Жаңалықтар

Джон Леннон мен Джордж Харрисон гитарасы бәссаудада сатылды

Британдық The Beatles тобының мүшелері Джон Леннон мен Джордж Харрисон ойнаған гитара Нью-Йоркте өткен бәссаудада 408 мың АҚШ долларына сатылды. Бұл туралы шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап Ресейдің «Жаңалықтар» агенттігі хабарлады. Бәссауданы ұйымдастырушылар лот 200-300 мың долларға сатылатындығын болжаған болатын. Сатып алған адамның есімі жария етілген жоқ. Жартылай акустикалық гитараны аталған топ үшін VOX компаниясы жасаған. Дәл осы музықалық  аспаппен Леннон "Hello, Goodbye" әнінің бейнебаянына түссе,  Харрисон осы гитарамен ән шырқаған еді. ҚазАқпарат.
20.05.2013 03:51 3343

Британдық The Beatles тобының мүшелері Джон Леннон мен Джордж Харрисон ойнаған гитара Нью-Йоркте өткен бәссаудада 408 мың АҚШ долларына сатылды.

Бұл туралы шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап Ресейдің «Жаңалықтар» агенттігі хабарлады.

Бәссауданы ұйымдастырушылар лот 200-300 мың долларға сатылатындығын болжаған болатын. Сатып алған адамның есімі жария етілген жоқ.

Жартылай акустикалық гитараны аталған топ үшін VOX компаниясы жасаған. Дәл осы музықалық  аспаппен Леннон "Hello, Goodbye" әнінің бейнебаянына түссе,  Харрисон осы гитарамен ән шырқаған еді.

ҚазАқпарат.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға