Заруцкийлер әулеті
Жалпы жұмыс өтілі 126 жыл
Радиостансаның өзімізге таныс әуені тағы да елең еткізді. Біз онымен уақытты салыстырамыз, бірақ та осы дыбыстарға онша мән бермейміз. Ал Заруцкийлер әулетінің негізін қалаған оның тұтастай отбасы өз өмірлерін телекоммуникация саласында жұмыс істеуге арнаған пікірлестердің топтасқан командасының өмір жолын айқындап берген Валерий Павлович үшін 1965 жыл салтанатты ұран болып естілді.
Жай ғана бірнеше сандарды келтірейік: еңбек етілі 42 жыл, 88 алғыс жазылған, 25 өнертабыс ұсынысы. Валерий Павлович Заруцкийдің еңбек кітапшасындағы осынау қысқаша жазбалардың өзі біраз нәрсені білдіріп тұрған жоқ па?! Бұл өзінің сүйікті ісіне немқұрайлы қарамайтындығын,өз кәсібіне бастамашылықпен және жігермен қараған, оның өмірін нұрландырған енертапқыш жалынын білдіреді.
Валерий Павловичтің ұлдары Алексей мен Сергейдің оның табыстарын еселей түсу үшін әке ісін жалғастыруға шешім қабылдауына таң қалуға болмайды. Біз эфирде осынау тату отбасының жасаған және болашақта әлі де жасайтын баға жетпес үлесін көзбен көрмесек те, біз атап айтқанда, тап осындай қажырлы, беріле жұмыс істейтін, мақсатқа ұмтылған адамдарға қарап, уақытымызды түзейміз. Нақтырақ айтатын болсақ, уақыт оларға қарап түзелетін сияқты.