Сырым Датұлы

 

Датұлы Сырым (1742-1802) - «Дала Демосфені» атанған әйгілі шешен, батыр, ұлт-азаттық көтерілісінің жетекшісі. Орал облысының Жымпиты ауданында туған. Афористік толғамдары мағыналық тереңдігімен, сөз кестесінің сырлылығымен һәм нақтылығымен ерекшеленеді.

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ. 

Тәлім-тәрбие, өсиет,тағлым туралы

Дау мұраты - біту, қыз мұраты - кету, жол мұраты - жету.

Тәлім-тәрбие, өсиет,тағлым туралы

Инабат - ер азығы, инабатты ер - ел қазағы.

Тәлім-тәрбие, өсиет,тағлым туралы

Ат - шабысына қарай шабады, ер - намысына қарай шабады.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Мен ағайынды екеумін: біреуі - өзім, екіншісі - халқым.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Шындық пен өтіріктің арасы төрт-ақ елі: көзбен көрген - шын, құлақпен естіген - жалған.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Үгітті - ұққанға, ақылды - жұққанға айт.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Дау шешімі: құлаққа - құлақ, тұяққа - тұяқ.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Дәурені озса - жасы жеткені болар, қамқа тозса - күтімі кеткені болар.

Адам өмірі туралы

-          Батыр, бұрылып сәлем бергің келмейді - тасып жүрсің-ау?

-          Хан, тасып жүргенім жоқ, қазақ баласының басын қоса алмай сасып жүрмін.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Суатпын деп мақтанба: су жаманы суат - басынан соқпақ кетпейді;

Қазықпын деп мақтанба: мүлік жаманы қазық - басынан тоқпақ кетпейді.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

 

Адамзатта не тәтті: аста - тұз тәтті, адамда - дос тәтті.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

 

Дау шешімі: тірі малдың өзі қайтсын, өлісінінің құны қайтсын.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Қарадан хан болсам - халқым қалаған болар,

Айырдан нар болсам - атам жараған болар,

Жоқтан бар болсам - құдайым қараған болар.

Адам өмірі туралы

Ата тұрып ұл сөйлесе - ер жеткені болар,

Ана тұрып қыз сөйлесе - бой жеткені болар.

Адам өмірі туралы

 

Даланың оты - олжа, суы - нұрлық,

Біреудің малы мен ақысын жеу ұрлық.

Әркімнің мінген аты - өзіне тұлпар, әркімнің сүйген жары - өзіне сұңқар.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Табалдырықтан биік тау жоқ, жаман ағайыннан асқан жау жоқ.

Ынтымақ-бірлік, татулық туралы

Ағаңнан айырылсаң - қанатыңның қайырылғаны, әкеңнен айырылсаң - асқар тауыңның шағылғаны, сүйген жарыңнан айырылсаң - жапырағыңның қуарғаны, анаңнан айырылсаң - ағып жатқан бұлағыңның суалғаны. 

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Ешкісі семіз, қойы арық-мал сорлысы,

Топырағы сортаң, суы ащы - жер сорлысы,

Әйелі семіз, ері арық - ел сорлысы.

Қоғам, заман, мемлекет туралы

Азамат жетім болмайды - халықтан болса панасы, халық жетім болмайды - басшы болса данасы.

Адам өмірі туралы

Біреудің түйе жаятын кісісі жоқ, біреудің намаздан басқа ісі жоқ.

Адам өмірі туралы

Бір аяқ сусын - екі кісінің құны: су табылмаса шөлдеген өледі, ұяттан - тауып бермеген өледі.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Отындық ағаштан оқтық мүсін шығады.

Еңбек туралы

Кәрінің үш түрі болады: біріншісі - қадірлі қария, екіншісі - қазымыр кәрі, үшіншісі - қадірі жоқ қыдырма шал.

Адам өмірі туралы

Опасыз жалған - дауасыз дерт.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Таудан биік көңіл бар, теңізден терең ғылым бар, оттан бетер -қайғы-зар.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Жеңілмейтін жау жоқ, шешілмейтін дау жоқ.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Көз жұмбайсыз дария кешпек жоқ.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Ел жеңілмес ері бар.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Бөлінгенді бөрі алар.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Барын аямаған мал алар, малын аямаған дау алар, жанын аямаған жау алар.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

 Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы