Жаңалықтар

Путиннің орынтағына қылмыскер "отырды"

«Московский комсомолец» газеті жаға ұстататын суреттер жариялады. Бейнеде белгісіз тұлға Ресей президентінің кабинетінде бірнеше рет суретке түскен. Оның Кремльге қалай кіргендігі жұртты алғашқыда таң қалдырды. Кейінірек, басылым тілшілері анықтағандай, мемлекет басшысының тағына отырып суретке түскен жан Федералды күзет қызметінің бұрынғы қызметкері Алексей Устимчук болып шықты. Ол 2004-2011 жылдар аралығында байланыс бөлімінде жұмыс істеп, президенттің қызмет кабинетін техникалық тұрғыдан жарақтандырған екен.Оның таныстарының айтуынша, Алексей қыздарға жағу үшін мақтаншақтау болып келген көрінеді. «Устимчук қымбат көліктердің жанында, түнгі клубтарда және мемлекеттік мекемелер ішінде суретке түсуді өте маңызды деп есептейтін. Президент тағында отырып түскен суретін ол қыздарды өзіне қарату үшін әлеуметтік желілерге, танысу сайттарына ілген» дейді Алексейдің құрбысы. Айта кетейік, 2011 жылы жылы Устимчук белгілі Олигарх Евгений Касперскийдің ұлын ұрлағаны үшін 4,5 жылға сотталған болатын. Ал, аталған суреттерді қарап шыққан мамандар мен сарапшылар оның түпнұсқа екендігіне күмән келтірмейтіндігін мәлімдеді. Егер ол ресми түрде расталса Федералды күзет қызметіне қызметтік тексеру жүргізілмек. Baq.kz
21.05.2013 03:46 2833

«Московский комсомолец» газеті жаға ұстататын суреттер жариялады. Бейнеде белгісіз тұлға Ресей президентінің кабинетінде бірнеше рет суретке түскен. Оның Кремльге қалай кіргендігі жұртты алғашқыда таң қалдырды.

Кейінірек, басылым тілшілері анықтағандай, мемлекет басшысының тағына отырып суретке түскен жан Федералды күзет қызметінің бұрынғы қызметкері Алексей Устимчук болып шықты. Ол 2004-2011 жылдар аралығында байланыс бөлімінде жұмыс істеп, президенттің қызмет кабинетін техникалық тұрғыдан жарақтандырған екен.Оның таныстарының айтуынша, Алексей қыздарға жағу үшін мақтаншақтау болып келген көрінеді. «Устимчук қымбат көліктердің жанында, түнгі клубтарда және мемлекеттік мекемелер ішінде суретке түсуді өте маңызды деп есептейтін. Президент тағында отырып түскен суретін ол қыздарды өзіне қарату үшін әлеуметтік желілерге, танысу сайттарына ілген» дейді Алексейдің құрбысы.

Айта кетейік, 2011 жылы жылы Устимчук белгілі Олигарх Евгений Касперскийдің ұлын ұрлағаны үшін 4,5 жылға сотталған болатын. Ал, аталған суреттерді қарап шыққан мамандар мен сарапшылар оның түпнұсқа екендігіне күмән келтірмейтіндігін мәлімдеді. Егер ол ресми түрде расталса Федералды күзет қызметіне қызметтік тексеру жүргізілмек.

Baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға