Жаңалықтар

Астананың 15 жылдығына қала тұрғындары мен қонақтарына Президенттік торт тарту етілмек

Тәттіні үлкендер де, балалар да жақсы көретіні жасырын емес. Әсіресе, мереке тәттісіз өтпейді. Әдемі торт кез келген мереке дастарқанының сәнін келтірері сөзсіз.     Елорданың 15 жылдық мерейтойы да осы басты мерекелік тәттісіз болмақ емес. Қала күні аясында үлкен рекорттық торт пісірілмек. Одан ешкім де дәм татпай кетпеуі керек, - дейді ұйымдастырушылар. Астана күнінде «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан торт тарту ету салтанаты өтеді. Сол арқылы елорданың бас сәулетшісі болып табылатын Елбасы қала тұрғындары мен қонақтарын құттықтайды. Сонымен қатар, астаналықтар ауқымды мерекелік торттың басқа да ойын-сауық орталықтарынан дәмін тата алады. Осы жерде балалар мен қаланың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарламаны да тамашалауға болады.   Astana.kz
20.05.2013 10:03 3795

Тәттіні үлкендер де, балалар да жақсы көретіні жасырын емес. Әсіресе, мереке тәттісіз өтпейді. Әдемі торт кез келген мереке дастарқанының сәнін келтірері сөзсіз.  

 

Елорданың 15 жылдық мерейтойы да осы басты мерекелік тәттісіз болмақ емес. Қала күні аясында үлкен рекорттық торт пісірілмек. Одан ешкім де дәм татпай кетпеуі керек, - дейді ұйымдастырушылар.

Астана күнінде «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан торт тарту ету салтанаты өтеді. Сол арқылы елорданың бас сәулетшісі болып табылатын Елбасы қала тұрғындары мен қонақтарын құттықтайды.

Сонымен қатар, астаналықтар ауқымды мерекелік торттың басқа да ойын-сауық орталықтарынан дәмін тата алады. Осы жерде балалар мен қаланың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарламаны да тамашалауға болады.  

Astana.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға