Астана күнінде қалада әуе жыландары фестивалі өтеді
Астананың 15 жылдығын меркелеу аясында қала тұрғындары мен қонақтарына ондаған іс-шаралар әзірленуде. Олардың бірінен-бірі өтеді. Осындай арнайы жобалардың бірі – Астананың 15 жылдығына тарту ретінде әзірлеген Әуе жыландары фестивалі.
«Әуе жыландары фестивалі – бұл қала халқы үшін мерекеге арнайы дайындалған қызықты да маңызды іс-шара бағдарламасы. Екінші сөзбен айтқанда, ол ЭКСПО-2017 мазмұнында энергия көзіне балама ретінде «жасыл экономика» ұстанымын қолдау мен жетілдірудің негізі болып табылады. Астананың болашақ энергиясына талпынысының бір нышаны»,- деп атап көрсетеді Астана күнін өткізуді ұйымдастырушылар.
Фестиваль қалың көпшілікке арналған. Астана тұрғындары мен қонақтарына таза ауада уақыттарын мазмұнды да көңілді өткізуіне мүмкіндік туғызады. Мұндай фестивальдер әлемнің түрлі елдерінде жыл сайын өтіп тұрады. Мәселен, Францияда, Ұлыбританияда, Данияда, Қытайда, Ресейде, Малазияда және басқа мемлекеттерде өткен.
5,6,7 маусымда – үш күн бойы өтетін фестиваль аясында қала тұрғындары мен қонақтары шетелдік кайтинг клубтар өкілдері арнайы әзірленген шоу бағдарламасын көре алады.
Сонымен қатар, барлық тілек білдірушілер әуеге өздері әзірлеген жылан-шарларын ұшыра алады. Арнайы бөлінген аймақта жұмыс орындарымен жарақтандырылған жабық шатырларда маман-нұсқаушылар балалар мен ересектерді әуе жыландарын әзірлеуге үйретеді. Керекті материалдар сол жерде беріледі. Осыдан кейін нұсқаушы мерекеге қатысушыларға әуеге жылан жіберу жөнінде шеберлік дәрісін өткізеді.
Фестиваль ресейлік және әлемдік эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін үлкен Гала-концертпен аяқталады.
astana.kz