Жаңалықтар

Қазақстандық ауыр атлеттер Майя Манеза мен Вячеслав Ершов жуырда сәбилі болады

Қазақстандық ауыр атлеттер Майя Манеза мен Вячеслав Ершовтың отбасы алғашқы сәбилерінің дүниеге келуін күтіп, ата-ана атануға дайындалуда. Бұл туралы Vesti.kz  сайтына Лондон олимпиадасы чемпионының жұбайы айтып берген. «Иә, біз ұл күтіп жүрміз. Майяның жағдайы жақсы. Әзірге оны алматылық мамандар қадағалауда, бірақ қайда босанпатынын біз әлі шешкен жоқпыз», - деп атап өтті В.Ершов. Сондай-ақ, ол отбасы ұлының атын әзірге таңдамағанын да айтты: «Алдымен, оның дүниеге келгенін күтеміз, содан кейін ойланармыз».  Ауыр атлеттердің баласы ата-анасының жолын қуады деп күтуге бола ма? - деген ғаламтордағы сұраққа В.Ершов: «Әрине, ұлымыз спортпен шұғылданатын болады, бірақ, біз оны ауыр атлет болсын деп көндірмейміз, және ондай шешім қабылдаса, айнытпаймыз да. Бәлкім, ол спорттың басқа түрін таңдайтын шығар, бәлкім, тіпті, өз жолымен кететін шығар. Бастысы, ол аман-есен дүниеге келсін, сосын көреміз», деп жауап берді. ҚазАқпарат.
24.05.2013 03:20 3991

Қазақстандық ауыр атлеттер Майя Манеза мен Вячеслав Ершовтың отбасы алғашқы сәбилерінің дүниеге келуін күтіп, ата-ана атануға дайындалуда.

Бұл туралы Vesti.kz  сайтына Лондон олимпиадасы чемпионының жұбайы айтып берген.

«Иә, біз ұл күтіп жүрміз. Майяның жағдайы жақсы. Әзірге оны алматылық мамандар қадағалауда, бірақ қайда босанпатынын біз әлі шешкен жоқпыз», - деп атап өтті В.Ершов.

Сондай-ақ, ол отбасы ұлының атын әзірге таңдамағанын да айтты: «Алдымен, оның дүниеге келгенін күтеміз, содан кейін ойланармыз». 

Ауыр атлеттердің баласы ата-анасының жолын қуады деп күтуге бола ма? - деген ғаламтордағы сұраққа В.Ершов: «Әрине, ұлымыз спортпен шұғылданатын болады, бірақ, біз оны ауыр атлет болсын деп көндірмейміз, және ондай шешім қабылдаса, айнытпаймыз да. Бәлкім, ол спорттың басқа түрін таңдайтын шығар, бәлкім, тіпті, өз жолымен кететін шығар. Бастысы, ол аман-есен дүниеге келсін, сосын көреміз», деп жауап берді.

ҚазАқпарат.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға