Жаңалықтар

Ұрыны ұры тонады

Теміртауда жүк көлігін айдап кеткен ұры өзі де «жер сипап қалды». Бұл туралы «Экспресс К» мәлімдеп отыр. 30 жасар баукеспе-ұры Кирилл Попов бір тонна тауық сандарына толы жүк көлігін айдап кеткен екен. Олжаға кенелген ұры достарымен кездесіп, мұндай оқиғаны атап өтуді жөн көріпті. Сөйтіп, достарын ертіп, жақын маңдағы ауылға 30 келі тауық еті мен алкогольды ішімдіктерді толтырып алып кеткен көрінеді. Араққа сылқия тойып алған еркек уйіне қайтып бара жатып, көлік тізгініне ие бола алмай, көлігі аударылып кетіпті.  Көлікті сол жерде қалдырып, жәрдем сұрауға кеткенінде, бейтаныс біреулер барлық тауық етін жымқырыпты. «Іші күйгеннен» арақты сіміріп отырған алаяқты оқиға орыннан жергілікті полиция қызметкері тауыпты. Теміртау қалалық соты Поповты екі жылға бас бостандығынан айыру шешімін қабылдады. Оған ұрлап әкеткен тауық еттері, жүк көлігінің шығынын өтеуге тура келеді.  Baq.kz
16.05.2013 03:17 3267

Теміртауда жүк көлігін айдап кеткен ұры өзі де «жер сипап қалды». Бұл туралы «Экспресс К» мәлімдеп отыр.

30 жасар баукеспе-ұры Кирилл Попов бір тонна тауық сандарына толы жүк көлігін айдап кеткен екен. Олжаға кенелген ұры достарымен кездесіп, мұндай оқиғаны атап өтуді жөн көріпті. Сөйтіп, достарын ертіп, жақын маңдағы ауылға 30 келі тауық еті мен алкогольды ішімдіктерді толтырып алып кеткен көрінеді. Араққа сылқия тойып алған еркек уйіне қайтып бара жатып, көлік тізгініне ие бола алмай, көлігі аударылып кетіпті. 
Көлікті сол жерде қалдырып, жәрдем сұрауға кеткенінде, бейтаныс біреулер барлық тауық етін жымқырыпты. «Іші күйгеннен» арақты сіміріп отырған алаяқты оқиға орыннан жергілікті полиция қызметкері тауыпты.
Теміртау қалалық соты Поповты екі жылға бас бостандығынан айыру шешімін қабылдады. Оған ұрлап әкеткен тауық еттері, жүк көлігінің шығынын өтеуге тура келеді. 

Baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға