Жаңалықтар

Шал Құлекеұлы

Құлекеұлы Шал (1748-1819) - ақын. Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Әкесі - Абылай ханның белді батырларының бірі. Өткір де ойлы өлеңдерінде өмір туралы, адам бойындағы қасиеттер жайлы, уақыт турасында сыр шертеді.   Пайдаңды жақсы болсаң көпке тигіз. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Жақсыны - алыс, жаманды - жақын көрме. Жақсы мен жаман туралы Екі арыстан қосылса дәуді өлтірер, ажал келсе - ауру түгіл сауды өлтірер, қаніпезер бұзақы жігіт болса - тыныш жатқан еліне дау келтірер. Пайдасыздық, керексіздік туралы Жақсы атансаң - басқаның хақын жеме. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Алдау мен өтірік - сұмның ісі. Өсек-өтірік туралы Байды құдай атқаны - дәулетіне мас болар, ханды құдай атқаны - қарашасымен хас болар, кәріні құдай атқаны - аңдығаны ас болар. Дін, иман туралы Ата-ананы, мейманды құрметтесең - Меккедей нұрға толар үйдің іші. Құрмет, ізет туралы Қарт жақсы жас жақсысын күндемеген. Адам өмірі туралы Адам әуелі бастан қартаяды.  Адам өмірі туралы Көңілі өсіп мейманасы асқан адам кәрілікті мойыңдамайды. Адам өмірі туралы Дүние - ұшып өткен құс, жақсылық,- көрген түс. Дүние туралы Шешен жігіт- дүрмен тең, иманды көңіл - нұрмен тең, іс бітірмес надандар - жүз болса да, бірмен тең. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Жақсыдан сыр жасырма. Жақсы мен жаман туралы Жаманның бір белгісі - жиын-тойға барғанда тамағына өкпе етер. Жақсы мен жаман туралы Нәпсі - бері, иман - қозы. Дін, иман туралы Елінде жақсы жігіттің алыста даңқы зор болар. Ер жігіт туралы Ағайын-туған кімде жоқ, сыйласпасаң - жатша жоқ. Ағайын-туыс туралы Қамқа тонның тозғанын көп жасаған қарт білер, ағайынның озғанын жақын емес, жат білер. Ағайын-туыс туралы Бақ көшсе ақылыңа қарамайды. Бақыт, бақ туралы Жаман әйел алғанның - жауы үйінде, жақсы әйел - алғанның тойы үйінде. Әйел, ана туралы Жаман достан жақсы дұшпан артық. Достық туралы Пайдаңды жақсы болсаң тигіз көпке, жатырқап еш адамды шетке теппе. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Әйел алсаң қарап ал ақылдысын, Сол болар басқалардан жақын кісің. Ағайынға, туысқа қайырылса, Дүниеде нағыз сол ғой мақұл кісің. Ерге - аю, балаға - қасқыр болса, Ондай қатын алғанның күні құрсын. Әйел, ана туралы Жаман өзін зорға балар. Жақсы мен жаман туралы  «Дос» оғы - ғапыл. Достық туралы Мың теңгелік қайғыдан бір теңгелік пайда жоқ. Пайдасыздық, керексіздік туралы Ашу - дұшпан, нәпсі - жау. Ашу, ыза, кек туралы Өткен іске өкінген өмір зая. Адам өмірі туралы Жақсының жүрген жері - той. Жақсы мен жаман туралы Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы
24.05.2013 05:55 5544

Құлекеұлы Шал (1748-1819) - ақын. Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Әкесі - Абылай ханның белді батырларының бірі. Өткір де ойлы өлеңдерінде өмір туралы, адам бойындағы қасиеттер жайлы, уақыт турасында сыр шертеді.

 

Пайдаңды жақсы болсаң көпке тигіз.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Жақсыны - алыс, жаманды - жақын көрме.

Жақсы мен жаман туралы

Екі арыстан қосылса дәуді өлтірер, ажал келсе - ауру түгіл сауды өлтірер, қаніпезер бұзақы жігіт болса - тыныш жатқан еліне дау келтірер.

Пайдасыздық, керексіздік туралы

Жақсы атансаң - басқаның хақын жеме.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Алдау мен өтірік - сұмның ісі.

Өсек-өтірік туралы

Байды құдай атқаны - дәулетіне мас болар, ханды құдай атқаны - қарашасымен хас болар, кәріні құдай атқаны - аңдығаны ас болар.

Дін, иман туралы

Ата-ананы, мейманды құрметтесең - Меккедей нұрға толар үйдің іші.

Құрмет, ізет туралы

Қарт жақсы жас жақсысын күндемеген.

Адам өмірі туралы

Адам әуелі бастан қартаяды. 

Адам өмірі туралы

Көңілі өсіп мейманасы асқан адам кәрілікті мойыңдамайды.

Адам өмірі туралы

Дүние - ұшып өткен құс, жақсылық,- көрген түс.

Дүние туралы

Шешен жігіт- дүрмен тең, иманды көңіл - нұрмен тең, іс бітірмес надандар - жүз болса да, бірмен тең.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Жақсыдан сыр жасырма.

Жақсы мен жаман туралы

Жаманның бір белгісі - жиын-тойға барғанда тамағына өкпе етер.

Жақсы мен жаман туралы

Нәпсі - бері, иман - қозы.

Дін, иман туралы

Елінде жақсы жігіттің алыста даңқы зор болар.

Ер жігіт туралы

Ағайын-туған кімде жоқ, сыйласпасаң - жатша жоқ.

Ағайын-туыс туралы

Қамқа тонның тозғанын көп жасаған қарт білер, ағайынның озғанын жақын емес, жат білер.

Ағайын-туыс туралы

Бақ көшсе ақылыңа қарамайды.

Бақыт, бақ туралы

Жаман әйел алғанның - жауы үйінде, жақсы әйел - алғанның тойы үйінде.

Әйел, ана туралы

Жаман достан жақсы дұшпан артық.

Достық туралы

Пайдаңды жақсы болсаң тигіз көпке, жатырқап еш адамды шетке теппе.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Әйел алсаң қарап ал ақылдысын,

Сол болар басқалардан жақын кісің.

Ағайынға, туысқа қайырылса,

Дүниеде нағыз сол ғой мақұл кісің.

Ерге - аю, балаға - қасқыр болса,

Ондай қатын алғанның күні құрсын.

Әйел, ана туралы

Жаман өзін зорға балар.

Жақсы мен жаман туралы

 «Дос» оғы - ғапыл.

Достық туралы

Мың теңгелік қайғыдан бір теңгелік пайда жоқ.

Пайдасыздық, керексіздік туралы

Ашу - дұшпан, нәпсі - жау.

Ашу, ыза, кек туралы

Өткен іске өкінген өмір зая.

Адам өмірі туралы

Жақсының жүрген жері - той.

Жақсы мен жаман туралы

Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға