Қазақстанда ғалымдарға 100 000 доллар көлемінде мемлекеттік сыйлық тағайындалады
Қазақстанда ғалымдарға арнап Әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлық тағайындалады. Бұл туралы бүгін ҚР Нұрсұлтан Назарбаев Шетел инвесторлары кеңесінің жалпы отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Мен ғылыми зерттеу мен инновация енгізудегі жетістігі үшін ғалымдарға арнап Әл-Фараби атындағы сыйлықты тағайындауды тапсырамын. Ол жыл сайын жеті номинация бойынша беріледі. Бастапқыда оның көлемі 100 мың доллар болады, әрі қарай біз оны көбейтетін боламыз», - деді Мемлекет басшысы.
Ол мемлекеттің міндеті ғылым әлеуетін аса өзекті экономикалық міндеттерді жүзеге асыруға бағыттау екеніне тоқталды. «Жобалар тақырыптарын таңдауда негізгі критерий форсайт-зерттеулер, экономиканың нақты секторынан түскен тапсырыстар болуы қажет», - деді ол.