Жаңалықтар

Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Сұлтанқожаұлы Майлықожа (1835-1898) - ойшыл, ақын-жырау. Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында туған. Шығармаларының тақырыптық аясы кең. Қоғамдық құбылыстарды терең ашып көрсетіп, күрделі дүниетанымдық көзқарастар иірімдерін танытатын туындылар берген. Өсиеттік, ақылнамалық жырлары мол.   Сабыр - ақылдың серігі. Сабырлық  туралы   Бақ пенен дәулет тең келсе, адамның толар кемелі. Байлық-кедейлік туралы   Жақсының жолы - жарық күн. Жақсы мен жаман туралы   Өңкей жақсы қосылса - бітіреді кеңесті, Өңкей жаман қосылса - шығарады егесті, Мәмілемен іс бітер - бас қосып қалса көп есті. Жақсы мен жаман туралы   Халық ісі дегенде жақсы қалмас тартынып. Жақсы мен жаман туралы   Жаман - мінін жасырып сөйлесе, жақсы - қызметін асырып сөйлейді. Жақсы мен жаман туралы   Өтірік-өсек аңдыған - есерліктің белгісі. Өсек-өтірік туралы   Бағың барда, жігіттер, - тоқталып, сірә, іркілмес, Жұрт қарасын қызығып, бәрекелді деп шіркінге. Адам өмірі туралы   Орынсыз жерде күлу - ақылсыздықтың белгісі. Ақымақтық туралы   Арзымасқа еліріп, бос күлкіге салынып. Ақымақтық туралы   Көпті көрген ер жігіт - көсем болар төселіп. Ғылым-білім, өнер туралы   Әлемге толса көкірек - ашылар көзі сананың. Ғылым-білім, өнер туралы   Елге келген жұмысқа жақсы жүрер қайысып, жаман жүрер майысып. Жақсы мен жаман туралы   Ерінбегеннің еңбегі жанар. Еңбек туралы   Дәулет те біреуден көшіп, біреуге қона береді. Байлық-кедейлік туралы   Тіл - өткір найза. Тіл туралы   Тумақ - сүннет, өлмек - парыз. Адам өмірі туралы   Сыртқа біткен қайыңнан - сазға біткен тал жақсы, Тоя жеген жасықтан - бір асаған май жақсы. Жақсы мен жаман туралы   Қожа мен молдаға - «бер» дегеннен, «жоқ» жақсы, Адамдықты ойласақ - мал мен бақтан ар жақсы. Жақсы мен жаман туралы   Басында батпан міні көп - кісі айыбын тергеген, Дәулет бітсе жаманға - сәлем берер жеңменген. Мінез-құлық туралы   Ақын - елдің тұлпары, Кетпейтін басы кермеден. Адам өмірі туралы   Көңіл - мейман дүниеге. Адам өмірі туралы   Әдебі жоқ жігіттен - насихат айтар шал жақсы. Адам өмірі туралы   Ақ тұйғын келіп ілігер - алдын жайып торласа, Арғымақ ат жығылар - алдын қазып орласа. Төрт түлік мал туралы   Мал аласы - сыртында, адам аласы - ішінде. Мінез -құлық туралы   Аңдысқан мына дүниеде - біреуге-біреу табашы. Жігіттің бағы қайтады - ағайын-жұртын алдаса. Адам өмірі туралы   Түйе - көштің көркі, жылқы - жетекші, қой - береке. Төрт түлік мал туралы   Атыңа батса алтын ер - атып ұр да, отқа жақ, Ынтымақ-үлгі іздесең - қариясы басшы топқа бақ. Адам өмірі туралы   Бақ қонады ұл таңдап, Қонақ қонар үй таңдап. Болымы жоқ бозбала, Бейнеттен қашар бұлтыңдап. Адам өмірі туралы   Жаман әйел көп ұйықтар. Әйел, ана туралы   Жаман болса әйелің - арманда өтер өмірің: артылғандай есекке. Әйел, ана туралы   Жақсы әйел - жігіттің кесектен соққан кентіндей, Сары майға былғаған алуа, шекер, жентіндей. Әйел, ана туралы   Жаман жігіт жер боп тұрып, Сөйлеуін қоймас шалықтап. Жақсы мен жаман туралы   Алғаның жаман жолықса: Үйіңнің іші шаң болар, Ісінің бәрі қам болар. Сол әлімен тұрмайды - Киім таңдап паң болар. Әңгіме, жанжал қоздырар, Өзгеден өзін оздырар, Жиынға киер жібекті - Тезек теріп тоздырар. «Қай жеріңнен тойдым?» деп, «Не көрсетіп қойдың?» деп - Тағы өзіңді жазғырар. Әйел, ана туралы   Жаман әйел - жігіттің тайдырады табанын, тар қылады заманын; Жақсы әйел - жігіттің жақсы қылар жаманын, ұшқыр қылар шабанын. Әйел, ана туралы   Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы.
17.05.2013 08:50 12134

Сұлтанқожаұлы Майлықожа (1835-1898) - ойшыл, ақын-жырау. Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында туған. Шығармаларының тақырыптық аясы кең. Қоғамдық құбылыстарды терең ашып көрсетіп, күрделі дүниетанымдық көзқарастар иірімдерін танытатын туындылар берген. Өсиеттік, ақылнамалық жырлары мол.

 

Сабыр - ақылдың серігі.

Сабырлық  туралы

 

Бақ пенен дәулет тең келсе, адамның толар кемелі.

Байлық-кедейлік туралы

 

Жақсының жолы - жарық күн.

Жақсы мен жаман туралы

 

Өңкей жақсы қосылса - бітіреді кеңесті,

Өңкей жаман қосылса - шығарады егесті,

Мәмілемен іс бітер - бас қосып қалса көп есті.

Жақсы мен жаман туралы

 

Халық ісі дегенде жақсы қалмас тартынып.

Жақсы мен жаман туралы

 

Жаман - мінін жасырып сөйлесе, жақсы - қызметін асырып сөйлейді.

Жақсы мен жаман туралы

 

Өтірік-өсек аңдыған - есерліктің белгісі.

Өсек-өтірік туралы

 

Бағың барда, жігіттер, - тоқталып, сірә, іркілмес,

Жұрт қарасын қызығып, бәрекелді деп шіркінге.

Адам өмірі туралы

 

Орынсыз жерде күлу - ақылсыздықтың белгісі.

Ақымақтық туралы

 

Арзымасқа еліріп, бос күлкіге салынып.

Ақымақтық туралы

 

Көпті көрген ер жігіт - көсем болар төселіп.

Ғылым-білім, өнер туралы

 

Әлемге толса көкірек - ашылар көзі сананың.

Ғылым-білім, өнер туралы

 

Елге келген жұмысқа жақсы жүрер қайысып, жаман жүрер майысып.

Жақсы мен жаман туралы

 

Ерінбегеннің еңбегі жанар.

Еңбек туралы

 

Дәулет те біреуден көшіп, біреуге қона береді.

Байлық-кедейлік туралы

 

Тіл - өткір найза.

Тіл туралы

 

Тумақ - сүннет, өлмек - парыз.

Адам өмірі туралы

 

Сыртқа біткен қайыңнан - сазға біткен тал жақсы,

Тоя жеген жасықтан - бір асаған май жақсы.

Жақсы мен жаман туралы

 

Қожа мен молдаға - «бер» дегеннен, «жоқ» жақсы,

Адамдықты ойласақ - мал мен бақтан ар жақсы.

Жақсы мен жаман туралы

 

Басында батпан міні көп - кісі айыбын тергеген,

Дәулет бітсе жаманға - сәлем берер жеңменген.

Мінез-құлық туралы

 

Ақын - елдің тұлпары,

Кетпейтін басы кермеден.

Адам өмірі туралы

 

Көңіл - мейман дүниеге.

Адам өмірі туралы

 

Әдебі жоқ жігіттен - насихат айтар шал жақсы.

Адам өмірі туралы

 

Ақ тұйғын келіп ілігер - алдын жайып торласа,

Арғымақ ат жығылар - алдын қазып орласа.

Төрт түлік мал туралы

 

Мал аласы - сыртында, адам аласы - ішінде.

Мінез -құлық туралы

 

Аңдысқан мына дүниеде - біреуге-біреу табашы.

Жігіттің бағы қайтады - ағайын-жұртын алдаса.

Адам өмірі туралы

 

Түйе - көштің көркі, жылқы - жетекші, қой - береке.

Төрт түлік мал туралы

 

Атыңа батса алтын ер - атып ұр да, отқа жақ,

Ынтымақ-үлгі іздесең - қариясы басшы топқа бақ.

Адам өмірі туралы

 

Бақ қонады ұл таңдап,

Қонақ қонар үй таңдап.

Болымы жоқ бозбала,

Бейнеттен қашар бұлтыңдап.

Адам өмірі туралы

 

Жаман әйел көп ұйықтар.

Әйел, ана туралы

 

Жаман болса әйелің - арманда өтер өмірің: артылғандай есекке.

Әйел, ана туралы

 

Жақсы әйел - жігіттің кесектен соққан кентіндей,

Сары майға былғаған алуа, шекер, жентіндей.

Әйел, ана туралы

 

Жаман жігіт жер боп тұрып,

Сөйлеуін қоймас шалықтап.

Жақсы мен жаман туралы

 

Алғаның жаман жолықса:

Үйіңнің іші шаң болар,

Ісінің бәрі қам болар.

Сол әлімен тұрмайды -

Киім таңдап паң болар.

Әңгіме, жанжал қоздырар,

Өзгеден өзін оздырар,

Жиынға киер жібекті -

Тезек теріп тоздырар.

«Қай жеріңнен тойдым?» деп,

«Не көрсетіп қойдың?» деп -

Тағы өзіңді жазғырар.

Әйел, ана туралы

 

Жаман әйел - жігіттің тайдырады табанын, тар қылады заманын;

Жақсы әйел - жігіттің жақсы қылар жаманын, ұшқыр қылар шабанын.

Әйел, ана туралы

 

Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға