Шал Құлекеұлы-2
Ат - жетім: өрен жүйрік шабылмаған, құс - жетім: саятшысы табылмаған, әйел - жетім: өзінің теңін тауып қосылмаған.
Адам өмірі туралы
Кәрі өлсе - дауыл тынғаны, жас өлсе - бәйтерегіңнің сынғаны.
Адам өмірі туралы
Шабан ат жаман аттан азбас, тегі.
Төрт түлік мал туралы
Жас сыны: қырықта - қынаптағы қылыштаймын, елуде - әр қиынға жұмыстаймын, алпысымда - ашқарақ бөрідеймін, жетпісте - шала илеген терідеймін, жетпістен асып, сексенге келгенімде - к... кері кеткен перідеймін, тоқсанға келгенімде - торғайдаймын: атқа мініп, малымды зорға айдаймын, кемпір мен шалдан билік кеткеннен соң, отырып от басында ойбайлаймын. Тоқсан бесте - мен өзім тор болғамын, мүләйім отқа салған бор болғамын, кәрілік әбден езіп болғаннан соң - баланың баласына қор болғамын.
Адам өмірі туралы
Жігіт сыны: бір жігіт бар - құр жан, бір жігіт бар - тірі жан, бір жігіт бар - жігіт жан. Құр жан дейтін жігіт - кеудесінде жаны бар, еш нәрсені бітірмейді. Тірі жан дейтін - бар тапқанын киім мен асқа салар, қызыл белбеу, шоңқима етік, үкі тағып, әркімді бір сықақ қылар. Жігіт жан дейтін жігіт - сегіз қырлы, бір сырлы болар.
Ер жігіт туралы
Әйел сыны: қарауыл қара дейтін бір қатын болады - таңертең тұрады, түндікті оңынан ашады, кетіп бара жатқанға көз салып, өтіп бара жатқанды адал алады. Екінші әйел - қыналы бармақ дейтін - аз нәрсені көптей қылады, киіміне кір жұқпайды, асына қылшық тұрмайды, дүниесінің бәрі таза болады, ерінің бары-жоғын білгізбейді. «Ер - егіз, еңбексіз - жалғыз» деген. Осы талайлы елдің қолына түседі. Үшіншісі - ашып атар, жатып ішер... бастама етік көрпілдек, сиыр жапасы сырылдақ. Сормаңдай ерге жолығады.
Әйел, ана туралы
Бақ-дәулет, мал бітерде: ырыс қонар, ынтымағы ағайынның дұрыс болар, бала пайдакүнем болар, жалшы жауынгер болар, қыз қылықты болар, келін епті болар, көп көрініп жау қашырар, көптеп- көмектеп қонақ атандырар. Адамы қырлы болар, малы түрлі болар, иті-үреген келер, тіркеген малы жүреген келер.
Бақыт, бақ-дәулет туралы
Бақ-дәулет, мал көшерде: ырыс қашар, біреуі біреуіне пәле жасар.Бала пайдасыз болар, жалшысы жалқау болар, қыз қылықсыз болар, келін керенау болар, қатыны салақ болар, ат мінсе - жалақ келер, адамы қырсыз келер, малы түрсіз келер. Иті үрмес, тіркеген малы жүрмес.
Бақыт, бақ-дәулет туралы
Жаманға дәулет бітсе - әуе айналар,
Жақсыға дәулет бітсе - бақ айналар.
Жақсы мен жаман туралы
Қорқақ емей немене - қашқан кісі,
Батыр емей немене - шанышқан кісі.
Ерлік, батырлық туралы
Ата-ананың қадірін - балалы болғанда білерсің,
Ағайынның қадірін - жалалы болғанда білерсің.
Дәулетіңнің қадірін - мал кеткенде білерсің,
Маңайдағы дұшпанды - түн жеткенде білерсің.
Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы
Қона берсең - жерің тозар, шаба берсең - елің тозар.
Ел, халық туралы
Қатын алма алпыстан асқаннан соң,
Күш-қуатың бойыңнан қашқаннан соң.
Жас тоқал жатысымен еміренсе,
Тер шығар маңдайыңнан сасқаннан соң.
Әйел, ана туралы
Пәлеге - сабыр, қазаға - тәуба.
Дін, иман туралы
Кәрілік қалдырады ұятқа.
Адам өмірі туралы
Ақыл мидан қайнап шыққаны дұрыс.
Ақыл-ой туралы
«Лә иллаһа иллалла» - иманыңыз,
Иманымен бұйырсын жиғаныңыз.
Дін, иман туралы
Құдайға құлшылық қыл, аллаға жақ,
Қабірге бірге түспес мал мен бақ.
Тәңірі алдына барғанда бәрі бірдей,
Патша болып мінсең де алтыннан тақ.
Дін, иман туралы
Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы