Жаңалықтар

Сағат Әшімбаев

  Әшімбаев Сағат (1947-1991) - журналист, сыншы. Алматы облысында туған. Эстетикалық көзқарастары ұлттық әдебиет болмысын жаңаша тануға жетелейді. Бір адамды бақытты етіп, жүзіне - мұң көлеңкесін, жанына - қайғы ізін түсірмеу әркімнің қолынан келеді. Тәлім-тәрбие,өсиет,тағлым туралы Тау суындай тұнық та мөлдір ар. Ар-ұят, намыс туралы Адамшылықтың сұлтаны. Адамгершілк туралы Күй астарында терең философиялық ойлар жатады. Білім, ғылым, өнер туралы Әдебиеттегі шарттылық - қауыз іспеттес: ол - жазушының түрлі ниетін танытудың бір тәсілі. Ақын - жазушылар туралы Шығарма мәйегін түйсіну - жазушы пафосын түсіну деген сөз. Ақын - жазушылар туралы Өлеңнің жаны - сұлулық. Өлең, жыр туралы Өлең - өмірдің үзіліп түскен мөлдір тамшысы. Өлең, жыр туралы Үйрену мен жаттығу да - еңбек. Еңбек туралы Шын мәніндегі сұлу поэзияда өнердің басқа салаларының да элементтері қойындасып жүреді. Білім, ғылым, өнер туралы Образдылық әлем поэзиясына тән қасиет болғанымен, сыртқы түр жағынан да, ішкі мазмұн тұрғысынан да ұлттық ерекшеліктері болады. Өлең, жыр туралы Өлең сұлулығының басты өлшемі (критерий) - мазмұн мен түр арасындағы жанды жарасым (пропорция) сақталып, диалектикалық байланыстың үзілмеуі. Өлең, жыр туралы Өлеңде ой мен сезім болғанымен, олар лайықты формада (түр) көрініс таппаған болса - үстінде лыпа жоқ, киімсіз адамдай рабайсыз көрінеді. Керісінше, түрі (форма) келісіп, бірақ ой мен сезім  парасаттылығы жетпей жатса - өлең өлең емес, құр айғай болып шықпақ. Өлең, жыр туралы Туған халқыңа деген ұлы махаббат - туған жерге деген сүйіспеншіліктен басталады. Отан, туған жер туралы Туған жерге деген махаббаттан да адамның моральдік бет-бейнесі көрінеді. Отан, туған жер туралы Туған босағасын сағынбаған - туған жерін де сағынбайды. Отан, туған жер туралы Кітап - белгілі бір дәуірдің, уақыттың алға қойып отырған көкейкесті мәселелері туралы парасатты жүректің рухани толғанысы, аңдыздаған ойы, ақшаңқан сезімі, эрудициясы, дүниеге көзқарасы. Кітап туралы Адам - уақыт туындысы, дәуірдің жанды бөлшегі. Адам өмірі туралы Нағыз жазушы өз заманындағы әлеуметтік-саяси, философиялық, эстетикалық ой-сананың, білімнің, танымның, идеялардың биігінде тұруға тиіс. Ақын - жазушылар туралы Ақындық интуиция - табиғаттың сиы, ал ақындық мәдениет - оқу, орта, ізденіс арқылы қалыптасады. Ақын - жазушылар  туралы Өлең - ой мен сезімнің образға айналған көркемдік жарасымы. Өлең, жыр туралы Ойлы әдебиет биік парасаттан, терең білімнен туады. Білім, ғылым, өнер туралы Өнер туындысы - өмірді түсінудің кілті. Білім, ғылым, өнер туралы Театр - күрделі интеллектуальдық гармониядан тұратын, үш жақтан бірдей қиыннан қиысқан сахналық өнер.  Білім, ғылым, өнер туралы Қай халықтың да ұлылығы санының аз-көптігімен емес, рухани мәдениетінің жалпы адам баласына ортақтығымен, гуманистік және интернационалдық сипатымен өлшенсе керек. Қоғам, мемлекет, заман туралы Рухани мәдениетінің өрісі басқаларға да ортақ болу дәрежесіне жету - халықтың жасампаздығының кепілдігі. Қоғам, мемлекет, заман туралы Әдебиеттің атқаратын орасан зор қызметімен ештеңе де теңесе алмайды. Әдебиет туралы   Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы
24.05.2013 05:15 13647

 

Әшімбаев Сағат (1947-1991) - журналист, сыншы. Алматы облысында туған. Эстетикалық көзқарастары ұлттық әдебиет болмысын жаңаша тануға жетелейді.

Бір адамды бақытты етіп, жүзіне - мұң көлеңкесін, жанына - қайғы ізін түсірмеу әркімнің қолынан келеді.

Тәлім-тәрбие,өсиет,тағлым туралы

Тау суындай тұнық та мөлдір ар.

Ар-ұят, намыс туралы

Адамшылықтың сұлтаны.

Адамгершілк туралы

Күй астарында терең философиялық ойлар жатады.

Білім, ғылым, өнер туралы

Әдебиеттегі шарттылық - қауыз іспеттес: ол - жазушының түрлі ниетін танытудың бір тәсілі.

Ақын - жазушылар туралы

Шығарма мәйегін түйсіну - жазушы пафосын түсіну деген сөз.

Ақын - жазушылар туралы

Өлеңнің жаны - сұлулық.

Өлең, жыр туралы

Өлең - өмірдің үзіліп түскен мөлдір тамшысы.

Өлең, жыр туралы

Үйрену мен жаттығу да - еңбек.

Еңбек туралы

Шын мәніндегі сұлу поэзияда өнердің басқа салаларының да элементтері қойындасып жүреді.

Білім, ғылым, өнер туралы

Образдылық әлем поэзиясына тән қасиет болғанымен, сыртқы түр жағынан да, ішкі мазмұн тұрғысынан да ұлттық ерекшеліктері болады.

Өлең, жыр туралы

Өлең сұлулығының басты өлшемі (критерий) - мазмұн мен түр арасындағы жанды жарасым (пропорция) сақталып, диалектикалық байланыстың үзілмеуі.

Өлең, жыр туралы

Өлеңде ой мен сезім болғанымен, олар лайықты формада (түр) көрініс таппаған болса - үстінде лыпа жоқ, киімсіз адамдай рабайсыз көрінеді. Керісінше, түрі (форма) келісіп, бірақ ой мен сезім  парасаттылығы жетпей жатса - өлең өлең емес, құр айғай болып шықпақ.

Өлең, жыр туралы

Туған халқыңа деген ұлы махаббат - туған жерге деген сүйіспеншіліктен басталады.

Отан, туған жер туралы

Туған жерге деген махаббаттан да адамның моральдік бет-бейнесі көрінеді.

Отан, туған жер туралы

Туған босағасын сағынбаған - туған жерін де сағынбайды.

Отан, туған жер туралы

Кітап - белгілі бір дәуірдің, уақыттың алға қойып отырған көкейкесті мәселелері туралы парасатты жүректің рухани толғанысы, аңдыздаған ойы, ақшаңқан сезімі, эрудициясы, дүниеге көзқарасы.

Кітап туралы

Адам - уақыт туындысы, дәуірдің жанды бөлшегі.

Адам өмірі туралы

Нағыз жазушы өз заманындағы әлеуметтік-саяси, философиялық, эстетикалық ой-сананың, білімнің, танымның, идеялардың биігінде тұруға тиіс.

Ақын - жазушылар туралы

Ақындық интуиция - табиғаттың сиы, ал ақындық мәдениет - оқу, орта, ізденіс арқылы қалыптасады.

Ақын - жазушылар  туралы

Өлең - ой мен сезімнің образға айналған көркемдік жарасымы.

Өлең, жыр туралы

Ойлы әдебиет биік парасаттан, терең білімнен туады.

Білім, ғылым, өнер туралы

Өнер туындысы - өмірді түсінудің кілті.

Білім, ғылым, өнер туралы

Театр - күрделі интеллектуальдық гармониядан тұратын, үш жақтан бірдей қиыннан қиысқан сахналық өнер. 

Білім, ғылым, өнер туралы

Қай халықтың да ұлылығы санының аз-көптігімен емес, рухани мәдениетінің жалпы адам баласына ортақтығымен, гуманистік және интернационалдық сипатымен өлшенсе керек.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Рухани мәдениетінің өрісі басқаларға да ортақ болу дәрежесіне жету - халықтың жасампаздығының кепілдігі.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Әдебиеттің атқаратын орасан зор қызметімен ештеңе де теңесе алмайды.

Әдебиет туралы

  Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға