Жаңалықтар

Таңбалы археологиялық кешені

Соңғы редакциялау: 25 қазан 2012 жыл Таңбалы археологиялық кешені, Тамғалы археологиялық кешені – тасқа шекілген қола дәуірінің суреттері. Алматы қ-нан солт.-батысқа қарай 170 км жерде, Алматы обл. Жамбыл ауд. Қарабастау а. Шу-Қле тауларының оңт.-шығыс бөлігінде. 1957 ж. Ш.Уәлиханов атынд. Тарих, археология және этнология ин-тының экспед. “Қазақстанның археологиялық картасы” бағдарламасы аясындағы барлау жұмыстарының барысында ашылған. Т. а. к-нде қола және ерте темір дәуірлері, орта ғасырлар мен жаңа заманғы қоныстар, қо-рымдар, құрбандық орындары және петроглифтер тәрізді барлығы 100-ге жуық ескерткіш орындары бар. Шағын аумаққа шоғырланған ескерткіштер осы өңірді мекендеген көптеген көне  тайпалардың 3 мың жылдық тарихын қамтиды. Кешеннің негізгі өзегі шатқалдағы 3000-ға жуық петроглифтер. Кей зерттеушілер петроглифтердің ең көнелері б.з.б. 2-мыңжылдықтың ортасында, кейбірі ерте темір дәуірінің басында, сондай-ақ қола дәуірінде пайда болған деген тұжырымдар айтады. Қола дәуіріне тән бейнелер мен сюжеттер негізінен “күн басты” және “дәстүрлі киім” үлгісі сипатында. Т. а. к. Орт. Азияда кең тараған антроморфты бейне – күн шапақты бет перде киген пішіндердің көптігімен ерекшеленеді. Олар жеке түрде де, көп пішінді композиция түрінде де кездеседі. Құйрықты күнбас пішіндер әр түрлі бейнелерді сомдай отырып, дәстүрлі би өнері үлгілерінде көрініс тапқан. Суреттердің толық бір топтамасы антроморфты бейнеде жануарлар кейпіндегі бет перде киіп, аң терісін жамылған. Дәстүрлі және ғұрыптық үлгідегі киіну салтының бейнеленуі Орт. Азия бойынша мерзімделу шеңбері б.з.б. 3-мыңжылдықтың басы мен 2-мыңжылдықтың ортасына сәйкес келеді. Олар сонымен бірге ерте темір дәуірінің афанасьев, окунев мәдениеттеріне жақындығымен, Солт. және Орт. Азияның далалық аймақтарының мәдениеттерімен (андрон мәдениеті, қарасұқ мәдениеті, т.б.) ұқсастығымен ерекшеленеді. Бұл суреттер осы тауды киелі санап, мәдени ғұрыптық орынға айналдырған қауымдарға тәу ету, ғұрыптық жоралғылар өткізу кезінде алыстан көрінуі үшін таң атқаннан күн батқанға дейін күн сәулесі түсетін жартастардың ұшар биігіне салынған. Ғұрып-жоралғылар өткеннен кейін тасқа салынған суреттер дәстүрлі шаралардың мән-мағынасынан хабар бере отырып, сол кеңістіктегі дүниетанымды көрсетеді. Осы киелі шағын кеңістіктегі дәстүрлі киім үлгісіндегілер мен күн басты бейнелер, рухани құндылықтарды сақтаушылар іспетті. Күн сәулесіне орай құбылып тұратын сурет түстерінде ғарыштық және мезгілдік циклдар ғана емес, сонымен бірге тәуліктік кезең де маңызды орын алады. Мұндай суреттер ежелгі бақсылардың діни билерінен кейінгі трансқа түсу барысында жасалған деген пікір де қалыптасқан. Сонымен бірге барлық “күн басты” бейнелер алғашқы құдайларды бейнелемейді, керісінше кейбір рух пен құдайлардың араласуын білдіреді деген пікір де бар. Күн басты бейнелердің әр түрлі болуы пантеонның көп сатылы иерархиядан тұратындығын, сонымен бірге аймақтың этник. және басқа да өзгешеліктерін көрсетеді. Бақсылықтың мифол. кешенінде ғарыштық кеңістіктің үш мүшеден тұратындығы, идеясы мен оның “әлем бәйтерегімен” байланыстылығы басты орын алады. Бұл жерде бақсының өзі бір жағынан “әлем бәйтерегін” білдірсе, бір жағынан байланыстырушы рөлін атқарады. Т. а. к-нің күн басты бейнелері күн құдайына табынумен, өмірлік айналыммен, табиғи циклмен де байланысты болуы мүмкін. Бұл персонаждардың тур-бұқалар бейнелерімен және мифтік-ғұрыптық кешендермен, әсіресе, құрбандық шалу идеясымен байланысы сөзсіз. Бұл жерде кеуделеріне сурет салынған бұқа бейнелері жиі кездеседі, оларды кей зерттеушілер бақсылық транс сәттерінде қалыптасқан күйдің нәтижесі ретінде түсіндіреді. Көптеген әскери қос атты күймелердің бейнелері күн культімен (табынумен) тығыз байланысты. Б.з.б. 2-мыңжылдықтың ортасына қарай далалық Еуразияның қола дәуірі тайпаларында әскери күймелердің культі дамыды. Көне үндіарийлердің қасиетті жазбаларында айтылатындай қоғамда күймелер кастасы ерекше артықшылықтарды пайдаланды. Петроглифтердің тұтас бір бөлігі ежелгі жылқышылардың өмір салттарымен және мифтік-ғұрыптық кешендермен байланысты. “Сейминдік-турбиндік” деп аталатын стильдегі жылқылардың кескіндері анағұрлым көп ұшырасады, мұнда бұл жануарлар үлкен кеуделерімен, әсем құйрықтарымен, сонымен бірге бастарының белгілі бір түрімен бейнеленген. Кей жағдайларда ғана жылқы жалдары күзелген түрде берілген. Қола дәуірінің суреттерінде жаяу және салт атты садақшылар бейнеленіп, аңшылық дәстүрлері көрініс тапқан. Тас суреттер жасау барысында жергілікті ландшафт ерекшеліктері, ғұрыптық-салттық дәстүрлер де негізгі рөл ойнаған және өзіндік семантик. мәнге ие дыбыстық ерекшеліктері бар ойыстар негізге алынған. Мәнді кейіпкерлері бар жалпақ тастардың кейіннен жерлеу жәшіктері – цисталарға қолданылуы дүниетанымның өзгеруіне, миграц. процестерге байланысты болуы ықтимал. Мұны ерте сақ уақытымен кезеңделетін Солт.-батыс Моңғолия, Байкал сырты және Оңт. Сібір бұғы тастарына тән құс тұмсықты бұғылар арқылы байқауға болады. Ерте темір дәуірінің аздаған петроглифтер тобы сол уақыттағы өздерінің ерекше көркемдеу әдісі скиф-сібірлік жануар стилі бойынша танылады. Бұлар әр түрлі экспрессивті қозғалыста, кейде аяқтарының ұшымен тұрған, кейде аяқтары бүгілген бейнедегі маралдар, қабандар және тауешкілердің мүсіндері. Бұл уақыттың сюжеттері жыртқыштардың шөп жейтін жануарларды қинау негізінде берілген. Келесі ғұн-сармат кезіндегі жартас суреттері жасалу стилі жағынан да, тақырыптық жағынан да алдыңғы уақыттың петроглифтерінен ерекшеленбейді. Көне түркі кезеңінің тас суреттері бұрынғы петроглифтердің үстіне немесе жартастың ашық жерлеріне, қолайсыз тұстарға салынған. Ортағасырлық бейнелеу өнеріндегі негізгі кейіпкер – “бастан-аяқ” қаруланған, алдан артқа немесе оңнан-солға қараған күйі бейнеленген салт атпен шауып бара жатқан дала сарбазы. Көне түркілердің бейнелеу өнеріндегі сан қырлы әрі эпик. образдағы, әскери сипаттағы қаруланған салт атты сарбаздың көрініс табуы, ортағасырлық көшпелілік негізінде қалыптасқан мемл. құрылым мен оның әскери дамуын байқатады. Бұл суреттердің аталмыш өнердегі жанаспалы сюжеттері белгілі бір жанрлық композицияларда көне түркі жауынгерінің асқан ерлігін көрсетуге немесе оның даңқын мадақтауға құрылған. Тас суреттердің арасынан кейінгі қазақтардың этногр. сипаттағы суреттері оның арғы дәстүрмен мәдени-тарихи тұрғыдан жалғастығын көрсетеді. Кешенге әр кезеңдерде А.Г. Максимова, А.Г. Медоев, А.Н. Марьяшев, А.С. Ермолаева, Б.Ж. Әубәкіров, А.Е. Рогожинский, З.Самашев, т.б. ғалымдар зерттеу жүргізді. 2001 ж. ҚР Үкіметінің қаулысымен Т. а. к-не республик. маңыздағы ескерткіш мәртебесі берілді. 2003 ж. “Тамғалы” мемл.-мәдени және табиғи қорығы құрылды, 2004 ж. Т. а. к. бүкіләлемдік мәдени мұра тізіміне енгізілді. З. Самашев Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 8-том
09.11.2012 04:16 7607

Соңғы редакциялау:

25 қазан 2012 жыл

Таңбалы археологиялық кешені, Тамғалы археологиялық кешені – тасқа шекілген қола дәуірінің суреттері. Алматы қ-нан солт.-батысқа қарай 170 км жерде, Алматы обл. Жамбыл ауд. Қарабастау а. Шу-Қле тауларының оңт.-шығыс бөлігінде. 1957 ж. Ш.Уәлиханов атынд. Тарих, археология және этнология ин-тының экспед. “Қазақстанның археологиялық картасы” бағдарламасы аясындағы барлау жұмыстарының барысында ашылған. Т. а. к-нде қола және ерте темір дәуірлері, орта ғасырлар мен жаңа заманғы қоныстар, қо-рымдар, құрбандық орындары және петроглифтер тәрізді барлығы 100-ге жуық ескерткіш орындары бар. Шағын аумаққа шоғырланған ескерткіштер осы өңірді мекендеген көптеген көне  тайпалардың 3 мың жылдық тарихын қамтиды. Кешеннің негізгі өзегі шатқалдағы 3000-ға жуық петроглифтер. Кей зерттеушілер петроглифтердің ең көнелері б.з.б. 2-мыңжылдықтың ортасында, кейбірі ерте темір дәуірінің басында, сондай-ақ қола дәуірінде пайда болған деген тұжырымдар айтады. Қола дәуіріне тән бейнелер мен сюжеттер негізінен “күн басты” және “дәстүрлі киім” үлгісі сипатында. Т. а. к. Орт. Азияда кең тараған антроморфты бейне – күн шапақты бет перде киген пішіндердің көптігімен ерекшеленеді. Олар жеке түрде де, көп пішінді композиция түрінде де кездеседі. Құйрықты күнбас пішіндер әр түрлі бейнелерді сомдай отырып, дәстүрлі би өнері үлгілерінде көрініс тапқан. Суреттердің толық бір топтамасы антроморфты бейнеде жануарлар кейпіндегі бет перде киіп, аң терісін жамылған. Дәстүрлі және ғұрыптық үлгідегі киіну салтының бейнеленуі Орт. Азия бойынша мерзімделу шеңбері б.з.б. 3-мыңжылдықтың басы мен 2-мыңжылдықтың ортасына сәйкес келеді. Олар сонымен бірге ерте темір дәуірінің афанасьев, окунев мәдениеттеріне жақындығымен, Солт. және Орт. Азияның далалық аймақтарының мәдениеттерімен (андрон мәдениеті, қарасұқ мәдениеті, т.б.) ұқсастығымен ерекшеленеді. Бұл суреттер осы тауды киелі санап, мәдени ғұрыптық орынға айналдырған қауымдарға тәу ету, ғұрыптық жоралғылар өткізу кезінде алыстан көрінуі үшін таң атқаннан күн батқанға дейін күн сәулесі түсетін жартастардың ұшар биігіне салынған. Ғұрып-жоралғылар өткеннен кейін тасқа салынған суреттер дәстүрлі шаралардың мән-мағынасынан хабар бере отырып, сол кеңістіктегі дүниетанымды көрсетеді. Осы киелі шағын кеңістіктегі дәстүрлі киім үлгісіндегілер мен күн басты бейнелер, рухани құндылықтарды сақтаушылар іспетті. Күн сәулесіне орай құбылып тұратын сурет түстерінде ғарыштық және мезгілдік циклдар ғана емес, сонымен бірге тәуліктік кезең де маңызды орын алады. Мұндай суреттер ежелгі бақсылардың діни билерінен кейінгі трансқа түсу барысында жасалған деген пікір де қалыптасқан. Сонымен бірге барлық “күн басты” бейнелер алғашқы құдайларды бейнелемейді, керісінше кейбір рух пен құдайлардың араласуын білдіреді деген пікір де бар. Күн басты бейнелердің әр түрлі болуы пантеонның көп сатылы иерархиядан тұратындығын, сонымен бірге аймақтың этник. және басқа да өзгешеліктерін көрсетеді. Бақсылықтың мифол. кешенінде ғарыштық кеңістіктің үш мүшеден тұратындығы, идеясы мен оның “әлем бәйтерегімен” байланыстылығы басты орын алады. Бұл жерде бақсының өзі бір жағынан “әлем бәйтерегін” білдірсе, бір жағынан байланыстырушы рөлін атқарады. Т. а. к-нің күн басты бейнелері күн құдайына табынумен, өмірлік айналыммен, табиғи циклмен де байланысты болуы мүмкін. Бұл персонаждардың тур-бұқалар бейнелерімен және мифтік-ғұрыптық кешендермен, әсіресе, құрбандық шалу идеясымен байланысы сөзсіз. Бұл жерде кеуделеріне сурет салынған бұқа бейнелері жиі кездеседі, оларды кей зерттеушілер бақсылық транс сәттерінде қалыптасқан күйдің нәтижесі ретінде түсіндіреді. Көптеген әскери қос атты күймелердің бейнелері күн культімен (табынумен) тығыз байланысты. Б.з.б. 2-мыңжылдықтың ортасына қарай далалық Еуразияның қола дәуірі тайпаларында әскери күймелердің культі дамыды. Көне үндіарийлердің қасиетті жазбаларында айтылатындай қоғамда күймелер кастасы ерекше артықшылықтарды пайдаланды. Петроглифтердің тұтас бір бөлігі ежелгі жылқышылардың өмір салттарымен және мифтік-ғұрыптық кешендермен байланысты. “Сейминдік-турбиндік” деп аталатын стильдегі жылқылардың кескіндері анағұрлым көп ұшырасады, мұнда бұл жануарлар үлкен кеуделерімен, әсем құйрықтарымен, сонымен бірге бастарының белгілі бір түрімен бейнеленген. Кей жағдайларда ғана жылқы жалдары күзелген түрде берілген. Қола дәуірінің суреттерінде жаяу және салт атты садақшылар бейнеленіп, аңшылық дәстүрлері көрініс тапқан. Тас суреттер жасау барысында жергілікті ландшафт ерекшеліктері, ғұрыптық-салттық дәстүрлер де негізгі рөл ойнаған және өзіндік семантик. мәнге ие дыбыстық ерекшеліктері бар ойыстар негізге алынған. Мәнді кейіпкерлері бар жалпақ тастардың кейіннен жерлеу жәшіктері – цисталарға қолданылуы дүниетанымның өзгеруіне, миграц. процестерге байланысты болуы ықтимал. Мұны ерте сақ уақытымен кезеңделетін Солт.-батыс Моңғолия, Байкал сырты және Оңт. Сібір бұғы тастарына тән құс тұмсықты бұғылар арқылы байқауға болады. Ерте темір дәуірінің аздаған петроглифтер тобы сол уақыттағы өздерінің ерекше көркемдеу әдісі скиф-сібірлік жануар стилі бойынша танылады. Бұлар әр түрлі экспрессивті қозғалыста, кейде аяқтарының ұшымен тұрған, кейде аяқтары бүгілген бейнедегі маралдар, қабандар және тауешкілердің мүсіндері. Бұл уақыттың сюжеттері жыртқыштардың шөп жейтін жануарларды қинау негізінде берілген. Келесі ғұн-сармат кезіндегі жартас суреттері жасалу стилі жағынан да, тақырыптық жағынан да алдыңғы уақыттың петроглифтерінен ерекшеленбейді. Көне түркі кезеңінің тас суреттері бұрынғы петроглифтердің үстіне немесе жартастың ашық жерлеріне, қолайсыз тұстарға салынған. Ортағасырлық бейнелеу өнеріндегі негізгі кейіпкер – “бастан-аяқ” қаруланған, алдан артқа немесе оңнан-солға қараған күйі бейнеленген салт атпен шауып бара жатқан дала сарбазы. Көне түркілердің бейнелеу өнеріндегі сан қырлы әрі эпик. образдағы, әскери сипаттағы қаруланған салт атты сарбаздың көрініс табуы, ортағасырлық көшпелілік негізінде қалыптасқан мемл. құрылым мен оның әскери дамуын байқатады. Бұл суреттердің аталмыш өнердегі жанаспалы сюжеттері белгілі бір жанрлық композицияларда көне түркі жауынгерінің асқан ерлігін көрсетуге немесе оның даңқын мадақтауға құрылған. Тас суреттердің арасынан кейінгі қазақтардың этногр. сипаттағы суреттері оның арғы дәстүрмен мәдени-тарихи тұрғыдан жалғастығын көрсетеді. Кешенге әр кезеңдерде А.Г. Максимова, А.Г. Медоев, А.Н. Марьяшев, А.С. Ермолаева, Б.Ж. Әубәкіров, А.Е. Рогожинский, З.Самашев, т.б. ғалымдар зерттеу жүргізді. 2001 ж. ҚР Үкіметінің қаулысымен Т. а. к-не республик. маңыздағы ескерткіш мәртебесі берілді. 2003 ж. “Тамғалы” мемл.-мәдени және табиғи қорығы құрылды, 2004 ж. Т. а. к. бүкіләлемдік мәдени мұра тізіміне енгізілді.

З. Самашев

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 8-том

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға