Жаңалықтар

Венеция Еуропадағы туристер үшін ең қымбат қала деп аталды

Trivago Hotel Price Index  қонақ үй тарифтері порталының талдауына қарағанда, Венеция бағаның жоғары деңгейі жөнінен көшбасшы болды. Биылғы мамыр айында Венецияда орташа есеппен бір тәулік болу 281 еуроға түседі, бұл сәуір айының бағасынан 38 пайыз қымбат. Бұл туралы ЕуроМаг сайты хабарлады.   Суда тұрған рjмантикалық қалада түнде бір қонып шығу бағасы орташа тиісінше 278, 204, 200 және 193 еуроны құрайтын Женева, Лондон, Стокгольм және Париж қалаларын шаң қаптырды. Май айындағы ,f5f туристер жақсы көретін басқа да итальяндық қалаларда шамамен мынадай болды: Флоренцияда  - 165 еуро (20 ℅ өсім), Сиенада - 129 еуро (17℅), Ал Миланда  бұл орайда 14 пайызға арзан болып, орташа есеппен бір түнге 145 еуроны құрады. Егер басқа еуропалық қалаларға қатысты айтар болсақ, Испанияда тәулігіне 63-84 еуро маңайындағы аса қымбат емес қонақ үйлерді табуға болады (Сарагоса, Малага, Валенсия, Бильбао, Гранада). Ал Ригада бір айда баға 43 пайызға өсіп, бір түнге 100 еуроны құрады, Прагада - 148 еуро. ҚазАқпарат.
17.05.2013 03:24 3399

Trivago Hotel Price Index  қонақ үй тарифтері порталының талдауына қарағанда, Венеция бағаның жоғары деңгейі жөнінен көшбасшы болды. Биылғы мамыр айында Венецияда орташа есеппен бір тәулік болу 281 еуроға түседі, бұл сәуір айының бағасынан 38 пайыз қымбат. Бұл туралы ЕуроМаг сайты хабарлады.

 

Суда тұрған рjмантикалық қалада түнде бір қонып шығу бағасы орташа тиісінше 278, 204, 200 және 193 еуроны құрайтын Женева, Лондон, Стокгольм және Париж қалаларын шаң қаптырды. Май айындағы ,f5f туристер жақсы көретін басқа да итальяндық қалаларда шамамен мынадай болды: Флоренцияда  - 165 еуро (20 ℅ өсім), Сиенада - 129 еуро (17℅), Ал Миланда  бұл орайда 14 пайызға арзан болып, орташа есеппен бір түнге 145 еуроны құрады.

Егер басқа еуропалық қалаларға қатысты айтар болсақ, Испанияда тәулігіне 63-84 еуро маңайындағы аса қымбат емес қонақ үйлерді табуға болады (Сарагоса, Малага, Валенсия, Бильбао, Гранада). Ал Ригада бір айда баға 43 пайызға өсіп, бір түнге 100 еуроны құрады, Прагада - 148 еуро.

ҚазАқпарат.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға