Жаңалықтар

Байқоңыр ғарыш айлағы туристер мекеніне айналмақ - АЭФ

Қызылорда облысының әкімдігі зымырандардың ұшырылуын тамашалау үшін Байқоңыр ғарыш айлағына туристердің кіруіне рұқсат беру мәселесін қарап жатыр. Бұл туралы бүгін VI Астана экономикалық форумы аясында Қызылорда облысының инвестициялық мүмкіндіктерін танытуға арналған баспасөз мәслихатында Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Наталья Годунова мәлім етті. «Канаверал мысында зымыран ұшырылымдары көптеген туристерді жинайды. Біз де өзіміздің Байқоңырдан ұшырылымдарды тамашалауға жол ашқымыз келеді», - деді ол. «Байқоңыр жабық нысан екендігін білеміз. Алайда біз туристерді ұшыру алаңына кіргізу туралы айтып отырғанымыз жоқ. Зымырандардың ұшырылымы алыстан көрінеді. Сондықтан инфрақұрылымды айлақтың өзінде емес, қала айналасында салуға болады. Біз қазіргі таңда ұсыныстарды күтіп отырмыз», - деп атап көрсетті Н.Годунова. Оның айтуынша, инфрақұрылымға жол, қонақүйлер мен мейрамханалар, планетарийлер және әуежай кіреді. сондықтан аса қомақты инвестицияларды талап етеді. ҚазАқпарат.
22.05.2013 10:41 3274

Қызылорда облысының әкімдігі зымырандардың ұшырылуын тамашалау үшін Байқоңыр ғарыш айлағына туристердің кіруіне рұқсат беру мәселесін қарап жатыр.

Бұл туралы бүгін VI Астана экономикалық форумы аясында Қызылорда облысының инвестициялық мүмкіндіктерін танытуға арналған баспасөз мәслихатында Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Наталья Годунова мәлім етті.

«Канаверал мысында зымыран ұшырылымдары көптеген туристерді жинайды. Біз де өзіміздің Байқоңырдан ұшырылымдарды тамашалауға жол ашқымыз келеді», - деді ол.

«Байқоңыр жабық нысан екендігін білеміз. Алайда біз туристерді ұшыру алаңына кіргізу туралы айтып отырғанымыз жоқ. Зымырандардың ұшырылымы алыстан көрінеді. Сондықтан инфрақұрылымды айлақтың өзінде емес, қала айналасында салуға болады. Біз қазіргі таңда ұсыныстарды күтіп отырмыз», - деп атап көрсетті Н.Годунова.

Оның айтуынша, инфрақұрылымға жол, қонақүйлер мен мейрамханалар, планетарийлер және әуежай кіреді. сондықтан аса қомақты инвестицияларды талап етеді.

ҚазАқпарат.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға