да келер бұл көпке, жаман да келер бұл көпке. Жақсы мен жаман туралы Шағырмақ бұлт - жай тастар, әділ жігіт - ел бастар. Әділдік туралы Шешен жігіт - жол бастар, батыр жігіт - қол бастар. Батырлық, ерлік туралы Айдын сулар, аймақ көл - тасыса дөңбек келтірер, Көп өтірік, жаман сөз - басыңа бәле келтірер. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Жаманға беліңді шешіп иланба - илантып тұрып өлтірер. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Күлелік те, ойналық, Киелік те ішелік. Мынау жалған дүние, Кімдерден кейін қалмаған?! Адам өмірі туралы Ағайынның ішінде бір жақсысы бар болса - қаумалаған көп жаман сол жақсыны көре алмас. Жақсы мен жаман туралы Алға сап жауап бермеңіз - арғы түбін ойламай. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Жүк тиесең - кетерсің, ниет етсең - жетерсің. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Асқардан биік тау болмас - басына балапан ұшып қона алмас, Бүркіттен қыран құс болмас - бауыры жайылмай бөрі алмас. Биіктік, асқақтық туралы Жүйрікпін деп жалданба - жолығарсың арланға. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Еріккенде қызыл тілін тыймаған бір пәлеге жолығар. Тіл туралы Жағаңа дұшпан қолы тимеске - артыңда туысқанның көбі игі. Ынтымақ-бірлік, татулық туралы Арғымақ атқа көп міндім - садаға кетсін буданнан, Азаматқа көп ердім - садаға кетсін туғаннан. Пайдасыздық, керексіздік туралы Жайыңды білмес қарындас - өзі дұшпан, өзі қас. Әйел, ана туралы Атаның ұлы жақсыға - малыңды бер де, басың қос: бір күні болар керегі. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Күле кіріп, күңіреніп шыққан достан сақтасын. Достық туралы Есендікте - малыңды бер де батыр жи, басыңа қиын-қыстау іс түссе - дұшпанның қолы жете алмас. Еңбек туралы Жалаңаш барып жауға ти - тәңірі өзі біледі ажалымыз қайдан дүр! Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Жаманға сырыңды қосып сөз айтпа. Жаманның жалаңдаған тілі жау. Жақсы мен жаман туралы Бір жақсымен дос болсаң - азбас-тозбас мүлкі етер, Бір жаманмен дос болсаң - бар ғаламға күлкі етер. Жақсы мен жаман туралы Жаман туған бар болса, жақсы жолдас зар болса - жазаны сонда көрерсің. Жақсы мен жаман туралы Түлкідей құйрық тастаған жаман тағылық жетер басыңа-ай. Жақсы мен жаман туралы Тәңірі өзі бермесе - «менмен»-сіп жүрген ер жігіт кісіден тартып ала алмас. Дін, иман туралы  Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы
24.05.2013 06:03 7586

 

 

Тіленшеұлы Шалгиіз (1465-1560) — ұлы жырау, ойшыл. Жайықтың шығыс бетінде дүниеге келген. Үш айлығында анасынан айырылып, нағашы әжесінің қолында тәрбиеленеді. Ер жетіп, атқа қонған кезінде Ноғайлы ханы Темірдің билерінің бірі болады. Бірақ билеушінің ығына жығыла бермеген. Келіспеген тұстарында ашық та қатты айтып, елдікке шақырған.

Ақылсыз достан - ақымақ дұшпан артық.

Достық туралы

Жаманнан туған жақсы бар - адам айтса нанғысыз,

Жақсыдан туған жаман бар - бір аяқ асқа алғысыз.

Жақсы мен жаман туралы

Жақсының өзі өлсе де - сөзі өлмейді.

Асыл сөз туралы

Жақсының жақсылығы сол болар - жаманменен қосылып сөйлемекке ар етер, жаманның жамандығы сол болар - сөйлесе бетін қара етер.

Жақсы мен жаман туралы

Тұсында болған мәртті қорлама - табылмайды керекте.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Бар күшіңді сынамай - балуандармен күреспе.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Жоғары қарап оқ атпа - жақын түсер қасыңа.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Жақсы да келер бұл көпке, жаман да келер бұл көпке.

Жақсы мен жаман туралы

Шағырмақ бұлт - жай тастар, әділ жігіт - ел бастар.

Әділдік туралы

Шешен жігіт - жол бастар, батыр жігіт - қол бастар.

Батырлық, ерлік туралы

Айдын сулар, аймақ көл - тасыса дөңбек келтірер,

Көп өтірік, жаман сөз - басыңа бәле келтірер.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Жаманға беліңді шешіп иланба - илантып тұрып өлтірер.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Күлелік те, ойналық,

Киелік те ішелік.

Мынау жалған дүние,

Кімдерден кейін қалмаған?!

Адам өмірі туралы

Ағайынның ішінде бір жақсысы бар болса - қаумалаған көп жаман сол жақсыны көре алмас.

Жақсы мен жаман туралы

Алға сап жауап бермеңіз - арғы түбін ойламай.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Жүк тиесең - кетерсің, ниет етсең - жетерсің.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Асқардан биік тау болмас - басына балапан ұшып қона алмас,

Бүркіттен қыран құс болмас - бауыры жайылмай бөрі алмас.

Биіктік, асқақтық туралы

Жүйрікпін деп жалданба - жолығарсың арланға.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Еріккенде қызыл тілін тыймаған бір пәлеге жолығар.

Тіл туралы

Жағаңа дұшпан қолы тимеске - артыңда туысқанның көбі игі.

Ынтымақ-бірлік, татулық туралы

Арғымақ атқа көп міндім - садаға кетсін буданнан,

Азаматқа көп ердім - садаға кетсін туғаннан.

Пайдасыздық, керексіздік туралы

Жайыңды білмес қарындас - өзі дұшпан, өзі қас.

Әйел, ана туралы

Атаның ұлы жақсыға - малыңды бер де, басың қос: бір күні болар керегі.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Күле кіріп, күңіреніп шыққан достан сақтасын.

Достық туралы

Есендікте - малыңды бер де батыр жи, басыңа қиын-қыстау іс түссе - дұшпанның қолы жете алмас.

Еңбек туралы

Жалаңаш барып жауға ти - тәңірі өзі біледі ажалымыз қайдан дүр!

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Жаманға сырыңды қосып сөз айтпа.

Жаманның жалаңдаған тілі жау.

Жақсы мен жаман туралы

Бір жақсымен дос болсаң - азбас-тозбас мүлкі етер,

Бір жаманмен дос болсаң - бар ғаламға күлкі етер.

Жақсы мен жаман туралы

Жаман туған бар болса, жақсы жолдас зар болса - жазаны сонда көрерсің.

Жақсы мен жаман туралы

Түлкідей құйрық тастаған жаман тағылық жетер басыңа-ай.

Жақсы мен жаман туралы

Тәңірі өзі бермесе - «менмен»-сіп жүрген ер жігіт кісіден тартып ала алмас.

Дін, иман туралы

 Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға