Жаңалықтар

Аппақ Байжанов

А. Байжанов Қарағанды көмір бассейнін алғаш ашушы, кен білгірі. 1824 жылы Нұра өңірінің оңтүстігінен 25 км. жердегі Қарағанды мекенінде туып-өскен. Ол жастайынан жергілікті болыстың қойын бақты. 1833 жылы ол жер бетіне шығып жатқан тас көмір қабатын тапты (қазіргі "Северная" шахтасының жері). Көмірдің жанатын қасиетін білетін Аппақ оны өндіріп, жақын маңайдағы ауылдарды отынмен қамтамасыз ете бастады.        А.Байжановтың жаңалығы ол кездері іскер топтардың назарына шалынбады, оның үстіне жергілікті бай-шонжарлар шаруашылықтың дәстүрлі үрдісін бұзғысы келмеді. Қарағандыда 23 жыл өткен соң ғана көмір өндіру басталды. 1856 жылы Қарағанды петропавлдық көпес Н. Ушаковтың қолына өткеннен кейін бұл жерде көмір өндіріле бастады. Қарағанды көмір бассейнін алғаш ашушыға 1999 жылы 29 тамызда кеншілердің кәсіби мерекесін және Қарағанды қаласының 65 жылдығын тойлау кезінде А.Байжановтың ескерткішін ресми ашу рәсімі болды. Ескерткіш облыстық тарихи-өлкетану мұражайының алдына орнатылды. Тастан ойылып жасалған, басында тымағы бар балаң жігіттің тізерлеп отырған, оң тізесінің үстінде қойылған қолында көмірдің сынығы бар ескерткіштің авторы - скульптор Ю.Гуммель. Аппақ есімімен Қарағандыда көше аталған. Аппақ Байжанов 1833 жылы Нұра өзенінен оңтүстікке қарай Қарағандыбасы деген жерде тас көмір кесектерін табады. Ел аузындағы аңызға қарағанда, қазіргі Қарағандыдағы ескі қаланың орнында қалың қараған өседі екен. Сол қарағанның ішінде соңында екі тазысы бар Аппақ деген бір байдың қойшысы қой жайып жүреді. Бір кезде қойдың бір шеті дүр ете қалады. Жалт қараса бір суыр қашып бара жатыр екен, тазылар тұра бастыртады. Бірақ, суырдың іні таяу екен, ініне қояды да кетеді. Күн кешкіріп қалғандықтан Аппақ суырдың інінің аузын таспен бекітіп кетеді. Келесі күні ерте келіп, суырды інінен қазып алады. Сол күні ін түбінен көмір шыққан екен дейді. Әуелде Аппақ оның не екенін білмейді. Қара бояу ма деп ойлайды. Бірсыпырасын үйіне алып келіп жүн бояп көреді. Жүнді тек кірлеткені болмаса жүнге бояу болып жарытпайды. Содан ауыл ақсақалдарына көрсетеді. Олар да шеше алмайды. Бір күні кешкілікте тезектің маздап жанған отын айнала қоршап отырғандар тағы да сарапқа салады. – Бірақ бұл алтын да емес, күміс те емес, жез де емес, ал жәй тас та емес. Не екенін "бір Алла" өзі білсін, - деп отырғанда, бір тас отқа түсіп кетеді. Ол жана бастайды.   Отырғандар: – Тас жанып жатыр, тас жанып жатыр!- деп шу ете қалысады. Басқалар қолындағы тастарын отқа салады, әлгі тас онан сайын қыза жанады. Сол жерде "бұл жәй тас емес", "Жанатын тас" болды деседі. Ертеңінде-ақ сол "Жанатын тас" туралы хабар жоғарғы жерге жеткен екен. Сол тасты тапқан Аппақты бір төре іздеп келген дейді. Аппақ әлгі төреге тасты тапқан жерін көрсетеді. Ол үшін Аппаққа ат тұяғындай алтын, қой тұяғындай күміс берген екен. Карағандыдағы тұңғыш рет ашылған "Қаразабой" деген шахта сол Аппақтың көмірін тапқан жерінен ашылған дейді. Дереккөзі: ardaktylar.kz порталы
16.05.2013 09:07 11444

А. Байжанов Қарағанды көмір бассейнін алғаш ашушы, кен білгірі. 1824 жылы Нұра өңірінің оңтүстігінен 25 км. жердегі Қарағанды мекенінде туып-өскен. Ол жастайынан жергілікті болыстың қойын бақты. 1833 жылы ол жер бетіне шығып жатқан тас көмір қабатын тапты (қазіргі "Северная" шахтасының жері). Көмірдің жанатын қасиетін білетін Аппақ оны өндіріп, жақын маңайдағы ауылдарды отынмен қамтамасыз ете бастады.        А.Байжановтың жаңалығы ол кездері іскер топтардың назарына шалынбады, оның үстіне жергілікті бай-шонжарлар шаруашылықтың дәстүрлі үрдісін бұзғысы келмеді. Қарағандыда 23 жыл өткен соң ғана көмір өндіру басталды. 1856 жылы Қарағанды петропавлдық көпес Н. Ушаковтың қолына өткеннен кейін бұл жерде көмір өндіріле бастады.

Қарағанды көмір бассейнін алғаш ашушыға 1999 жылы 29 тамызда кеншілердің кәсіби мерекесін және Қарағанды қаласының 65 жылдығын тойлау кезінде А.Байжановтың ескерткішін ресми ашу рәсімі болды. Ескерткіш облыстық тарихи-өлкетану мұражайының алдына орнатылды. Тастан ойылып жасалған, басында тымағы бар балаң жігіттің тізерлеп отырған, оң тізесінің үстінде қойылған қолында көмірдің сынығы бар ескерткіштің авторы - скульптор Ю.Гуммель. Аппақ есімімен Қарағандыда көше аталған.

Аппақ Байжанов 1833 жылы Нұра өзенінен оңтүстікке қарай Қарағандыбасы деген жерде тас көмір кесектерін табады. Ел аузындағы аңызға қарағанда, қазіргі Қарағандыдағы ескі қаланың орнында қалың қараған өседі екен. Сол қарағанның ішінде соңында екі тазысы бар Аппақ деген бір байдың қойшысы қой жайып жүреді. Бір кезде қойдың бір шеті дүр ете қалады. Жалт қараса бір суыр қашып бара жатыр екен, тазылар тұра бастыртады. Бірақ, суырдың іні таяу екен, ініне қояды да кетеді. Күн кешкіріп қалғандықтан Аппақ суырдың інінің аузын таспен бекітіп кетеді. Келесі күні ерте келіп, суырды інінен қазып алады.

Сол күні ін түбінен көмір шыққан екен дейді. Әуелде Аппақ оның не екенін білмейді. Қара бояу ма деп ойлайды. Бірсыпырасын үйіне алып келіп жүн бояп көреді. Жүнді тек кірлеткені болмаса жүнге бояу болып жарытпайды. Содан ауыл ақсақалдарына көрсетеді. Олар да шеше алмайды. Бір күні кешкілікте тезектің маздап жанған отын айнала қоршап отырғандар тағы да сарапқа салады. – Бірақ бұл алтын да емес, күміс те емес, жез де емес, ал жәй тас та емес. Не екенін "бір Алла" өзі білсін, - деп отырғанда, бір тас отқа түсіп кетеді. Ол жана бастайды.   Отырғандар: – Тас жанып жатыр, тас жанып жатыр!- деп шу ете қалысады. Басқалар қолындағы тастарын отқа салады, әлгі тас онан сайын қыза жанады. Сол жерде "бұл жәй тас емес", "Жанатын тас" болды деседі. Ертеңінде-ақ сол "Жанатын тас" туралы хабар жоғарғы жерге жеткен екен. Сол тасты тапқан Аппақты бір төре іздеп келген дейді. Аппақ әлгі төреге тасты тапқан жерін көрсетеді. Ол үшін Аппаққа ат тұяғындай алтын, қой тұяғындай күміс берген екен. Карағандыдағы тұңғыш рет ашылған "Қаразабой" деген шахта сол Аппақтың көмірін тапқан жерінен ашылған дейді.

Дереккөзі: ardaktylar.kz порталы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға