Жаңалықтар

Бүгін – халықаралық мұражай күні

Бұл мереке 1977 жылы Мәскеуде бастау алған.  Осы күні бүкіл әлемдегі мұражайлар келушілерге есігін айқара ашты. Сондай-ақ, мұражайды түнде де тамашалауға мүмкіндік туады. Бүгін «Атамекен» этно-мемориалдық кешені көремендерді тағатсыздана күтеді. Бүгінде Алтай мен Атыраудың арасы, Сарыарқаның кең даласы бір «Атамекенге» сыйып жатыр. Бұл этно-мемориалдық кешенді көпшілік ашық аспан астындағы мұражай деп атайды. Еліміздің табиғи құндылықтары, көне жәдігерлер мен Қазақ елінің жетістігі мұнда алақандағыдай көрінеді. Аумағы 1 жарым гектар болатын кешенде кішірейтілген 500-ден астам макет бар. Атамекенді келушілерге мектеп оқушылары аралатып, ел тарихымен таныстырады. Бақытнұр АЮБЕК, экскурсия жүргізуші: - Туристер көп келеді. Аралап көрсең, бізбен бізге қызығып, тарихымызды сұрап таңқалып жатады. Сырт  жақтан келетін қандастарымыз бар. Олар Қазақстанның барлық жерін көрмесе де, өз көзімен көргендей әсер алады.  Еліміздің бүгінгі көрінісі ғана емес, көнеден келе жатқан тарих топтасқан мұражайға келушілер қатары көп.  Шетелдіктер қазақтың тарихын таныса, отандастарымыз «қолда бардың қадірін» тағы бір мәрте түсініп қайтады. Гүлжәмилә МҰХАМЕТҚАЛИЕВА, қала қонағы: -  Ақтаудың, Атыраудың, барлық қаланың макеттерін әкеп салыпты. Теңізсіз соның бірін көрдік. Барлығы керемет әсер қалдырды. Сатыбалды БАЙНАЗАРҰЛЫ, қала қонағы: -  Күллі Қазақстанды, ата-бабамыздың жүрген жерлерін көріп жақсы әсер алдық. Алыс жерлерге бара алмасақ та бәрін көзбен көргендей болып тұрмыз. Елімізде ең алғашқы мұражай 1831 жыл Орынборда ашылған. Содан бері тұтас елдің өмірі мен тарихын баяндайтын орын көбейді. Қазіргі таңда олардың саны 150-ден асады. Десе де, «қазақ елінің ұлттық болмысын танытатын кешен жоқ» дейді мұражайтанушылар. Азамат МӘЛЖАНБАЙ, мұражайтанушы: - Ұлттық бағыттағы мұражайлар бар. Бірақ, қазақтың болмысын, салтын, тағамдарын шынымен көрсететін мұражай болса дейімн. Қазақты танимын десеңдер сол мұражайға барыңдар дейтіндей болса. Бұл күні еліміздің барлық өңіріндегі мұражайлар ашық есік күнімен қатар «мұражай түнін» өткізеді.
18.05.2013 08:31 4649

Бұл мереке 1977 жылы Мәскеуде бастау алған.  Осы күні бүкіл әлемдегі мұражайлар келушілерге есігін айқара ашты.

Сондай-ақ, мұражайды түнде де тамашалауға мүмкіндік туады. Бүгін «Атамекен» этно-мемориалдық кешені көремендерді тағатсыздана күтеді.

Бүгінде Алтай мен Атыраудың арасы, Сарыарқаның кең даласы бір «Атамекенге» сыйып жатыр. Бұл этно-мемориалдық кешенді көпшілік ашық аспан астындағы мұражай деп атайды. Еліміздің табиғи құндылықтары, көне жәдігерлер мен Қазақ елінің жетістігі мұнда алақандағыдай көрінеді. Аумағы 1 жарым гектар болатын кешенде кішірейтілген 500-ден астам макет бар. Атамекенді келушілерге мектеп оқушылары аралатып, ел тарихымен таныстырады.

Бақытнұр АЮБЕК, экскурсия жүргізуші:

- Туристер көп келеді. Аралап көрсең, бізбен бізге қызығып, тарихымызды сұрап таңқалып жатады. Сырт  жақтан келетін қандастарымыз бар. Олар Қазақстанның барлық жерін көрмесе де, өз көзімен көргендей әсер алады. 

Еліміздің бүгінгі көрінісі ғана емес, көнеден келе жатқан тарих топтасқан мұражайға келушілер қатары көп.  Шетелдіктер қазақтың тарихын таныса, отандастарымыз «қолда бардың қадірін» тағы бір мәрте түсініп қайтады.

Гүлжәмилә МҰХАМЕТҚАЛИЕВА, қала қонағы:

-  Ақтаудың, Атыраудың, барлық қаланың макеттерін әкеп салыпты. Теңізсіз соның бірін көрдік. Барлығы керемет әсер қалдырды.

Сатыбалды БАЙНАЗАРҰЛЫ, қала қонағы:

-  Күллі Қазақстанды, ата-бабамыздың жүрген жерлерін көріп жақсы әсер алдық. Алыс жерлерге бара алмасақ та бәрін көзбен көргендей болып тұрмыз.

Елімізде ең алғашқы мұражай 1831 жыл Орынборда ашылған. Содан бері тұтас елдің өмірі мен тарихын баяндайтын орын көбейді. Қазіргі таңда олардың саны 150-ден асады. Десе де, «қазақ елінің ұлттық болмысын танытатын кешен жоқ» дейді мұражайтанушылар.

Азамат МӘЛЖАНБАЙ, мұражайтанушы:

- Ұлттық бағыттағы мұражайлар бар. Бірақ, қазақтың болмысын, салтын, тағамдарын шынымен көрсететін мұражай болса дейімн. Қазақты танимын десеңдер сол мұражайға барыңдар дейтіндей болса.

Бұл күні еліміздің барлық өңіріндегі мұражайлар ашық есік күнімен қатар «мұражай түнін» өткізеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға