Жаңалықтар

«Көк сиыр», «Түйе-түйе»

«Көк сиыр» Жануарлар дүниесімен байланысты тағы бір ойын — «Көк сиыр» ойыны. Ойынға қатынасушыларға шек қойылмайды. Ойын көгалды алаңда ойналады. Көгалға жиналған ойнаушылар бір сызықтың бойына малдастарын құрып отырады. Осы кезде, ойын жүргізушінің өзі «Көк сиыр» болып ойнаушылардың ортасына келіп: «Бұзауымды жоғалтып алдым, көргендерің бар ма»,— дейді. Ойнаушылар барлығы бір дауыспен: «Ит-құс жеп кеткен, сен адамға зиянкессің, сүзесің, бізден әрі кет»,— дейді. «Көк сиыр» кетіп қалады да, тағы бір айналып келеді. Ештеңе көрмеген, білмегенсіп, мүләйімсіп, мүсәпір болып, «Мені құшақтайтын адам жоқ, киім тігетін инем жоқ»,— деп шағым ете бастайды. Сонымен ойнаушылар бұзаудың қайда екенін біле тұра айтпайды да, әркім өзінше садақаларын береді. Содан «көк сиыр» тапқан табысын жинап алып, бұзауын таба алмай кете барады. Артынан ізінше, қатардың артында көрінбей отырған «Көк сиырдың» «бұзауын» жібереді. «Көк сиыр», «бұзауын» келген беттен, «Мен іздегенде қайда болдың?»— деп ашуға басып, қуып жібереді. «Бұзау» баяғы өзінің кеткен жағына қайта келеді. Ойнаушылардың барлығы қайтадан өз орындарына жайғасып отырғаннан соң «Көк сиыр» бағанағы жинап алған заттарын бір-бірлеп шығара отырып, иесін ортаға шақырып, көпшіліктің ұйғаруымен, болмаса өзінің айтуы бойынша, оған өнер көрсеткізеді. Осылайша барлық ойнаушылар ортаға шығып өнер көрсетіп біткеннен кейін, «Көк сиыр» мен «бұзау» өздерінің рөльдерін көңілі ұнатқан ойнаушыларға береді. Сөйтіп ойын әрі қарай жалғаса береді.  «Түйе-түйе» Жануарлар дүниесімен байланысты ойынның бірі — «Түйе-түйе» ойыны. Мұнда өнерге баулитын саналы әрекет бар. Ойын көгалды алаңда өтеді. Ойнаушылар жиналып екі топқа бөлінеді. Бірінші топта ойнаушылардың үштен екісі, екінші топқа үштен бірі болуы керек. Екінші топ ойнаушыларының бірі —«інген», қалғандары «боталар». Бірінші топтың ойнаушылары жан-жаққа тарап кетеді. Көгалда «інген» «боталарын» жайбарақат ертіп жүргенде жаңағы жан-жаққа тарап кеткен ойнаушылар (немесе ұрылар) байқатпай келіп бір-бірлеп «інгеннің,» «ботасын» ұрлай бастайды және әр біреуін әкеткен сайын «ботаңды әкеттік»,— деп дауыстап отырады. «Ботасын» ұрыларға қимаған інген артынан қуалап жете алмай дымы құриды. Осылайша біреуінің артынан қуып жүргенде, екіншісін ұрлап кетіп жатады. Оны көрген «інген» оған жүгіргенде, үшіншісін ұрлайды. Сөйтіп, бір-бірлеп бір «ботасы» қалғанша үрлай береді. Енді барлық «ботасынан» айрылып, жалғвз «ботасымен» қалған «інген» екі көзінен жасы ағып, боздап, не істерін білмей, дал болады. «Інгеннің» қатты күйініп, қиналып отырғандығын пайдаланған ұрылар жалғыз «ботасын» да қағып кетеді, Бір кезде «ботасына» үн қатса, жауап бермейді, Содан үрейленген інген жан-жағына қарап, жүгіріп, іздеп таба алмай қалады. Жалғыз «ботасынан» айрылған «інген» есінен танғандай бір орнында айналып жүгіре береді. Сөйтіп, есеңгіреп жүгіріп келе жатып, анадайда тұрған ботасын ұрлаған топқа тап болады. «Інгенді» көрген ойнаушылар жүрелерінен дөңгелене отырысады. Сол кезде қолында таяғы бар «інген» өзінің «боталарын» ұрлаған ұрылардың қолына түскендігі үшін жазалай бастайды, одан ұрыларды жазалайды. Ойын жалғаса береді. Осы ойын арқылы халық даналығы жас өспірімдерге өмір сүрудің көзі малда екенін, оны бағып қағудың қажеттігін байқатады.  
23.05.2013 11:42 6658

«Көк сиыр»

Жануарлар дүниесімен байланысты тағы бір ойын — «Көк сиыр» ойыны. Ойынға қатынасушыларға шек қойылмайды.

Ойын көгалды алаңда ойналады. Көгалға жиналған ойнаушылар бір сызықтың бойына малдастарын құрып отырады. Осы кезде, ойын жүргізушінің өзі «Көк сиыр» болып ойнаушылардың ортасына келіп: «Бұзауымды жоғалтып алдым, көргендерің бар ма»,— дейді. Ойнаушылар барлығы бір дауыспен: «Ит-құс жеп кеткен, сен адамға зиянкессің, сүзесің, бізден әрі кет»,— дейді. «Көк сиыр» кетіп қалады да, тағы бір айналып келеді. Ештеңе көрмеген, білмегенсіп, мүләйімсіп, мүсәпір болып, «Мені құшақтайтын адам жоқ, киім тігетін инем жоқ»,— деп шағым ете бастайды. Сонымен ойнаушылар бұзаудың қайда екенін біле тұра айтпайды да, әркім өзінше садақаларын береді. Содан «көк сиыр» тапқан табысын жинап алып, бұзауын таба алмай кете барады. Артынан ізінше, қатардың артында көрінбей отырған «Көк сиырдың» «бұзауын» жібереді. «Көк сиыр», «бұзауын» келген беттен, «Мен іздегенде қайда болдың?»— деп ашуға басып, қуып жібереді. «Бұзау» баяғы өзінің кеткен жағына қайта келеді. Ойнаушылардың барлығы қайтадан өз орындарына жайғасып отырғаннан соң «Көк сиыр» бағанағы жинап алған заттарын бір-бірлеп шығара отырып, иесін ортаға шақырып, көпшіліктің ұйғаруымен, болмаса өзінің айтуы бойынша, оған өнер көрсеткізеді. Осылайша барлық ойнаушылар ортаға шығып өнер көрсетіп біткеннен кейін, «Көк сиыр» мен «бұзау» өздерінің рөльдерін көңілі ұнатқан ойнаушыларға береді. Сөйтіп ойын әрі қарай жалғаса береді. 

«Түйе-түйе»

Жануарлар дүниесімен байланысты ойынның бірі — «Түйе-түйе» ойыны. Мұнда өнерге баулитын саналы әрекет бар.

Ойын көгалды алаңда өтеді. Ойнаушылар жиналып екі топқа бөлінеді. Бірінші топта ойнаушылардың үштен екісі, екінші топқа үштен бірі болуы керек. Екінші топ ойнаушыларының бірі —«інген», қалғандары «боталар». Бірінші топтың ойнаушылары жан-жаққа тарап кетеді. Көгалда «інген» «боталарын» жайбарақат ертіп жүргенде жаңағы жан-жаққа тарап кеткен ойнаушылар (немесе ұрылар) байқатпай келіп бір-бірлеп «інгеннің,» «ботасын» ұрлай бастайды және әр біреуін әкеткен сайын «ботаңды әкеттік»,— деп дауыстап отырады. «Ботасын» ұрыларға қимаған інген артынан қуалап жете алмай дымы құриды. Осылайша біреуінің артынан қуып жүргенде, екіншісін ұрлап кетіп жатады. Оны көрген «інген» оған жүгіргенде, үшіншісін ұрлайды. Сөйтіп, бір-бірлеп бір «ботасы» қалғанша үрлай береді.

Енді барлық «ботасынан» айрылып, жалғвз «ботасымен» қалған «інген» екі көзінен жасы ағып, боздап, не істерін білмей, дал болады. «Інгеннің» қатты күйініп, қиналып отырғандығын пайдаланған ұрылар жалғыз «ботасын» да қағып кетеді, Бір кезде «ботасына» үн қатса, жауап бермейді, Содан үрейленген інген жан-жағына қарап, жүгіріп, іздеп таба алмай қалады. Жалғыз «ботасынан» айрылған «інген» есінен танғандай бір орнында айналып жүгіре береді. Сөйтіп, есеңгіреп жүгіріп келе жатып, анадайда тұрған ботасын ұрлаған топқа тап болады.

«Інгенді» көрген ойнаушылар жүрелерінен дөңгелене отырысады. Сол кезде қолында таяғы бар «інген» өзінің «боталарын» ұрлаған ұрылардың қолына түскендігі үшін жазалай бастайды, одан ұрыларды жазалайды. Ойын жалғаса береді.

Осы ойын арқылы халық даналығы жас өспірімдерге өмір сүрудің көзі малда екенін, оны бағып қағудың қажеттігін байқатады.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға