Қадыр Мырза Әлі
Бұл қанатты сөздер атақты ақын Қадыр Мырза Әлінің «Жазмыш» «Иірім» атты кітаптарында кездескен сөздер. Қадыр Мырза Әлінің қанатты сөздерін оқырманға жинақтап берген маңғыстаулық қаламгер Ерекен Қорабаев.
Дүниенің ең басты жұмбағы-адам.
Адамдар дүниенің бәрін түсіндіргенмен, өздерін өздері әлі де болса түсіндіре алған жоқ.
Алпыс адам-бір жақ, ақын өзі бір жақ.
Әкеңді білмеген ештеңе емес, қаптаған халықтың ішінен ұлтыңды білмеген не деген сұмдық.!
Адам алысқа қараймын деп, жақындағысын көрмейді.
Әулиелік туралы айту үшін өзің де әулие болуың керек
Дүниеге шын ақын, ұлы ақын келген күні сонымен қабаттасып даңқ та туады.
Азаппен келген даңқ – мәңгілік.
Талант – халық қазынасы. Талантты қадірлемеу халықтың намысына тиеді.
Адамның бүкіл өмірі өзін-өзі жұбату, өзін-өзі алдау.
Семіру шошқаның өзіне қандай сор болса, артық даңқ адамның соры (Қытай мақалы Қадырдың кітабынан)
Даңқ - өте қауіпті рухани есірткі.
Ақын – жазушылардың бәрі болмағанмен, біразы әдеби есірмен.
Қор қылу да, құдай қылуда халықтың қолында.
Пайғамбар жасау халықтың қолында, бекерге мәз болып, өзіңді-өзің алдау, алдану өз қолыңда.
Ең үлкен махаббат – халық махаббаты.
Халықтың ықыласына ешкім тиым сала алмайды.
Даңқ үстемелегенді ұнатады. Бір басталса біразға дейін жарылқайды. Қашан өзің бүлдіріп алғанша махаббат нұрына бөленесің.
Таздың басына, пұшықтың мұрнына қона салатын соқыр бақыт сықылды емес, Даңқ – ешкімнің ырқына көне салмайтын бірбет құбылыс.
Лайық емес адамға даңқ жоламайды.
Даңқ - онның бірін, жүздің бірін таңдайтын талғампаз пәле.
Даңқ- ойда жоқта біркүні келе салмайды.
Даңқ-нағыз таланттың жолсерігі, жұбанышы, көз жасын сүртетін беторамалы, жан жарасын жуатын таң нұры.
Даңқ – ақынның бірінші бақыты емес.
Ақынның бірінші бақыты – шығармашылық процесс. Ал қалған тірлігі қараңғы туннель
Әр ақынның-егер ол шын ақын болса – тоқсан тоғыз қасіреті болады
Ақындардың қасіреттері – кедейшілік пен жоқтық.
Кейде тіпті ақын неғұрлым дарынды, неғұрлым арлы болған сайын соғұрлым сормаңдай бола ма деп те ойлайсың!
Нағыз қайыршы ұрлық жасамайды.
Жалпы жоқтық деген пәле мықты ақындарды өте жақсы көретін болуы керек, қай заманда, қай елде болмасын, алдымен соларды іздеп табады.
Абыройыңды жауып жүрудің өзі оңай шаруа емес!
Саптыаяққа сыра құйып, сабынан қарауыл қаратып қойған зұлым заманда күнделік жүргізудің өзі өзіңнің үстіңнен өзің материал жинақтаумен бірдей. Өйткені күнделіктің құдіреті-шындық!
Дереккөзі: «Ұлт.кз» порталы.