Сұлтанмахмұт Торайғыров
Торайғыров Сұлтанмахмұт (1893-1920) - ойшыл, ағартушы, ақын Көкшетау өңірінде дүниеге келғен. Әкесінің аты - Әубәкір. Анасынан ерте айырылып, жетім өскен. Балалық шағының басым бөлігі, бүкіл саналы ғұмыры Павлодар облысының Баянауыл ауданында өткен. Троицк, Семей, Томск қалаларында білім алған. «Айқап» журналының хатшысы болып істеген. Өлеңмен жазылған «Қамар сұлу» романының авторы.
Сөз қадірін білмесең - өлең оқып не керек.
Асыл сөз туралы
Кедей, бай, қажы, төре - бәрі бір бәс.
Байлық-кедейлік туралы
Байлықтың пейілі тар: адам баласын алалайды.
Байлық-кедейлік туралы
Кедейлік, сен - жексұрын түсің суық!
Байлық-кедейлік туралы
Бұл күнде адал еңбекпен баи қою қиын.
Байлық-кедейлік туралы
Ғылым мен өнер елсізді - елдіге, жоқты - барға теңгереді.
Ғылым-білім, өнер туралы
Қазақта білімді адам жоқ емес, көп - бірақ солардың көбі, құты, бәрі өз білімін халалға емес, харамға жұмсап ғадеттенген.
Ғылым-білім, өнер туралы
Білімі көп адам - құралы сай ұста секілді: не істесе де келістіріп істейді.
Ғылым-білім, өнер туралы
Ел болудың бірінші тірегі - білім.
Ғылым-білім, өнер туралы
Түзу ғылымнан, түзу ұстаздан тәлім алған тәліп неге түзелмесін.
Ғылым-білім, өнер туралы
Оқу-білім көркеймек - елге егіп пайдасын,
Ел жетіліп көркеймек - өнер қанат жайғасын
Ғылым-білім, өнер туралы
Өнерлі ел - бар мұқтажын жерден емеді,
Бар қиынды - тек қана ғылым жеңеді.
Ғылым-білім, өнер туралы
Білімді болуға - оқу, бай болуға - кәсіп, күшті болуға - бірліккерек!
Ғылым-білім, өнер туралы
Достың сыры - досына паш.
Достық туралы
Дос іздедім, қармандым,
Тауып едім - алдандым.
Достық туралы
Қыз сыны:
Ақ сәуле, күміс жүзді, құндыз қабақ,
Сен - гүлсің шашқан жұпар жарып сабақ.
Болғанда көзің - жақұт, етің - торғын,
Қасың - ай, шашың - жібек, мамық - тамақ.
Көзің - нұр, аузың - алма, сөзің - алтын,
Самород қоспасы жоқ, нағыз балқын.
Шомылған сұңқар бойың нақ гауһардай,
Бұрқырап нұр төгілсін - маған талпын.
Әйел, ана туралы
Қыз сыны:
Жіңішке сымға тартқан сәні қандай,
Балауыз балбыраған тәні қандай.
Ақыл-ой, мінез-көрік түгел келіп,
Толықсып толып тұрған жаны қандай.
Еріткен іші-бауырыңды лебізі қандай,
Бал тамған майда бұлбұл сөзі қандай.
Жұп-жұмсақ, бып-биязы ішке кіріп,
Жайтаңдап жан күйдірген көзі қандай.
Әйел, ана туралы
Ерке қыз - жібек арқан,
Хас сұлу - жаратылысқа мақтан.
Әйел, ана туралы
Күнелту үшін - ас керек, ас істеуге - күш керек, күшті жұмсауға ес керек.
Еңбек туралы
Жұрт жұмысын істеу - біздің қазақ балаларының әдетінде жоқ: ойынымыз - көп, әрекетіміз - аз.
Еңбек туралы
Ел түзелсін десең - әуелі өзіңді түзе
Қоғам, мемлекет, заман туралы
Дүниенің заңы - биліктің қолында.
Қоғам, мемлекет, заман туралы
Дүниеден жейтұғын ауыз құрымай - әділдік орнамайды.
Қоғам, мемлекет, заман туралы
Әділ болып байқадым не өндірдім,
Бұл басым залым болып бір байқасын.
Қоғам, мемлекет, заман туралы
Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып күн болам!
Қараңғылықтың көгіне,
Күн болмаған да кім болам!
Қоғам, мемлекет, заман туралы
Өлең-жыр - көңілді түзететін машина.
Өлең туралы
Өлең айтушы әнпаз адамдарды жұртқа есерсоқ деп көрсетпей, есті деп қадірлі етіп көрсетуге тырысу керек.
Өлең туралы
Біреу - жұмыс қылайын десем тұрған жерім жаман дейді, біреу -маңайымдағы елім жаман дейді: бұлардың бәрі де - бос сөз!
Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы
Қатерлі жерде қаперсіз отырма!
Тәлім-тәрбие, өсиет, талым туралы
Адамның ең ұлы қасиеті - бақытты болуға талпыну.
Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы
Тау басында тұрғанды - жарға итерме.
Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы
Қара тастай берік бол - қатты болма бірақ та.
Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы
Мен - қазақ: қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға «алаш» деген атты аламын.
Сүйгенім - қазақ өмірі, өзім - қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын.
Тәуелсіздік туралы
Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы