Жаңалықтар

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы

  Соңғы редакциялау: 22 қазан, 2012   Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) – Қазақстан мұсылмандарына діни-руханияттық басшылық жасайтын республикалық бірлестік. Қазіргі Қ. м. д. б-ның негізі 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың басында қалана бастады. 1906 ж. Верныйда Түркістан өлкесі мұсылмандарының 1 құрылтайы өтті, оған 100-ге жуық делегат қатысты. 1943 ж. Ташкентте Орта Азия мен Қазақстан мұсылмандарының алғашқы құрылтайы өтті. Оған Қазақстан делегациясын шейх Абд әл-Ғаффар Шамсутдинов (1884 – 1953) бастап барды. Құрылтайда Орта Азия мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрылып, төрағасы әрі Бас мүфти болып Ишан Бабахан Абдулмаджидхан (1856 – 1957) сайланды. Қазақстанда қазият құрылып, Шамсутдинов қази болып тағайындалды. Ол 1946 жылдан бастап Орта Азия мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қазақстандағы өкілі, Алматы қ-ның имамы қызметін атқарды. 1952 – 72 жылдар аралығында Сәдуақас Ғылмани (1890 – 1972), 1972 – 79 жылдар аралығында Жахия қажы Бейсенбайұлы (1932 – 1997) қази болды. Орта Азия және Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы 1990 жылға дейін Ташкентте орналасқандықтан және кеңестік саясатқа байланысты Қазақстанның діни-рухани өміріне ықпал ете алған жоқ. 1990 жылғы 12 қаңтарда өткен Қазақстан мұсылмандарының тұңғыш құрылтайында дербес Қ. м. д. б. құрылды. Басқарманың тұңғыш төрағасы, Бас мүфтиі Рәтбек Нысанбаев болды. Қазақстан мұсылмандарының жұмысына басшылық жасап, оның жұмысын жүргізетін Бас мүфти басшылық ететін атқарушы орган ҚМДБ аппараты – мүфтият. ҚМДБ-ның 2000 ж. өткен ІІІ құрылтайда төрағасы, Бас мүфтиі болып, профессор Әбсаттар Дербісәлі сайланды. ҚМДБ Ақылдастар алқасы, Қамқорлар кеңесі, ҚМДБ-ның төралқасы және Діни істер, шариат және мешіттер бөлімі, Халықар. байланыс, хаттама және қажылық бөлімі, Діни уағыз, оқу-ағарту секілді бөлімдер мен секторлардан, сондай-ақ, іс басқармасынан тұрады. Басқарманың мақсаты мен міндеті: ислам дінін насихаттау, тарату, Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбар уағыздарының дұрыс насихатталуын қамтамасыз ету, ислам дінінің, Қазақстан мұсылмандарының бірлігін сақтау, діни ұйымдардағы шариаттың толық әрі дұрыс орындалуын қамтамасыз ету, облыстардағы өкіл имамдар арқылы республика мұсылман жамағатының діни мәселелерін шешу, республикада ислам дінін оқытып-үйрететін мамандар даярлау, сондай-ақ, шет елдік діни ұйымдармен, бірлестіктермен, оқу орындарымен қарым-қатынас орнату, діни әдебиеттер, оқулықтар, т.б. қажетті басылымдарды әзірлеу. Басқарма жанынан “Ислам және өркениет” атты газет (2000 жылдың қазанынан) және “Иман” атты журнал (2002 жылдың қарашасынан) шығады. ҚМДБ құрылтайшылығымен ашылған халықар. Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті ун-ті мен имамдар білімін жетілдіруге арналған респ. Ислам ин-ты жұмыс істейді. Ә. Дербісәлі Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том  
09.11.2012 03:57 8735

 

Соңғы редакциялау:

22 қазан, 2012

 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) – Қазақстан мұсылмандарына діни-руханияттық басшылық жасайтын республикалық бірлестік. Қазіргі Қ. м. д. б-ның негізі 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың басында қалана бастады. 1906 ж. Верныйда Түркістан өлкесі мұсылмандарының 1 құрылтайы өтті, оған 100-ге жуық делегат қатысты. 1943 ж. Ташкентте Орта Азия мен Қазақстан мұсылмандарының алғашқы құрылтайы өтті. Оған Қазақстан делегациясын шейх Абд әл-Ғаффар Шамсутдинов (1884 – 1953) бастап барды. Құрылтайда Орта Азия мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрылып, төрағасы әрі Бас мүфти болып Ишан Бабахан Абдулмаджидхан (1856 – 1957) сайланды. Қазақстанда қазият құрылып, Шамсутдинов қази болып тағайындалды. Ол 1946 жылдан бастап Орта Азия мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қазақстандағы өкілі, Алматы қ-ның имамы қызметін атқарды. 1952 – 72 жылдар аралығында Сәдуақас Ғылмани (1890 – 1972), 1972 – 79 жылдар аралығында Жахия қажы Бейсенбайұлы (1932 – 1997) қази болды. Орта Азия және Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы 1990 жылға дейін Ташкентте орналасқандықтан және кеңестік саясатқа байланысты Қазақстанның діни-рухани өміріне ықпал ете алған жоқ. 1990 жылғы 12 қаңтарда өткен Қазақстан мұсылмандарының тұңғыш құрылтайында дербес Қ. м. д. б. құрылды. Басқарманың тұңғыш төрағасы, Бас мүфтиі Рәтбек Нысанбаев болды. Қазақстан мұсылмандарының жұмысына басшылық жасап, оның жұмысын жүргізетін Бас мүфти басшылық ететін атқарушы орган ҚМДБ аппараты – мүфтият. ҚМДБ-ның 2000 ж. өткен ІІІ құрылтайда төрағасы, Бас мүфтиі болып, профессор Әбсаттар Дербісәлі сайланды. ҚМДБ Ақылдастар алқасы, Қамқорлар кеңесі, ҚМДБ-ның төралқасы және Діни істер, шариат және мешіттер бөлімі, Халықар. байланыс, хаттама және қажылық бөлімі, Діни уағыз, оқу-ағарту секілді бөлімдер мен секторлардан, сондай-ақ, іс басқармасынан тұрады. Басқарманың мақсаты мен міндеті: ислам дінін насихаттау, тарату, Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбар уағыздарының дұрыс насихатталуын қамтамасыз ету, ислам дінінің, Қазақстан мұсылмандарының бірлігін сақтау, діни ұйымдардағы шариаттың толық әрі дұрыс орындалуын қамтамасыз ету, облыстардағы өкіл имамдар арқылы республика мұсылман жамағатының діни мәселелерін шешу, республикада ислам дінін оқытып-үйрететін мамандар даярлау, сондай-ақ, шет елдік діни ұйымдармен, бірлестіктермен, оқу орындарымен қарым-қатынас орнату, діни әдебиеттер, оқулықтар, т.б. қажетті басылымдарды әзірлеу. Басқарма жанынан “Ислам және өркениет” атты газет (2000 жылдың қазанынан) және “Иман” атты журнал (2002 жылдың қарашасынан) шығады. ҚМДБ құрылтайшылығымен ашылған халықар. Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті ун-ті мен имамдар білімін жетілдіруге арналған респ. Ислам ин-ты жұмыс істейді.

Ә. Дербісәлі

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға