Еуровидение-2013 жеңімпазын ән ұрлады деп айыптауда
20.05.2013 10:33
2982
«Еуровидение-2013» байқауында бірінші орын алған даниялық әнші - Эммели де Форестті плагиатпен шұғылданды деп айыптауда. Атап айтқанда оның әйгілі байқауда орындаған әні K-Otic тобының 2002 жылы жазылған "I Surrender" композициясының көшірмесі екені жария болып жатыр, деп хабарлайды Росбалт.
Журналистер Эммели орындаған "Only teardrops" әнінің кей тұстары "I Surrender" әнінің қайырмасына өте ұқсас екенін айтуда.
Эммелидің өзі болса әзірше бұл туралы мәлімдеме жасаған жоқ.
K-otic — 2000 жылы құрылып, 2003 жылы тарап кеткен даниялық топ. 7 адамнан тұратын топ Starmaker телебағдарламасы аясында құрылған болатын.
Аталған екі ән назарларыңызға ұсынылып отыр. Салыстырып көрулеріңізге болады.
Baq.kz
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға