2020 жылға дейін Қазақстанда 9 автовокзал салынады
2020 жылға дейін автожол саласын дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 9 жаңа автовокзал салынады, деп хабарлады бүгін Үкімет отырысында ҚР көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев.
«2020 жылға дейін 9 жаңа автовокзал, 61 автостанция және жолаушыларға қызмет көрсететін 584 пункттері салынатын болады», - деді А.Жұмағалиев.Сонымен қатар, ол қазіргі уақытта қолданыстағы 34 автовокзалдардың тек 10 ғана белгіленген талаптарға сай келетінін атап өтті.
Министр, сонымен қатар, саланы дамытудың келешектегі жоспарлары туралы айтты.
«ЭКСПО-2017 дайындалу аясында төрт жобаны, атап айтсақ «Астана-Қарағанды», «Астана-Павлодар», «Астана қаласының оңтүстік батыс айналма жолы» және «Щучье-Зеренда» іске асыруды қоса алғанда халықаралық көлік дәлізінің барлық желісін қайта жаңартуды аяқтауды жоспарладық, 3,5 мың.км жолға ақылы төлем жүйесін енгізу арқылы жыл сайынғы алымдарды шамамен 90 млрд.теңгеге жеткізуді қарастырдық», - деп мәлімдеді Көлік және коммуникация министрлігінің басшысы.
Baq.kz