Жаңалықтар

Қазақ эстрадасы

  Соңғы редакциялау: 22 қазан, 2012   Қазақ эстрадасы – ұлттық сахна өнерінің концерттік-сауықтық түрі. Эстрада ұғымының нышандары ертеде қалыптаса бастағанын байқауға болады. Осыған орай Қ. э-н үш түрлі тарихи дәуірге жіктеуге болады: 1) Қазан төңкерісіне дейінгі кезең. Оған 18 – 19 ғ-да өмір сүрген күлдіргі өнерпаздар жатады. Олар әжуа, қалжың, шымшыма, сықақ, тапқырлық арқылы адам бойындағы қулық, сараңдық, іштарлық, күншілдік секілді жағымсыз қасиеттерді әшкерелеп, жұртшылыққа ән-өлең, айтыс үлгісінде жеткізіп отырған. Ел арасындағы той-жиындарда танылған сондай шаншарлар – Айдарбек, Күндебай, Текебай, Тонтай, Торлықбай, т.б. 2) 20 ғ-дың бас кезіндегі Қ. э. – жаңа құбылыс болды. Бұл кезеңде көпшілікке арналған әндерді шығарушы авторлар мен орындаушылар қалыптасты. Кеңес дәуіріндегі Қ. э-ның қалыптасуына композиторлар А.Жұбанов, Е.Брусиловский, Л.Хамиди, әншілер: Ж.Омарова, Р.Қойшыбаева, Р.Бағланова, Б.Төлегенова, Е.Серкебаев, ағайынды Абдуллиндер, т.б. елеулі үлес қосты. Муз. эстрадамен қатар көркем сөз оқу шеберлері де қалыптасты. Олардың қатарында Қ.Қуанышбаев, Е.Өмірзақов, С.Қожамқұлов, Ә.Жолымбетов, т.б. есімдерді атауға болады. 3) Қ. э-ның кәсіби сипатқа ие болу кезеңі – 20 ғ-дың 2-жартысы. Бұл қазақ ән өнерінің жалпыхалықтық сипатқа ие бола бастаған тұсы. 50 – 80-ж. Қ. э-ның көкжиегіне Б.Байқадамов, Ә.Есбаев, Ш.Қалдаяқов, Н.Тілендиев, Е.Хасанғалиев, Ә.Бейсеуов, Т.Базарбаев, С.Бәйтереков, К.Дүйсекеев сынды сазгерлер көтеріліп, шығармалары ел арасына кеңінен тарады. Көпшілікке арналған ән жанрының дамуымен қатар оны орындайтын эстрада әншілерінің өзіндік мәнері қалыптасты. С.Әбусейітов, Л.Кесоглу, В.Қармысова, З.Қойшыбаева, С.Тыныштығұлова, М.Мұсабаев, Р.Мұсабаев, Н.Нүсіпжанов, А.Қоразбаев, Қ.Құлыш, С.Нұрмағамбетова, Р.Рымбаева, А.Сембин, Б.Сәмединова, Ж.Айжанова, Н.Өнербаев, т.б. әншілерді атауға болады. “Гүлдер”, “Дос-Мұқасан”, “Арай”, “Ариран”, “Алатау”, “Яшлық”, “Жайық қызы”, “Сыр сұлуы”, “Жетісу”, “Ұлытау” ән-би және эстрадалық ансамбльдері Қ. э-ның дамуына зор ықпал етті. Кәсіби сипаттағы Қ. э-ның қалыптасуы 1965 ж. Г.Ғалиева ұйымдастырған эстрада-цирк өнері студиясының ашылуымен тығыз байланысты. Оның жанынан әнші, термеші артистер даярланып, Ж.Елебеков, Ғ.Құрманғалиев, Қ.Байбосынов, Ж.Кәрменов, т.б. дәріс берді. Еліміз егемендік жолына түскелі Қ. э. жаңа сипатқа ие болды. “Қымызхана”, “Тамаша” ойын-сауық отаулары Т.Жаманқұлов, Қ.Сұлтанбаев, Т.Құлыбеков, М.Нұрекеев, т.б. есімдерін көпшілікке танытты. Сонымен қатар республикамызда эстрадалық ән орындаушыларының “Жас қанат”, Ә.Бейсеуов атындағы “Армандастар” ән байқаулары өткізіліп келеді. Соңғы жылдары “Алтын диск” байқауы мен “Азия дауысы” халықар. фестивалі тұрақты өткізілуде. Бұл байқауларға қатысқан көптеген жас дарындарымыз – композиторлар мен әншілер өз өнерлерін дүниежүз. деңгейде паш етті. “Азия дауысы” халықар. эстрадалық форумның басты мақсаты – қазақ музыкасының ынтымақтастықты қалыптастырудағы рөлін айқындау болып табылады. Оның жюри құрамына АҚШ, Англия, Африка, т.б. елдердің әйгілі өнерпаздарының кіруі соны аңғартады. “Азия дауысы” фестивалі аясында М.Жүнісова, Б.Исаев, Б.Шадаева, М.Байтасов, Б.Қажымұқанов, Г.Оразымбетова секілді әншілер, “Роксанаки”, “Жерұйық” топтары лауреат және дипломанттар атанды. Қ. э-ндағы жаңа процестер қатарында комп. Ж.Еңсепов пен күйші А.Еңсеповтердің шығарм. ізденісін атауға болады. Олар домбыра аспабын жаңа технол. мүмкіндіктермен үйлестіріп қолдана бастады. Осылайша қазақ муз. мұрасын өздері “ДЭККО” (“Домбыра. Эстрада. Күй. Компьютер. Орындаушы”) деп атаған жаңа бағытта көпшілік тыңдарманға, шет елдерде (Франция, АҚШ, Англия, Германия, Корея, Израиль, Түркия, т.б.) кеңінен насихаттап, халықар. байқауларда жүлделі орындарға (Ыстықкөл-98, Гран-при) ие болды. Бүгінгі Қ. э-ның аяқ алысы да табыстарға толы. Есімдері елге танымал Рымбаева, Жүнісова, М.Ералиевалардың ізін баса А.Мейірбеков, Б.Тайлақбаев, Г.Сиқымбаева, М.Қазтұрғанова, М.Ілиясова, Ж.Ысқақова, Р.Стамғазиев, М.Арынбаев, Қ.Болманов, Д.Таңатаров, Т.Серіков, М.Беспаев, С.Жолбарыс, Н.Байкөзов, Г.Қаспақова секілді талантты әнші-орындаушылар мен жас композиторлар шықты. Олар Қ. э-ның өсіп өркендеуіне өзіндік үлес қосып, эстрадалық және халықтық ән дәстүрін одан әрі дамытып, жетілдіріп келеді. К.Дүйсекеевтің “Қарағым-ай”, Т.Рахымның “Алтайдың ар жағынан келген ару”, Т.Шапайдың “Дариға, дәурен” атты әндері бүгінгі Қ. э-ның жемісі. Т. Қоңыратбай Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том  
09.11.2012 03:55 20398

 

Соңғы редакциялау:

22 қазан, 2012

 

Қазақ эстрадасы – ұлттық сахна өнерінің концерттік-сауықтық түрі. Эстрада ұғымының нышандары ертеде қалыптаса бастағанын байқауға болады. Осыған орай Қ. э-н үш түрлі тарихи дәуірге жіктеуге болады: 1) Қазан төңкерісіне дейінгі кезең. Оған 18 – 19 ғ-да өмір сүрген күлдіргі өнерпаздар жатады. Олар әжуа, қалжың, шымшыма, сықақ, тапқырлық арқылы адам бойындағы қулық, сараңдық, іштарлық, күншілдік секілді жағымсыз қасиеттерді әшкерелеп, жұртшылыққа ән-өлең, айтыс үлгісінде жеткізіп отырған. Ел арасындағы той-жиындарда танылған сондай шаншарлар – Айдарбек, Күндебай, Текебай, Тонтай, Торлықбай, т.б. 2) 20 ғ-дың бас кезіндегі Қ. э. – жаңа құбылыс болды. Бұл кезеңде көпшілікке арналған әндерді шығарушы авторлар мен орындаушылар қалыптасты. Кеңес дәуіріндегі Қ. э-ның қалыптасуына композиторлар А.Жұбанов, Е.Брусиловский, Л.Хамиди, әншілер: Ж.Омарова, Р.Қойшыбаева, Р.Бағланова, Б.Төлегенова, Е.Серкебаев, ағайынды Абдуллиндер, т.б. елеулі үлес қосты. Муз. эстрадамен қатар көркем сөз оқу шеберлері де қалыптасты. Олардың қатарында Қ.Қуанышбаев, Е.Өмірзақов, С.Қожамқұлов, Ә.Жолымбетов, т.б. есімдерді атауға болады. 3) Қ. э-ның кәсіби сипатқа ие болу кезеңі – 20 ғ-дың 2-жартысы. Бұл қазақ ән өнерінің жалпыхалықтық сипатқа ие бола бастаған тұсы. 50 – 80-ж. Қ. э-ның көкжиегіне Б.Байқадамов, Ә.Есбаев, Ш.Қалдаяқов, Н.Тілендиев, Е.Хасанғалиев, Ә.Бейсеуов, Т.Базарбаев, С.Бәйтереков, К.Дүйсекеев сынды сазгерлер көтеріліп, шығармалары ел арасына кеңінен тарады. Көпшілікке арналған ән жанрының дамуымен қатар оны орындайтын эстрада әншілерінің өзіндік мәнері қалыптасты. С.Әбусейітов, Л.Кесоглу, В.Қармысова, З.Қойшыбаева, С.Тыныштығұлова, М.Мұсабаев, Р.Мұсабаев, Н.Нүсіпжанов, А.Қоразбаев, Қ.Құлыш, С.Нұрмағамбетова, Р.Рымбаева, А.Сембин, Б.Сәмединова, Ж.Айжанова, Н.Өнербаев, т.б. әншілерді атауға болады. “Гүлдер”, “Дос-Мұқасан”, “Арай”, “Ариран”, “Алатау”, “Яшлық”, “Жайық қызы”, “Сыр сұлуы”, “Жетісу”, “Ұлытау” ән-би және эстрадалық ансамбльдері Қ. э-ның дамуына зор ықпал етті. Кәсіби сипаттағы Қ. э-ның қалыптасуы 1965 ж. Г.Ғалиева ұйымдастырған эстрада-цирк өнері студиясының ашылуымен тығыз байланысты. Оның жанынан әнші, термеші артистер даярланып, Ж.Елебеков, Ғ.Құрманғалиев, Қ.Байбосынов, Ж.Кәрменов, т.б. дәріс берді. Еліміз егемендік жолына түскелі Қ. э. жаңа сипатқа ие болды. “Қымызхана”, “Тамаша” ойын-сауық отаулары Т.Жаманқұлов, Қ.Сұлтанбаев, Т.Құлыбеков, М.Нұрекеев, т.б. есімдерін көпшілікке танытты. Сонымен қатар республикамызда эстрадалық ән орындаушыларының “Жас қанат”, Ә.Бейсеуов атындағы “Армандастар” ән байқаулары өткізіліп келеді. Соңғы жылдары “Алтын диск” байқауы мен “Азия дауысы” халықар. фестивалі тұрақты өткізілуде. Бұл байқауларға қатысқан көптеген жас дарындарымыз – композиторлар мен әншілер өз өнерлерін дүниежүз. деңгейде паш етті. “Азия дауысы” халықар. эстрадалық форумның басты мақсаты – қазақ музыкасының ынтымақтастықты қалыптастырудағы рөлін айқындау болып табылады. Оның жюри құрамына АҚШ, Англия, Африка, т.б. елдердің әйгілі өнерпаздарының кіруі соны аңғартады. “Азия дауысы” фестивалі аясында М.Жүнісова, Б.Исаев, Б.Шадаева, М.Байтасов, Б.Қажымұқанов, Г.Оразымбетова секілді әншілер, “Роксанаки”, “Жерұйық” топтары лауреат және дипломанттар атанды. Қ. э-ндағы жаңа процестер қатарында комп. Ж.Еңсепов пен күйші А.Еңсеповтердің шығарм. ізденісін атауға болады. Олар домбыра аспабын жаңа технол. мүмкіндіктермен үйлестіріп қолдана бастады. Осылайша қазақ муз. мұрасын өздері “ДЭККО” (“Домбыра. Эстрада. Күй. Компьютер. Орындаушы”) деп атаған жаңа бағытта көпшілік тыңдарманға, шет елдерде (Франция, АҚШ, Англия, Германия, Корея, Израиль, Түркия, т.б.) кеңінен насихаттап, халықар. байқауларда жүлделі орындарға (Ыстықкөл-98, Гран-при) ие болды.

Бүгінгі Қ. э-ның аяқ алысы да табыстарға толы. Есімдері елге танымал Рымбаева, Жүнісова, М.Ералиевалардың ізін баса А.Мейірбеков, Б.Тайлақбаев, Г.Сиқымбаева, М.Қазтұрғанова, М.Ілиясова, Ж.Ысқақова, Р.Стамғазиев, М.Арынбаев, Қ.Болманов, Д.Таңатаров, Т.Серіков, М.Беспаев, С.Жолбарыс, Н.Байкөзов, Г.Қаспақова секілді талантты әнші-орындаушылар мен жас композиторлар шықты. Олар Қ. э-ның өсіп өркендеуіне өзіндік үлес қосып, эстрадалық және халықтық ән дәстүрін одан әрі дамытып, жетілдіріп келеді. К.Дүйсекеевтің “Қарағым-ай”, Т.Рахымның “Алтайдың ар жағынан келген ару”, Т.Шапайдың “Дариға, дәурен” атты әндері бүгінгі Қ. э-ның жемісі.

Т. Қоңыратбай

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға