Сауд Арабиясында алтыннан метро бекеті соғылатын болды
Сауд Арабиясының астанасы - Эр-Рияд қаласында бастан-аяқ алтыннан соғылатын метро туристердің көзайымына айналмақ. Сәулетші Заха Хадид алтыннан соғылатын метро бекетінің әлемде кездеспейтінін айтып отыр.
muslim.kz сайтының жазуынша, тегі ирактық британ сәулетшісі, Притцкер сыйлығының жүлдегері шөл даладағы құмды төбелерді көз алдыңа әкелетіндей етіп метроны алтынмен аптап, еденін мәрмәрдан төсеуді жөн көріп отыр. Метроның ішіне күн сәулесі еркін түсуі үшін төбесі шыныдан жабылатын болды.
Сондай-ақ, жер астында көлік тұрағы мен сауда алаңы бар көп қабатты ғимарат орналасады. Жаңа метро бекетінің ауданы - 20 434 шаршы метр. Алты платформа, шағын рельс, әуежайға апаратын электр пойызы және қалааралық пойыздар - метро бекетінің артықшылықтары болып табылады.
Аталмыш жоба Сауд Арабиясының королі Абдулла ибн Әбдіәзіз әл Саудтың да көңілінен шықты. Ол метро құрылысын төрт жылдың ішінде аяқтауға тапсырма берді.
ҚазАқпарат.