Жаңалықтар

Жұмыстан қашатын жалқаулардың ақылға қонымсыз сылтауларының тізімі жасалды

Ұлыбританияның Benenden Health агенттігі жұмыстан жиі сұранатындардың ең ақылға қонымсыз сылтауларының тізімін жасады, деп хабарлайды MIGnews.com.   Әлеуметтік зерттеуге 1000 басшы мен олардың қол астындағы 1000 қызметкер қатыстырылған. Зерттеу көрсеткендей, ең танымал - «ауырып қалдым» деген сылтау бүгінде басшыларды сендіре алмайтыны анықталды. Он басшының алтауы қарамағындағы қызметкері сондай себеп айтқан болса, «алдап тұр» деп ойлайтынын айтқан. Тіпті көпшілік басшы ол адамның расымен ауырған ауырмағанын тексеруге дайын.  Сонымен қатар, тексеру керсеткеніндей, басшылар жұмыстан қалушылар аурудың атын атап, түсін түстеп айтып берсе ғана көбірек сенеді екен. Мәселен, іш ауыруы немесе ұшыну, болмаса басқа да жұқпалы аурулар аса күдік тудырмайтын сылтаулар қатарына жатады деседі.  Негізі, қызметкерлердің жұмысқа келмей қалуының нақты себептері, өздерінің айтуы бойынша, көбінесе сүйіктісімен кездесу немесе жұмыстан жалыққанда, бір сәт бой сергіту көрінеді.  Бірақ қызметкерлер  басшыға нақты себептерді айтқаннан гөрі, сылтау ойлап тапқанды жөн көреді екен.   Сонымен, жұмыстан жиі қалатын жалқау қызметкерлер ойлап табатын "ең нашар" сылтаулар мыналар: - саусағымды консерві қалбыры тіліп кетті; - қатты жүземін деп, басымды хауыздың жиегіне соғып алдым; - жұмысқа келе жатып жол апатына ұшырадым; - бақыр тиынға тайып жығылдым; - аяқ киімімді ит жеп қойды; - қолымды табаға күйдіріп алдым; - жұмысқа келе жатқанымда шалбарым дар айырылды; - шешем бақилық болды (қызметкер бұл туралы бұған дейін бірнеше рет айтқан) - сай келмейтін линза сатып алыппын, көзімнен жас парлап кетті; - кеше тым көп сілтеп жіберіппін, қазір қайда екенімді білмеймін. Британдықтар анықтап отырған бұл сылтаулар қазақстандық жалқаулар үшін де таңсық емес екені анық. Baq.kz  
19.05.2013 06:33 4116

Ұлыбританияның Benenden Health агенттігі жұмыстан жиі сұранатындардың ең ақылға қонымсыз сылтауларының тізімін жасады, деп хабарлайды MIGnews.com.

 

Әлеуметтік зерттеуге 1000 басшы мен олардың қол астындағы 1000 қызметкер қатыстырылған. Зерттеу көрсеткендей, ең танымал - «ауырып қалдым» деген сылтау бүгінде басшыларды сендіре алмайтыны анықталды. Он басшының алтауы қарамағындағы қызметкері сондай себеп айтқан болса, «алдап тұр» деп ойлайтынын айтқан. Тіпті көпшілік басшы ол адамның расымен ауырған ауырмағанын тексеруге дайын. 
Сонымен қатар, тексеру керсеткеніндей, басшылар жұмыстан қалушылар аурудың атын атап, түсін түстеп айтып берсе ғана көбірек сенеді екен. Мәселен, іш ауыруы немесе ұшыну, болмаса басқа да жұқпалы аурулар аса күдік тудырмайтын сылтаулар қатарына жатады деседі. 
Негізі, қызметкерлердің жұмысқа келмей қалуының нақты себептері, өздерінің айтуы бойынша, көбінесе сүйіктісімен кездесу немесе жұмыстан жалыққанда, бір сәт бой сергіту көрінеді. 
Бірақ қызметкерлер  басшыға нақты себептерді айтқаннан гөрі, сылтау ойлап тапқанды жөн көреді екен.
 
Сонымен, жұмыстан жиі қалатын жалқау қызметкерлер ойлап табатын "ең нашар" сылтаулар мыналар:
- саусағымды консерві қалбыры тіліп кетті;
- қатты жүземін деп, басымды хауыздың жиегіне соғып алдым;
- жұмысқа келе жатып жол апатына ұшырадым;
- бақыр тиынға тайып жығылдым;
- аяқ киімімді ит жеп қойды;
- қолымды табаға күйдіріп алдым;
- жұмысқа келе жатқанымда шалбарым дар айырылды;
- шешем бақилық болды (қызметкер бұл туралы бұған дейін бірнеше рет айтқан)
- сай келмейтін линза сатып алыппын, көзімнен жас парлап кетті;
- кеше тым көп сілтеп жіберіппін, қазір қайда екенімді білмеймін.
Британдықтар анықтап отырған бұл сылтаулар қазақстандық жалқаулар үшін де таңсық емес екені анық.
Baq.kz
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға