Жаңалықтар

Бас мүфтиге пайғамбардың сақалы берілді (фото)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан ақжолтай ақпарат: бұрнағы күні Ақмола облысы Атбасар ауданы Садовый ауылынан пайғамбарымыз Мұхаммедтің жұпар иісті мүбәрак сақалы табылды, деп хабарлайды baq.kz-ке ҚМДБ баспасөз қызметінен.  Осы ауылдың тұрғыны 85 жастағы Фатима әже Әбдібекқызы ата-бабалары аманаттап кеткен тәбәрікті сақтап келіпті. Жуырда ол «көзім тірі кезде Бас мүфтиге аманаттап, табыстайын» деген ниетпен діни басқармаға арнайы келді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлына аналық батасын беріп, құнды жәдігерді қолына ұстатты.  «Айналайын, Ержан балам! Әуелі жаңа қызметіңмен құттықтаймын. Жұмысыңа Алла жар болғай, қарағым! Мен өзіңе бабам Бөкей қажы Сандыбайұлынан қалған үлкен аманатты табыстағалы отырмын. Оны әкем марқұм Әбдібек қайтыс болар алдында ұрпағына берді. Ата-бабаларым сақал-шәрифті көзінің қарашығындай қорғап, сақтады. Олар дінге қысым көрсетілген талай қиын заманда да иманын сақтап, намазын тастамады. Осы сақалды, дінін сақтап қалу үшін Башқұрстанға да көшкен. Қолымдағы асыл жәдігерді көзім тірі кезде өзіңе аманат етіп отырмын», – деді Фатима әже Әбдібекқызы Бас мүфтимен кездесуде. Қария сақалды берер алдында көз жасына ерік берді. Қимай-қимай аманаттап, табыстады.   «Бас мүфти баға жетпес жәдігерді қастерлеп, сақтап келген әжеге алғысын білдіріп: «Бұл – ата-бабаларымыздың дінге берік болғанының айғағы ғой. Пайғамбардың (с.ғ.с.) көзін көрген сахабалар одан тәбәрік, тәлім алып қалуға тырысқан. Себебі, олар Алла елшісін (с.ғ.с.) қатты жақсы көрген. Бізге, Қазақстан мұсылмандарына бұйырған бұл жәдігер қайырлы да құтты болғай», – деді. Ержан қажы Малғажыұлы.     Мүбәрак бір тал қара сақалдың пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) тән екенін айғақтайтын арнайы мөр басылған тарихи құжаты да бар. Онда: «Мен бұл мүбәрак сақалды 1921 жылы март айында Иуртеке қажыдан алдым.  Алған адамның аты Бөкей қажы Сандыбайұлы. Бөкей қажы қайтыс болғаннан кейін оның ұлы Әбдібек алды. Бөкей қажының қайтыс болған жылы 1924 жылдың февраль айы», – делінген. Діни басқарманың ғалымдары осы құжатты қазақ және орыс тілдеріне аударды. Сауд Арабиясының біртоп сарапшылары да пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сақалы екенін растады.   Бір тал сақал шыны ыдыстың ішіне сақталып, екі жағы күміспен күптелген. Ұзындығы 3 см», деп хабарлайды баспасөз қызметі. Baq.kz
23.05.2013 02:42 4464

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан ақжолтай ақпарат: бұрнағы күні Ақмола облысы Атбасар ауданы Садовый ауылынан пайғамбарымыз Мұхаммедтің жұпар иісті мүбәрак сақалы табылды, деп хабарлайды baq.kz-ке ҚМДБ баспасөз қызметінен. 

Осы ауылдың тұрғыны 85 жастағы Фатима әже Әбдібекқызы ата-бабалары аманаттап кеткен тәбәрікті сақтап келіпті. Жуырда ол «көзім тірі кезде Бас мүфтиге аманаттап, табыстайын» деген ниетпен діни басқармаға арнайы келді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлына аналық батасын беріп, құнды жәдігерді қолына ұстатты. 
«Айналайын, Ержан балам! Әуелі жаңа қызметіңмен құттықтаймын. Жұмысыңа Алла жар болғай, қарағым! Мен өзіңе бабам Бөкей қажы Сандыбайұлынан қалған үлкен аманатты табыстағалы отырмын. Оны әкем марқұм Әбдібек қайтыс болар алдында ұрпағына берді. Ата-бабаларым сақал-шәрифті көзінің қарашығындай қорғап, сақтады. Олар дінге қысым көрсетілген талай қиын заманда да иманын сақтап, намазын тастамады. Осы сақалды, дінін сақтап қалу үшін Башқұрстанға да көшкен. Қолымдағы асыл жәдігерді көзім тірі кезде өзіңе аманат етіп отырмын», – деді Фатима әже Әбдібекқызы Бас мүфтимен кездесуде. Қария сақалды берер алдында көз жасына ерік берді. Қимай-қимай аманаттап, табыстады.  
«Бас мүфти баға жетпес жәдігерді қастерлеп, сақтап келген әжеге алғысын білдіріп: «Бұл – ата-бабаларымыздың дінге берік болғанының айғағы ғой. Пайғамбардың (с.ғ.с.) көзін көрген сахабалар одан тәбәрік, тәлім алып қалуға тырысқан. Себебі, олар Алла елшісін (с.ғ.с.) қатты жақсы көрген. Бізге, Қазақстан мұсылмандарына бұйырған бұл жәдігер қайырлы да құтты болғай», – деді. Ержан қажы Малғажыұлы.    
Мүбәрак бір тал қара сақалдың пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) тән екенін айғақтайтын арнайы мөр басылған тарихи құжаты да бар. Онда: «Мен бұл мүбәрак сақалды 1921 жылы март айында Иуртеке қажыдан алдым.  Алған адамның аты Бөкей қажы Сандыбайұлы. Бөкей қажы қайтыс болғаннан кейін оның ұлы Әбдібек алды. Бөкей қажының қайтыс болған жылы 1924 жылдың февраль айы», – делінген. Діни басқарманың ғалымдары осы құжатты қазақ және орыс тілдеріне аударды. Сауд Арабиясының біртоп сарапшылары да пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сақалы екенін растады.  
Бір тал сақал шыны ыдыстың ішіне сақталып, екі жағы күміспен күптелген. Ұзындығы 3 см», деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға